20 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Суицид жасаған адамды қайда жерлесе де, оны марқұмның туыстары шешеді - имам

02 февраль 2018, 15:24
Бүгінде Қазақстанның бірқатар елді мекенінде суицид жасағандар бөлек жерленеді. Өз-өзіне қол жұмсағандарды бір зираттың ішінде бөлек жерлеуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы келісім бермейді. Бұл мәселе сол елді мекеннің жергілікті тұрғындары, оның ішінде ақсақалдар алқасының ұйғарымы арқылы шешіледі. Sputnik Қазақстан агенттігі жолдаған сауалға мүфтият осылай деп жауап берді.

Бұған дейін Ақмола облысы Көкшетау қаласына қарасты Красный Яр елді мекенінде суицид жасағандар бөлек жерленетінін хабарлаған едік. Мұндай бастаманы Красный Яр мешітінің бас имамы Науан Мүтәлұлы көтерген. Аталған ауылда өз-өзіне қол жұмсағандар 2010 жылдан бері бөлек жерленеді екен. Біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан мұның қаншалықты дұрыс екенін және мұндай мәселе мүфтиятпен келісіле ме, жоқ па соны сұраған едік.

"Жалпы, шариғатта өзіне-өзі қол жұмсауға қатаң тыйым салынады. Бұл – кісі өлтіргеннен де ауыр күнә. Алайда адамның бойындағы рухани, имани әлсіздік пендені осындай жаман жолға итермелейді. Аталған елді мекендегі бөлек жерлеу мәселесінің астарында да осы шариғат талаптары жатыр. Бірақ біздің бүгінгі қоғамымыз бұған дайын ба деген сауал туатыны анық. Жақыны өмірден өтіп жатқанда "бұл өзіне-өзі қол жұмсады" деп олардан теріс айналып кетуге бола ма?! Сондықтан, ондай өлімнің ауыр екенін түсінуіміз керек. Бір зираттың ішінде бөлек жерлеу мәселесін үлкендер көтергендіктен, біз оларға қарсы шыға алмаймыз. Өлген адамды қайда, қалай жерлейді, оны марқұмның ең жақындары шешетін мәселе. Сондықтан, өзіне қол жұмсағандарды бір зираттың ішінде бөлек жерлеу жергілікті тұрғындармен, оның ішінде ақсақалдар алқасының ұйғарымымен шешілгендіктен, мүфтият бұған еш араласа алмайды", — деді ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкіл имамы Қуаныш Сәбит.

Имамның ақпаратынша, суицид жасағандар тек Красный Яр елді мекенінде ғана емес, Ақмола облысының бірқатар ауылында бөлек жерленеді.

"Мұндай бөлек жерлеу рәсімдері Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты бірқатар ауылда жолға қойылған. Бұл бастаманың әрісі он жыл, берісі бес-алты жылдан жалғасып келе жатқанын да айтар едік. Яғни, бұл жайдың тәрбиелік жағы маңыздырақ сияқты. Осы елді мекендерде өзіне-өзі қол жұмсау оқиғалары азайғаны да бұған айқын мысал бола алады", — дейді ол.

Айтуынша, суицид өлімі жөнінен Қазақстан, өкінішке қарай, алдыңғы орындардың бірінде тұр. Сондықтан халықтың санасын оятып, өзіне қол жұмсау ауыр күнә екенін жеткізу аса маңызды.

"Дін – өте нәзік нәрсе, оның ішкі шариғи талаптарын алға тартып, оған елді қарсы бағыттау жақсылыққа апармайды. Қазақ елі зайырлы мемлекет екенін де естен шығармаған жөн. Бірақ, түптің түбінде халықтың діни санасы артып, мұндай мәселелер өз орайымен шешілетін болады", — делінген жауапта.

Нұргүл Абай
Просмотров материала: 4 684

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 636 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 218 318 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 217 824 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 217 862 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 218 237 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 625 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 659 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 983 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 654 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 700 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 896 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 822 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 930 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 585 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 458 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 413 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 696 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 443 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 851 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 647 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 464 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 305 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 159 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 508 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 397 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 885 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 242 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 212 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 453 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 846 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 196 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 143 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 279 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 216 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 452 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 593 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930