22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"АЙТПАСА СӨЗДІҢ АТАСЫ ӨЛЕДІ" - МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД

21 ноябрь 2017, 16:27
"АЙТПАСА СӨЗДІҢ АТАСЫ ӨЛЕДІ" - МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД Мемлекетіміз тәуелсіздік алған жылдардан бері мен Елбасының жанында қызмет етіп келемін. Егемендігіміздің еңсесін тіктеген тарихи оқиғалардың куәсі болып, бел ортасында жүрдім.

Президентіміздің әлемдегі небір азуын айға білеген алпауыт елдердің мемлекет басшыларымен өткен кездесулеріне қатысып, көрген-білгендерімді талай мәрте жаздым, түрлі деректі фильмдерде көрсеттім. Алла бұйыртса, көкейде қалған көрікті ойларды кеңінен көсіліп жазатын уақыт та келер.

Қазақта «Айтпаса сөздің атасы өледі» деген мәтел бар. Ежелден төсекте басы, төскейде малы қосылған, тамырлас, туыстас қазақ пен қырғыздың арасына барған сайын жік түсіріп бара жатқан шетін мәселеге қатысты үн қосуды азаматтық парызым деп санаймын.


Қазақ не айтса да тауып айтқан ғой. Халқымызда, кім, қашан айтқаны белгісіз «Сөз – Құдайдың бір аты» деген қанатты сөз бар. «Кім», «қашан» деп ежіктеп отырғаным, дәл осы сөз Ұлы Жаратушыдан түскен қасиетті төрт кітаптің бірі «Інжілде» де кездеседі.

Оның Иоаннан жеткен бір тармағында: «Әуелі сөз болған. Ол құдаймен келген. Сөз – Құдайдың өзі» делінген. «Інжілдің» үш сөйлемін қазақ даналығы бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған. Сөз – өте қуатты қару. Әйтпесе, аталарымыз: «Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар» деп айтар ма еді? Қазір әлеуметтік желі атаулыны ашып қалсаң да, компьютердің тетігін басып қалсаң да Атамбаевтың қазақ пен қырғыз арасына от тастаған сөздері желдей есіп тұр.

Білдей бір үлкен мемлекетті басқарып отырған президенттің аузынан қайта-қайта шығып жатқан былапыт сөздер, екі ел арасына іріткі салып, алатайдай бүлдіруде. Бойында ұлттық намысы бар азаматтың оған шыдауы мүмкін емес. Айдың күні аманында Атамбаевты не түлен түртті? Біз оның басқаша сайраған кезін де өз кө­зімізбен көріп, құлағымызбен тың­да­ған­быз. Енді сіз де оған назар салыңыз.

Атамбаев 2014 жылдың қараша­сында Қазақстанға келген ресми сапарын: «Я признался в узком кругу, что я всегда жалел о том, что не у нас первый президент был Назарбаев. Вы все-таки цените, берегите своего Президента», – деген мақтаумен бас­тап, «Я мало кого хвалю, Вы на самом деле, Нурсултан Абишевич, великий человек с щедрой душой, и, наверное, Бог поэтому Вас любит, и, наверное поэтому Бог так много дает Вам и Казахстану. И не зря за эти годы такой рывок сделан в Казахстане», – деген сөздермен аяқтады (дәйекше түпнұсқа тілінде бір сөзі өзгерместен берілді).

Жай ғана «деген» жоқ, екі қолын кезек-кезек сермеп, есіле, егіле сөйлеген. Осындай «жүрекжарды» лебіз білдірген қырғыз Президентінің данышпан Абай айтқандай: «Дөң айналмай ант атып, ар жағы бүксіп, бықситынын» ол кезде, біз, әрине, білген жоқпыз. Атамбаевтың сауаты шамалы адам екенін Қазақстанға келген сапарында: «Революцияға дейінгі қазақтар туралы деректер үнемі қырғыздар жайлы зерттеулерде берілген», – деген сөзінен-ақ байқағанбыз.

Мен кандидаттық диссертациямды «Орыс энциклопедияларындағы қазақ тарихынан» қорғадым. Революцияға дейін қазақтар «киргизы» немесе «киргиз-кайсаки» деген атаумен, ал қырғыздар «кара киргизы», «буруты», «дикокаменные киргизы» деп берілген (Энциклопедический словарь «Брокгауз – Ефрон», 1895 жыл, 15 том, 101-бет). Тіпті, Қазақ автономиялық республикасы 1920-25 жылдары Қырғыз АССР-і деп аталып, 1924 жылы Орта Азияда жүргізілген әкімшілік-территориялық бөліністен кейін ғана дүниеге келген РСФСР құрамында қырғыздар автономиясы ресми түрде «Қара-қырғыз автономиялық облысы» деп аталған.

Ал Атамбаев «киргизы» деген зерттеулерді оқымай-ақ сыртынан бәрін түгел қырғызға тиесілі деп келген. Биыл жазда теледидарды қосып қалсам Атамбаев: «Для нас, киргизов, Россия – это наша историчес­кая прародина», – деп соғып тұр. Жағамды ұстадым. Біз білетін «Манаста» қырғыздар Алтайдан Алатауға қоныс аударғанда түбі бір түркі жұртының алтын бесігі – Алтайда сары орыстың өзі түгіл, ізі де болмаған. Ал 2015 жылы Түркияға барған сапарында ол: «...каждый кыргыз знает, что для кыргызов Турция – путе­водная звезда, Родина-мать, указы­вающая нам дорогу», – деп соққан еді.

Ұлтын сүйетін азаматта бір ғана ана, бір ғана Отан болады. Осы екі қасиетті ұғымды біз бір қауызға сыйдырып, «Отан-Ана» дейміз.

Ол – әркім үшін өзінің, ата-бабасының кіндік қаны тамған жері. Саясат үшін талай нәрсені айтуға болар-ау, бірақ ел аман, жұрт тынышта «Отан-Ананы» айырбастау мүлде ақылға сыймайтын нәрсе. «Бақсам – бақа екен» дегендей Атамбаевты кешіруге әбден болады екен?! Себебі, ол өзінің қайдан шыққанын тіптен білмейтін болып шықты?! Дәл осы жерде жұрт маған «тым артық кетті-ау» дейтін де болар. Ендеше айтар уәжімнің дәлелі мен дәйегін Атамбаевтың өз аузынан тыңдап көріңіз.

Ол өзінің 2011 жылдың 21 мамырында берген сұхбатында: «Я плохо знаю свою родословную. Знаю, что в моем роду были революционеры, но откуда мы родом неизвестно», деген екен.

Кезінде Атамбаевтың: «Қазақты Шыңғыс хан тұқымы билеп келген» деген бесінші сыныптың баласына дейін мәлім аксиоманы кінәрат ретінде алға тартқанда, апырай, мына кісі Шыңғыстың бір тұқымы Құбылай – Қытайды, Жошы ұрпағы – орыс, қазақты, Шағатай әулеті – қырғыз, өзбек, түркіменді, Құлағу жұрағаты кавказ, араб, парсы жұртын билегенін білмегені ме? Қазақ XV ғасырдан дербес хандық ретінде бөлініп шыққанда, қырғыздар орыс отарлығына дейін Қоқан хандығына қарап келгенінен еш хабарсыздығына таң-тамаша қалып едік.

Сөйтсек, ол өз ұлтының тарихын қойып, ата-бабасының қайдан тарайтынын мүлде білмейтін болып шықты. Кейінгі кезде Атамбаевтың аузынан мемлекет басшысы түгіл, есі дұрыс адам айта қоймайтын сөздер шыға бастады. Президент орынтағында емес, құдды бір түрмеде немесе ауруханада отырған адамға тән «шестерка», «козел», «мангурт», «идиоты», «вонючие», «уроды», «дерьмо», «бараны» деген сөздерді оңды-солды судай сапыратын болды.

Бұл – тек жазуды көтеретіндері ғана. Көтермейтіні қаншама. Мен әр сөзіме әрдайым абайлап қарайлайтын адаммын. Жоға­ры­да «аурухана» сөзін де эмоцияға беріл­гендіктен келтіріп отырған жоқпын. Кезінде Викиликс Қырғызстанда АҚШ-тың елшісі болған Стивен Янгтың: «Атамбаев страдает серьезными психическими расстройствами, от которых он периодически лечился в одном турецком военном госпитале. Заболевание характеризуется резкими сменами настроения, периодами неадекватного поведения, вспышками необоснованного гнева и параноидальным синдромом, выражающимся в бреде пациента, что его хотят убить. Так, 22 мая 2007 г. он заявил о «покушении» на свою персону: «Меня отравили в моем рабочем кабинете. Дали стакан воды, я выпил, после чего два дня находился без сознания». Злоупотребления алкоголем только усугубляют состояние психики пациента» деген пікірін жариялады.

Міне, тәжірибелі дипломаттың дәл осындай бағасынан кейін Атамбаевтың сөзінің де, өзінің де парқы түп-түгелімен орын-орнына келе қалады. Басында Атамбаевтың бұл әрекетін мен қулық шығар деп ойлаушы едім. Данышпан Абай мұндайлардың да диагнозын: «Қулық емес, бұл – бір – дерт, Тұрлауы жоқ құбылып» деп баяғыда-ақ беріп кеткен екен. Бұған не алып-қосуға болады? Атамбаев қырғыз тарихында несімен қалады? Тым арыға бармай-ақ, кез келген елдің даму деңгейін анық көрсететін екі-ақ дерек келтірейік.

Ол билікке келгеннен кейінгі 2012 жылы Қырғызстанның ішкі жалпы өнімі 6,6 миллиард доллар болса, өткен жылы ол 6,5 миллиардқа кетті. Иә, біз айтуға да, жазуға да дағдыланғандай өскен жоқ, қайта кері кетті. Осыған қарап, бұл елде өсім мүлде жоқ екен деп ойламаңыз?! Бар. Елдің мемлекеттік қарызы 2012 жылы 156 миллиард сом болса, 2016 жылы ол 284 миллиард сомға, яғни екі есеге жуық өсті. Міне, екі елді шуылдатып жатқан Атамбаевтың қырғыз халқы алдында сіңірген еңбегі мен қалдырған мұрасының сиқы тура осындай.

Ежелгі Грекияда сәулет өнерінің ғажайып туындысы саналатын Артемида храмын Герострат дейтін ақымақ өртеп жіберіп, тергеу кезінде оны «атын шығару» үшін жасағанын мойындапты. Содан бері тарихта «Герострат даңқы» деген ұғым ақымақтықтың белгісі ретінде ғана қабылданады. Қазақтан сөз қалған ба, біздің халық мұндайды «атың шықпаса жер өрте» деген. Не экономикада, не саясатта атын шығара алмаған Атамбаев осы арандатушылығымен ғана ел есінде қалады. Қазақ-қырғыз бір-біріне өте жақын, туыс, бауыр халық.

Кезінде қазақ поэзиясының ақбура ақсақалы Әбділдә Тәжібаев: «Басымда менің ақ қалпақ, оюлап шетін сырғызған. Бетім де менің жап-жалпақ, айырмам қайсы қырғыздан», – деген екен. Ендеше қазақ-қырғыз арасындағы әлеуметті алаңдатқан ыңғайсыздау жағдай Атамбаевпен біржолата кетіп, алдағы уақытта ағайынды қос халықтың ынтымағы жарасқан, береке-бірлікшіл тірлігіне куә болайық, ағайын.

Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД, Егемен Қазақстан
Просмотров материала: 3 768

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 196 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 028 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 669 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 693 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 001 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 470 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 649 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 716 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 903 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 050 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 429 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930