22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚАЗАҚ ТІЛІН САҚТАП ҚАЛАМЫЗ ДЕСЕК, ЕШКІМНІҢ ПЕРНЕТАҚТАСЫНА ТӘУЕЛДІ БОЛМАУЫМЫЗ КЕРЕК - ПРОФЕССОР

21 октябрь 2017, 11:13
ҚАЗАҚ ТІЛІН САҚТАП ҚАЛАМЫЗ ДЕСЕК, ЕШКІМНІҢ ПЕРНЕТАҚТАСЫНА ТӘУЕЛДІ БОЛМАУЫМЫЗ КЕРЕК - ПРОФЕССОР «Ұлы дала болашағына қадам – латын әліпбиі» атты дөңгелек үстел барысында Астана медициналық университетінің мемлекеттік тіл бөлімінің жетекшісі Мұхамбедия Ахметов осылай деді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Мен тіл маманы емеспін. 40 жылдан бері медицина саласында қызмет етіп келе жатқан дәрігермін. Біздің саладағы жазудың барлығы латын әліпбиінде. Сондықтан латын әліпбиіне көшу мен үшін таңсық емес. Тарихта әліпбиін ауыстырған мемлекеттер, ұлттар болған. Оны тарихшылар айтар, алфавит ауыстыруға қанша қаржы жұмсалатынын экономистер айта жатар, ал тілдің әрібін, дыбысын тек қана тіл мамандары жасауы керек» - дейді Мұхамбедия Ахметов.

Оның айтуынша бизнесмендердің тіл туралы мәселені қозғауы артық.

«Бұл салада әркімнің пікір айтуға құқы бар шығар. ІТ технология мамандары ӘЛІПБИ жасауға қақысы жоқ. Алфавитті тіл маманы жасау каерек. Елбасының құлағына бірінші сыбырлап қойған солар. Дәрігер ретінде айтар болсам, біздің әрбір өсімдік, әрбір жан-жануардың латынша атауы бар. Және оның қазақша-орысша баламасы бар. Біздің қазақ латын әліпбиімен жазылған кез келген сөзді оқығанда әуелі бір әріп – бір дыбыс принципімен оқиды» - дейді ол.

Оның пікірінше, әліпби жасаушылар әріпке бола тілді бұзбай, жұрттың талабын орындауы керек.

«Мен тұтынушымын, әріп ұсына алмаймын, дыбыстың тура айтылуын да ұсына алмаймын. Себебі ң-ға тілі келмейтін қаншама қазақ бар. «Быздын озымыздын президентымыз» дейтіндер жетіп жатыр. Оған «ң-ды» салып бергенмен ол айтпайды. Сондықтан олар филологтың тәрбиесінен өтуі керек. Сөйте тұра өздері ағылшын тілінің пернетақтасымен шектелгісі келеді. Ал Ахмет Байтұрсынұлының айтқаны бар: «Әріпке бола тілді бұзбайды, тілге бола әріпті бұзып өзгертуге болады» - дейді. Біз де осы ұстанымда болуымыз керек» - дейді Ахметов.

Ахметов Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған әліпбидің ерекшеліктеріне тоқталды.

«Мысалы Ахмет Байтұрсынұлы латынның «К»-сіне «өкше» салып берді де қазаққа «Қ» деген әріпті әкелді, О-ның ортасынан белбеу тақты да Ө-ні жасады, У-дың құйрығын артқа қаратып Ү жасады да, оның белінен бір «буып» Ұ жасай салды. Ал біз диграфтан қашып едік, «балақтағы битті басқа шығарды» - дәйекшенің барлығы әріптердің шекесіне шығып кетті. Мен не үшін бір әріпті жазу үшін пернетақтаны 3 рет басуым керек? Тағы сол бизнесмендердің тірлігі араласып отыр бұл жерге де. Ағылшын пернетақтасын «бұл үнемді», «бұл ыңғайлы» деп отырған солар. Неге біз қазақша пернетақтаны жасамауымыз керек? Армияндардың, қытайлардың өз пернетақталары бар. Менің бір ғана талабым – менің ана тілімнің дыбысталу заңын бұзбаса екен!» - дейді ол.

«Қазіргі кездің өзінде пернетақтаға бағынғанымыз сондай, дефис пен тирені ажырата алмайтын дәрежеге жеттік» деген профессор қазақ тілін сақтап қаламыз десек, ешбір елдің пернетақтасына тәуелді болмауымыз керек дейді.

«Бірде император жаңылыс сөйлепті. Сол кезде тіл маманы Марк Пампони «Император, сіз дұрыс сөйлемедіңіз» деп ескертіпті. Ал императордың жеке заңгері: «Олай болса, бұл сөз дұрыс емес десеңіз, онда бүгіннен бастап осылай болады» деген екен. Мұны естіген Пампони: «Сіз адамға құқық бере аласыз, грамматиктерге әміріңіз жүрмейді» - дейді. Сондықтан біздегі әліпбиді пернетақтаға бағындыру керек деген ұстаным ақылға қонбайды» - дейді Мұхамбедия Ахметов.
Просмотров материала: 2 630

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 186 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 018 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 659 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 683 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 991 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 469 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 648 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 715 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 902 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 049 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 427 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930