22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ РЕФОРМА БҰРЫНҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТР МҰРАТ ӘБЕНОВТІҢ ӨЗІН КҮЙІНДІРДІ

25 октябрь 2017, 14:20
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ РЕФОРМА БҰРЫНҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТР МҰРАТ ӘБЕНОВТІҢ ӨЗІН КҮЙІНДІРДІ Мен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқу бағдарламасын қарапайым мектептерде оқытылуына толықтай қарсымын! Мәселе оқулықтарда да, тіпті, үш тілділік те емес…

Осылай күйініп, Facebook-тегі жеке парақшасында мәселе көтерген бұрынғы Білім вице-министрі Мұрат Әбенов әлі кеш болмай тұрғанда, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқу бағдарламасын қарапайым мектептерге көшіру процесін тоқтата тұруды сұрайды. Сөйтіп, ол білім жүйесіндегі бірнеше қателіктердің атын атап, түсін түстеп, былай деп жазады:

Сонша академиялық білімі бар баланы қайтпек?.

„Біріншіден, Назарбаев зияткерлік мектебінің бағдарламасы — академиялық, ол ерекше ойлау қабілеті бар, білімді игеру деңгейі жоғары, қарымы мықты балаларға лайықталып, күрделендіріліп жасалған.

Бір сөзбен айтқанда, оны өз бетімен зерттеу жұмысымен, ғылыми қызметпен айналыса алатын балалар алып жүреді. Шынын айтайық — біздегі балалардың барлығы ондай емес қой. Олай болуы да міндетті емес. Сондықтан да Назарбаев зияткерлік мектебіне қатаң сүзгіден өткен, белгілі бір дәрежедегі балаларды қабылдайды. Басқаларын алмайды. Өйткені тартпайды, жетпейді ол деңгейге. Одан кейін, экономикасы шикізатқа байланған, технологиясы әрең дамып жатқан елге осынша академиялық білімі бар баланың қажеті қанша өзі? Біз оларды жұмыс орнымен қамти да алмаймыз ғой.

Ағылшын тілін білетін маман 70 мың теңгеге жұмыс істей ме?.

Екіншіден, Назарбаев зияткерлік мектебінің бағдарламасын алып жүру үшін, өте талантты мұғалімдер іріктеліп алынады. Олар ағылшын тілінде еркін сөйлеп қана қоймай, оқушыға қажетті білім беруге қабілетті болуға тиіс. Бұдан бөлек, білім берудің озық технологиясын жетік білуі қажет. Ондай мұғалімдер баланың әрқайсысына жекелей жол тауып, оның жасырынып жатқан талантын ашуда дайын білімді бере беретін ұстаз ғана емес, сонымен қатар, жаттықтырушысы, тәлімгері бола білуі керек. Бәрін болмаса да ондай мұғалімдерді дайындап шығаруға болады.

Бірақ ондай мұғалімдерге жоғары айлық керек. Осындай ерекше таланты бар мұғалім экономиканың өзге салаларында да сұранысқа ие болуы мүмкін ғой. Кім мықты білімімен 70 мың теңге айлыққа жұмыс істейді?

Ал Назарбаев зияткерлік мектебі жақсы айлықпен қамтуға қабілетті. Қарапайым мектептердің оған шамасы жетпейді. Зияткерлік мектептерде бір сыныпқа екі мұғалім бекітіледі: біреуі мұғалім, екіншісі тәлімгер. Әр сыныпта 20-ға жетер-жетпес бала. Өйткені әр баламен жұмыс істеуге мүмкіндік болу керек, өйткені бағдарлама күрделі ғой. Демек, 350 мың мұғалімнің қатарына тағы 100 мыңы керек, содан соң, олардың айлығын Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі айлықпен теңестірейік. Оның түк қиындығы жоқ. Қазір солай ете салсақ та болады. Бірақ қайдам?..

Төменгі сыныптың балаларына түскі ас жоқ, қайдағы бесін?.

Үшіншіден, Назарбаев зияткерлік мектебі бағдарламасымен оқу үшін жаңа құрал-жабдықпен жабдықталған, соны үлгідегі оқу ғимараты қажет, ал балалар бір ауысымда ғана оқуы тиіс, өйткені олар түстен кейін алған білімін зертхана мен шеберханаларда сынауы керек қой. Әр оқушымен жекелей сабақтың мән-маңызы да осында. Олар алған білімін сол арада тәжірибеде сынап көруі тиіс. Оған қоса, балалар талантын жетілдіре түсу үшін түрлі үйірмелерге қатысуы керек. Ал бізде ондай ғимараттар бар ма? Біздегі мектептердің тең жартысында екі ауысымда сабақ өтеді. Таңертеңгілерге түстен кейін кабинет жоқ.

Демек „түске дейін теория, түстен кейін тәжірибе„ деген қағидат жұмыс істемейді.

Төртіншіден, баланы бүтін бір күн бойы мектепте ұстап, бастары жақсы істеуі үшін — оларға түстіктен соң, бесін тамақ та беру керек. Назарбаев зияткерлік мектептерінде бұл бюджет есебінен жасалады.

Ал қарапайым мектептерде біз, тіпті, төменгі сынып оқушыларын түстікпен қамсыздандыра алмай отырмыз.

Көріп отырғандарыңыздай, бұл арада бірнеше жүйелі мәселе бар. Оны шешу үшін көбірек ақша мен уақыт керек. Бағдарламаны алып кету үшін де дайындық қажет.

Үкіметтен кейінге шегеруді сұрасын…

Уақыт сол бағдарламаны оқыта алатын деңгейдегі мұғалімдерді дайындап, іріктеу үшін қажет. Сол секілді уақыт қала мен ауылдағы білімнің деңгейін теңестіру үшін де керек. Ал өте көп ақша ғимараттарды салуға, зертханалар ашуға, оның ішін қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге, мұғалімдердің жалақысын өсіруге, жаңа ғимарат пен мамандарды ұстауға қажет.

Әрине, тарпа бас салып, Білім және ғылым министрлігі басшылығын сілкілеудің қажеті жоқ. Оларда кінә жоқ. Министрлік бюджеті қарастырылып, уақыты белгіленген мемлекеттік бағдарламадағы реформаларды қолға алып, жүзеге асырып жатыр. Бірақ осы күйіндегі реформалар бәрібір күткен нәтижеге тезірек жеткізбейтінін дер уақытында түсініп, шешім қабылдауымыз тиіс.

Бұл процесті тоқтататын қандай да бір мүмкіндік бар шығар. Әлі кеш болмай тұрғанда, сөйтейік енді. Бұлтартпас себеп жоқ емес, бар. Қазір бюджет тапшылығы, ақша жетіспеушілігі деген мәселе бар.

Үкіметке шығып, реформаны жүзеге асыру кезеңін кейінге шегере тұруды сұрау керек шығар. Әйтеуір, бірдеме қылу керек. Басқа амал жоқ бізде…
Әйтпесе, білім саласын әбден тығырыққа апарып тірейміз…

Дереккөз: 365info
Просмотров материала: 3 952

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 192 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 024 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 665 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 689 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 997 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 470 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 649 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 716 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 903 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 050 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 429 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930