22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"ЛАТЫННЫҢ Q ӘРПІ - ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМІНІҢ ОРНЫ ТОЛМАС ТІРЕГІ ЕМЕС, КЕРСІНШЕ МЕШЕУ ТАҢБА"

28 август 2017, 16:09
"ЛАТЫННЫҢ Q ӘРПІ - ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМІНІҢ ОРНЫ ТОЛМАС ТІРЕГІ ЕМЕС, КЕРСІНШЕ МЕШЕУ ТАҢБА" "Q әрпі туралы гәп

Бұл жазбада 3 нәрсе жөнінде сөз қозғаймын: қоғам көрінісі; Q әрпінің шынайы табиғаты; келелі мәселенің шешімі.

Менің жазбамды әсіресе Қазақстан Ұлттық Телеарнасының журналистері және қызметкерлері байқаса ма деймін.

1. Тіліміз латынға көшудің қарсаңында тұр. Осы орайда, ескеруіміз керек тұс — игі бастамамыздың тәуекелге толы екендігі. Латынға көшердегі қуантар жайт, халық арасынан біршама энтузиаст өз үлесін қосуға барынша тырысуда — қоғамда пікірталас пайда болды. Ал кез келген пікірталастың ақыр соңында мардым әкелері — заңдылық.

Бірақ кей топтардың немесе адамдардың бұл маңызды істі өз пайдасына ғана асыруға талпынып жатқаны өкінішті. Одан қалды, сол пайдақорлықты аңқау жұрттың еш байқамауы да көкірекке уайым ұялатады.

Бүгін, біраз компаниялар ребрендинг жасағанда, бір ортақ үрдіс байқалады: Q әрпін жөнсіз қолдана беру. Еске түсіріп көріңіз, бұрын қашан көріп едіңіз банктің, әуе компаниясының қазақ тілінің тағдыры үшін сонша беріліп ат салысқанын (QAZAQ BANKI, QAZAQ AIR, QAZKOM)? Қайта интернетте тіл мәселесінің "видео-мысалдары" көбінесе сол банктер мен әуе жолдарында туындап жатады емес пе?

Бұл орайда, Q әрпі — тарихқа үңілу немесе түп-тамырды зерттеуге шақыруға емес, жай ғана популистік айлаға, тренд ізіне еруге көбірек ұқсайды. Латынның Q әрпі — қазақтың ұлттық сана-сезімінің орны толмас тірегі емес, керсінше мешеу таңба.

2. Неге? Q әрпінің “ахилесс өкшесі” қайсы?

Өте ұтымсыз. Өз жолымызды немесе ерекше әрпімізді таптық деп сайрандамас бұрын, ойланып алу керек. Себебі шынына келсек, Q — қалдық әріп қана.
Біріншіден, таңбаның “өмірбаянына” тоқталсақ, “Q” бұрынғы кездері латын тілінде, “K” мен “G” әріптерімен қатар, /к/ және /г/ дыбыстары үшін қолданылған.

Алайда, өзінің ыңғайсыздығы үшін көптеген мысалдарда жаппай “K” немесе “G” әріптерімен алмастырылған: EQO – EGO¹. Кейін, еуропалық тілдерде бұл әріпті тек “U” әрпімен тіркескенде ғана қолданатын болды (question, quest, aqua).

Соңғы онжылдықтарда ғана арап тілінен енген сөздер үшін жұмсалуда (Quran, Qatar). Бүгін, латын әліпбиіндегі бірқатар тілдің ең сирек әрпі — “Q”, олардың ішінде: ағылшын, неміс, голланд, швед, чех, норвег және т.б. тілдер¹¹. Уақыт өте, Q әрпінің қолайсыздығына бұл тілдерде сөйлеушілердің көздері жеткен, содан ол реформалар барысында алмастырылған.

Бұл әріптің ыңғайсыз болғаны сонша, машина нөмірлерінде де бұл әріпті қолдануға тыйым салынған: “О” әрпімен шатастыру аса ықтимал болғасын. Қазақстанда да ол тыйым ережелер тізімінен орын алып тұр.

Ал қолжазбада, үлкен “Q”-ді — “О”-дан, кіші “q”-ді “g”-ден айыру қиынға соғары сирек емес.
Қазақ тіліндегі “Қ” әрпін енді “Q” әрпімен ауыстыруды ұсынған және қолдаған адам саны жетеді. Бірақ қазақ тілінде “Қ” — ең жиі қолданылатын әріптердің бірі.

Оған дәлел қайдан? Біріншіден, қазақ тілінің жиілік сөздігіне зер салсақ, “Қ” әрпінен басталатын сөз саны — ең көп, І орында тұр².

Екіншіден, сөздердегі Қ-ның жалпы жиілігіне назар аударайық. Қазақ тіліндегі адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын ашайық³: барлық Қ әрпін санап шықсақ (әрине компьютерлік бағдарламамен), бұл жолы да жиі кездесетін әріптердің 10-дығынан табылып тұр, ал жалпы қолданылған әріп саны — 42 екенін ескергеніміз жөн. Ал ағылшын тіліндегі декларация нұсқасында Q — ең сирек төртінші әріп⁴.

Демек, аталмыш энтузиастар қазақ тіліндегі ең жиі кездесетін, тіпті ең маңызды әріпті латынның ең бір сирек кездесетін, қолданыстан барынша шеттетілген әрпімен алмастырмақшы ма? Енді Сіздің де бұл жерде жалаңаш популизм мен трендтен басқа дым қисын мен мардым жоқ екенін түсінемісіз?

3. Мүмкін, осыны оқығасын тығырыққа тірелдік деп болжап отырған шығарсыз? Жо-жоқ, бұл мәселені шешуге қазақ тілінің төл мықтылығы көмекке жетіп келді.

Қазақ тілі — үндестік (сингармонизм) заңдарын сақтап қалған сирек тілдердің бірі. Маған сөздіктен ҚӘ, ҚӨ, ҚЕ, ҚӨ, ҚҮ деген тіркес таба аламысыз? Немесе төл сөздеріміз қатарынан КА, КО, КҰ, КЫ деген тіркесті ше? Демек, қазақ тілінде Қ дыбысы тек жуан дауыстылармен қатар кездесе алады. Ал К — жіңішкелермен. Келесі тәсілді әлдеқашан бірнеше энтузиаст ұсынған болатын. Ал бұл әдістің жеңісі неде дермісіз?

Латында “К“ дыбысы үшін де, “Қ” дыбысы үшін де — “K” әрпін, сондай-ақ “Г“мен “Ғ” үшін “G” әрпін қолдану көкейді тесіп тұрған бірнеше мәселені түп-тамырымен шешеді.

Біріншіден, бұл тәуекелден көп шошымаңыз: қазақтың төл дыбыстары жоғалмайды. Себебі бізге дейін-ақ түркімен, татар, ноғай, қырғыз тілдерінде және түрік тілінің диалектілерінде, үндестік заңына қарап, жалғыз “К” әрпін керек кезде — “К”, керек кезде “Қ” деп оқиды. Бұл ережеге бұл халықтар 80 жылдай уақыт шатаспай ілесуде.

Ал әдеби түрік тілінен (Қ дыбысы жоқ) Қ дыбысы латынға көшкенге бірнеше ғасыр дейін де жойылып кетті-міс.

Екіншіден, “Шет тілінен енген КА, КО дегендерді ҚА, ҚО деп оқимыз ба?!” — иә, оқимыз. Сөздерді тілімізге бейімдегенде, оларды қазақ тілінің заңдарына бағындырып бейімдеу — таза логикалық шешім.

Білмесеңіз, өзін-өзі құрметтейтін кез келген тіл бұл әлемде өз заңдары бойынша ғана кірме сөздерді қабылдап алады. Ал қазақ тілінің төл табиғатымен, расында, кирилге көшпес бұрын көптеген КА, КО сөздері ҚА, ҚО деп енгізіліп отқан. Мәселен, 20-жылдарда латында жазылған халық санағында “қазақтар — мұнша…, …, орыс қазақтар — сонша…” деп жазылған. Орыс қазақтар деген бұл жерде — казактар (козактар).

Осы орайда, үшіншіден айтарым, бұл идея қарсыластары айтатын менің сүйікті аргументім: “Біз сонда казак боп кетеміз бе?! Біз қазақпыз ғой!” Жоқ, біз казак болмаймыз.

Бұл паранойяның мәнін түсіну біраз қиындықтар тудырады. Ұлтымыздың аты, бұл идеяны қолдасақ және қолдансақ, Kazak (Kazakstan) болып жазылары рас. Бірақ, біріншіден, казактармен қазақтарды шатастыру мүмкін емес: казактарды тіпті ұлт ретінде есептеу екіталай.

Сізше, расында бұл әлем картадағы дардай Қазақстанды тани ма, әлде казактарды ма? Мәселен, түріктер орыс казактарын да, қаракөз қазағымызды да бірдей Kazak дейді, бірақ сонда олар кімнің бауыр, кімнің көрші екенін ұмытып жүр меді?

Ал өз тілімізде, қазақты Kazak [қазақ] деп жазсақ, орыс казактарын Kozak [қозақ] деп жазу да орынды шешім емес деп кім айтты? Олар, әуел баста, өз тілдерінде де “козак” деп аталған-тын. Ағылшын тілінде, мысалы, Cossack деп жазылады.

Екіншіден, аталмыш түркімен, татар, ноғай, қырғыз тілінде сөйлеушілер Қ-ны біздің ұлтымыздың атын атағанда емін-еркін айтады: Kazak олар үшін — Қазақ. Менше, жалпылап айтқанда, қазақтар интеллект жағынан бұл халықтардан таяздау емес шығар? Сіз қалай ойлайсыз? Қазақстандағы білім сапасы Түркіменстандікінен, Қырғызстандікінен төменірек пе?

Қорытындылай келе, тілімізді “игі бастама екен” деп құртып алмайық. Q деген — тап болған кеніш емес, жай ғана “ісігі бар О”, ал ісіктің бәрі қатерсіз емес. Бұл әріпті жапатармағай қолдану — мода, тренд, PR жолы. Ал кез келген мода мен тренд ақыры өшуге душар. Ал тіліміз, мода өшкесін, Q қаптаған бір қалдыққа айналмақшы ма?"

Бейбарыс СЕЙТАҚТЫҢ фейсбуктегі парақшасынан
Просмотров материала: 3 457

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 223 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 055 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 696 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 720 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 028 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 472 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 650 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 717 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 904 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 051 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 430 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров



#1 написал: aruzhan.islamova
28-авг-17 в 18:49
егер мықты мамандар кірісіп, ресми нұсқа бьекітіліп, бірыңғай көшкен жағдайда аса тиімді болар еді. Орысқа емес, ағылшын тіліне икемделер едік.


Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930