20 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Марқұмның үш күндігін, жетісін, қырқын бір күнде беру керек - имам

31 январь 2018, 12:37
Атырау облысының бас имамы Батыржан қажы Берденұлы жаназа және жерлеу рәсімдеріне қатысты бірқатар ұсыныстар жасаған екен. Бұл кісі марқұмның үш күндік, жеті күндік және қырық күндік қаделерін бір күнге өткізу тәжірибесі енгізу мәселесін де көтеріп отыр. Дегенмен, бұл ұсыныста діни асыра сілтеушілік байқалады. Баяғы коммунистік идеология да осындай асыра сілтеушілік салдарынан құрдымға кеткен еді.

«Саралап қарасақ, үш күнге бір бөлек, жеті күнге бір бөлек, қырық күнге бір бөлек дастархан жая беру, оның барлығы сайып келгенде, ысырапшылдыққа жол ашады. Әрі осы қаделердің қай қайсына да сол таныс адамдары айналып қатыса береді. Егер, қаделерді біріктіріп, бір күнді белгілейтін болсақ, былайғы жұрттың уақытын да үнемдер едік. Әрі бұл шаңыраққа да ыңғайлы болады», – деген екен бас имам Батыржан қажы Берденұлы.

Имамдар қазақ дәстүрінен діни түсініктер арқылы араб мәдениетіне, дүниетанымына жақын деңгейде ойлана бастағанын аңғару қиын емес. Ол кісінің халықтың уақыты мен жағдайын ойлауы – жай ғана сынықтан сылтау іздеу. XIX-XX ғасырдың өзінде түрік халықтарының бір жағы орыстанып, бір жағы араб-парсыланып жатқанда қазақ өзінің төл дүниетанымы мен дәстүрін, тілін сақтап қалған ұлт еді. Тіл мәдени контаминациялардың көрсеткіші десек, қазақ тілі туралы Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан “Анық түрiк затты халық тiлi бiздiң қазақта” деп кесіп айтқан еді. Бүгінде жетісін, кей жерде тоғызын, қырықын, жылдық асын беру – біршама түрік текті халықтарда сақталған. Енді, біз өз тегімізден жерініп, олардан кері кетіп, араб болуымыз керек пе екен?

Арабтарда аруақ ұғымы жоқ. Олар үшін өмірден қайтқан адамның тірілер арасында еш орны жоқ. Ал біздің қазақта керісінше.

Ертеде тойдың ең үлкені – аруақтарға арналып жасалатын ас еді. Бүгінде тойдың ең үлкені жастардың үйлену тойы болып өзгерді. Неге асты ұланасыр етіп өткізетін еді? Өйткені, бабалардың жүріп өткен жолын осы аста насихаттайтын болған. Жыршылар аруақтың ерлігін таң асырып жырлайтын болған. Ұлтымыздың бар асылының (ұлттық тағам, ұлттық спорт, ұлттық өнердің сан түрі) бәрі қазақтың астарында көрініс тапқан. Өнегелі сөздер мен ерліктерді, қариялардың қазыналы әңгімелерін, би-шешендердің келелі жиындары арқылы ұлттық құндылықтарды жастар осындай астарда бойларына сіңіретін болған.

Ежелде ұлы қағандарға арнап арнайы еске алу кешенін тұрызып, тас мүсінін орнатып, құрбандық шалу орындарын әзірлеген. Тіпті жоқтау жырын бітік тастарға қашап жазған. Қазақтың жоқтау дәстүрі ерте дәуірлерден бастау алып тұр. Біз сол заманда-ақ қайтыс болған адамның бет-бейнесін ғана емес, тасқа жазылған жоқтау жыры арқылы сүрген өмірін, жеткен жетістіктерін де ұрпаққа қалдыра білетін едік…

Ондай астатөк ас өткізбесек те марқұмның жасаған жақсылығын көбірек айтып, балаларға үлгі етудің қандай сөкеттігі бар? “Аруағын ардақтаған ел азбайды”, “Өліні құрметтеу тірі үшін”, “Өлі разы болмай, тірі баймайды” деген тәрізді қазақтың қасиетті сөздерін қайда қоямыз? Қазақ барған сайын аруақты еске алудан да қалып барады. Онсыз да барымыз ит-құсқа жем болып жатқанда өмірге әкеліп, ел еткен, жерімізді жандарын беріп қорғаған бабаларымызға тіпті ас өткізуге жарымағанымыз ба?

Дәстүрді, ұлттық ерекшеліктерді жою бір күнде жүрмейді. Біртіндеп жүзеге асады. “Ысырапшылдық жасап, дастарханды толтырмаңыздар” деді. Оған көңдік. Шын мәнінде жер басып жүргенімізге қайтыс болған бабаларымыз, ата-аналарымыз алдында шексіз қарыздар болсақ та, олардың құрметіне дастархан жаймауымыз керек пе? “Аруақтар тие берсін” деп ас тірілерге емес, марқұмдарға арналады емес пе? Бұл мәселеде “мыңқ” демедік. Енді жетісі мен қырқына ауыз салып отыр екен. Тағы да үн шығармасақ, бүкіл дәстүрімізді жоқ қылатын түрі бар ғой. Ертең тіпті ата-бабаларыңызды ауызға алып мүлде еске алмаңыздар десе қуана-қуана қоштайтындар табылуы бек мүмкін.

Шын мәнінде марқұмды шығарып салу рәсімін әркім өз шамасына қарай жасайды. Оған тағы ел-жұрты қарайласып, қолдау көрсетеді. Сол себепті, дін қызметкерлерінің аруақты еске алу шараларына тыйым салуы еш негізсіз.

Арман Әубәкір

ДЕРЕККӨЗ: Abai.kz
Просмотров материала: 4 154

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 637 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 218 320 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 217 825 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 217 863 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 218 238 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 625 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 659 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 983 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 654 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 700 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 896 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 822 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 930 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 585 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 458 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 413 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 696 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 443 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 851 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 647 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 464 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 305 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 159 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 508 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 397 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 885 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 242 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 212 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 453 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 846 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 196 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 143 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 279 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 216 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 452 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 593 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930