10 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚОСТАНАЙ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТЫҚТЫ ОБЛЫСЫ МА, ӘЛДЕ РФ-НЫҢ БІР ГУБЕРНИЯСЫ МА?

ҚОСТАНАЙ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТЫҚТЫ ОБЛЫСЫ МА, ӘЛДЕ РФ-НЫҢ БІР ГУБЕРНИЯСЫ МА? Заманауи Тәуелсіз ел болып өмір сүріп жатқанымызға ширек ғасырдан асса да біздің Қостанайдың өзге тілді халықтарының санасынан Кеңес Одағының қатып-семіп-қалған идеологиясы мүлдем өшер емес. Өшкені былай тұрсын, жыл өткен сайын осы өткенді аңсаушылық синдромы тым күшейіп бара жатқан сыңайлы.

Мұны, әсіресе, облысымыздағы елді-мекендер мен көше аттарын бүгінгі уақыт талабына сай өзгерту жайлы сөз еткенде өте-мөте байқалады. Олардың еңбектеген баласынан, еңкейген кәрісіне дейін жаңағыдай жаңалық атаулыға қарсы тайлы-таяғы қалмай өре түрегеледі. Асу алмас мұндай қиындыққа бір кездері облыс орталығындағы Герцень көшесіне Қобыланды батыр атын беруге келгенде, болмаса, орталықтағы Таран көшесін Тәуелсіздік көшесіне ауыстыруға келгенде осындай жаулыққа бергісіз қарсылыққа тап болғанымызды қостанайлықтардың бәрі де біледі.

Қала маңындағы белгісіз бір келімсек Давыденовка селосын Еңбек деген елеусіздеу ат беруге келгенде де оларды оңайшылықпен жеңе алмадық. Осы бір келеңсіз жағдай қазір облысымыздағы Жітіқара қаласында да анық байқалып отыр. Жақында осында атаулары ескірген 40 лет Октября, Аэродромная және Степная секілді жалпылама ат пен Шевченко, Щорс және Карл Маркс секілді нақты тұлғалардың аттарын өзгертуге белсене кірісіп, арнайы комиссия құрып, шешім қабылдауға тырысқан. Алайда мұнда жиналған қазаққа онша бүйрегі бұра қоймайтын аса белсенді топ жаңағы 40 лет Октября, Аэродромная және Степная деген аттарды өзгертуге ерекше кең пейілділік білдірген де, ал Шевченко, Щорс және Карл Маркс секілді облысымызға ешбір қатысы жоқ адамдардың аттарын өзгертуге келгенде үзілді-кесілді қарсы болып,тістеніп тұрып алған.

Бейне бір Карл Маркс аталары осы Жітіқараға келіп көз майын таусып «Капиталды» жазғандай-ақ, немесе, Щорс атасы келіп Жітіқараны талқандауға тап берген жауды қирата жеңіп, азаттық әпергендей-ақ, ешбір уәжге көнбей қойды. Тіпті, Шевченко жайлы сөз қозғаудың өзі артық екенінін айтып, табандап тұрып алды. Ол кісінің Жітіқара халқына нендей еңбек сіңіргендігін есімізге түсіре алмадық.Еліміздің батыс өлкесіне келіп, қазақты әбден азып-тозған етіп бейнелеген суреттерінен басқа артында қандай із қалдырғандығынан да бейхабармыз.

Әрине, жоғарыда аталған жандардың Жітіқараның ғана емес, бүкіл Қазақстанға титімдей де еңбек сіңірмегендігіңнің, олардың Қазақастан секілді тәуелсіз елдің тарихында бәрібір қалмайтынын олар сезбейді емес, сезеді. Бәрін де біледі. Алайда «не болса да, қазаққа тимесін» деген мысық тілеу үнемі үстемдік алып кете беретіндігін қайтерсің.

Айтпақшы, бізде аудан аттарының да оңып тұрғаны шамалы. Таран деген большевикті қаламыздан аластағанымызбен үлкен бір аудандағы есіміне тисуге жүрегіміз дауаламады. Ал енді осындағы аудан аттарының Денисов, Федоров секілді ешкім білмейтін жандарға не себепті берілгендігін жергілікті биліктің өздері де білмейді десек, шындықтан алыстай қоймаспыз. Кішкентай ғана ауыл мен шағын ғана қаладағы көше аттарын әупіріммен өзгертіп жатқанда, білдей бір аудан аттарына тісіміз бата қоймайтын сияқты.

Әйтсе де, бір кездері облысымызды Өмірзақ Шөкеев басқарып тұрғанда ешкімнің де қарсылығына қарамастан, белден баса отырып облыс орталығындағы және өте әсем даңғылға қасиетті бабамыз Әл-Фараби есімін бергізген. Бұл өзгерсті ұнатпағандар күңікілдеген де қойған.

Тіпті, орыстың бір қариясы жаңа талбичканы ескісімен ауыстырамын деп тыраштанып жатқанда, мұның заңсыз екендігін, егер осылай істесеңіз заң алдында қатаң түрде жауап беретіндігін бетіне айтқан. Мәселе сонымен біржолата тынған.

Бұл енді облысымыздың қазіргі әкімі Архимед Мүқамбетовтың құлағына құйып жатқан сөзіміз ғой. Өмірзақ сияқты өзгерістер әкелмесе, Архимедтер Қазақстанның астықты облысын емес, Ресейдің бір губерниясын басқарып отырған қуыршақ әкім болып қала бермек.

Дереккөз: abai.kz
Просмотров материала: 2 324

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 150 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 822 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 323 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 367 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 738 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 548 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 587 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 910 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 575 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 627 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 821 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 807 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 910 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 573 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 684 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 425 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 450 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 297 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 149 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 383 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 867 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 222 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 443 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 829 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 181 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 131 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 264 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 206 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 584 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930