22 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ТОРҒАЙ ДАЛАСЫ ЕНДІ КӨРШІ ЕЛДІҢ ПОЛИГОН АЛАҢЫНА АЙНАЛАДЫ

ТОРҒАЙ ДАЛАСЫ ЕНДІ КӨРШІ ЕЛДІҢ ПОЛИГОН АЛАҢЫНА АЙНАЛАДЫ Ұшы-қиыры көрінбейтін мыңдаған гектар қазақ жерінің Ресейге берілгенін өткенде айтқанбыз. Яғни, Торғай даласы енді көрші елдің полигон алаңына айналады. Онсыз да Байқоңырдың зардабын тартып отырған халық, министрлер айтқандай қалай ғана қолдай шықты десек, шын мәнінде қарсы екен.

Аудан орталығында жиын өткізген Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі «Халық келісті» деп отыр. Құлайтын бөлшектерден қауіп жоқ екенін тәптіштеп түсіндірдім дейді, деп хабарлайды "31 арна".


“Зияны жоқ. Ол деген экологиялық таза, жаңа, заманауи зымыран”, – дейді ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов.

“Машинадан шыққан газдың өзінде зиян бар, ана жақтан ұшып келген дүние зиян болмайды деуге болмайды. Зияны көп болады оның”, – Жангелдин ауданы Ақкөл ауылының тұрғыны Төленді Досов.

Іргелес жатқан Қарасу ауылына беттедік. Жергілікті халық «Ахмет ауылы» деп атайды.

Мұнда алаш зиялысы – Ахмет Байтұрсынов туған үйі бар. Мұның өзін жергілікті азаматтар өз қолдарымен тұрғызып, жаңғыртып қойыпты. Енді ауыл тұрғындары іргеге құлайын деп жатқан ракета қалдықтары – «Алаштың 100 жылдығына арналған үкіметтің басты тартуы болғалы отыр».

“Бұл Ахметтің жері! Ахметтің туған жері. Бұл жерді лайлай беруге ешкімнің қақысы жоқ! «Халық осылай келісіп жатыр» деп халықты неге ортаға сала береді? Халық бұған келіскен жоқ”, – дейді Жангелдин ауданы Қарасу ауылының тұрғыны Әбдісалық Жақсымбеков.

Халық келіспедік десе де, министр айтқанынан қайтпайтын сыңайлы. «Бұл жер ешкімге жалға беріліп жатқан жоқ» деген Бейбіт Атамқұлов еш зияны жоқ екенін өзі барып дәлелдемекші екен.

“Келесі жылы ұшыру болады ғой. Енді оған жетсек. Ұшыру болғанда мен өзім сол басына барып, басында боламын деген уәде бердім халыққа”, – дейді ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов.

Айтпақшы, министр аудан бюджетіне жыл сайын бөлінетін 151 миллион теңгеден бөлек, тағы біраз көмек беріледі деп мақтанғандай болған. Бірақ, онымен торғайлықтардың көңілін аулай алмайтын іспетті.

“Жаңа естіп келіп отырмын. Арзан 15 мыңнан көмір келеді дейді. Көмірі де құрсын, суы да құрсын. Біздің тек жерімізге тиіспесін! Баламыз, малымыз өмір сүріп отырған жерден біз ешқайда кетпейміз!”, – дейді Жангелдин ауданы Қарасу ауылының тұрғыны Жаңагүл Нұрғалиева.

“Байқоңыр осы арада іргемізде 300-400 шақырым жерде. Егер оның әсері болмаса шөп қайда кетті? Ауа-райы неге соншама қатты бұзылып кетті?”, – дейді Жангелдин ауданы Ақкөл ауылының тұрғыны Нұрғожа Ерназаров.

Азаматтар мәселенің тамыры Байқоңырға тіреліп тұрғанын түсінеді. Дегенмен, үкімет үшін ол пайдалы болып отыр. Министрдің айтуынша, ғарыш айлағын жалға берген 22 жылда біздің қазынаға 884 миллиард теңге түсіпті. Бұл – Қазақстанның 1 жылдыҚ бюджетінің 10 пайызындай ғана болады екен.
Просмотров материала: 4 584

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 943 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 218 619 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 218 122 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 218 160 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 218 536 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 638 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 674 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 002 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 675 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 714 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 912 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 823 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 932 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 586 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 465 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 414 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 698 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 446 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 853 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 647 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 466 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 305 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 159 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 511 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 399 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 887 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 244 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 214 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 456 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 848 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 197 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 143 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 284 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 217 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 452 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 594 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930