7 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ ЖАБЫЛАТЫНЫН ЕСТІГЕН ХАЛЫҚ ЕСЕҢГІРЕП ҚАЛДЫ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ ЖАБЫЛАТЫНЫН ЕСТІГЕН ХАЛЫҚ ЕСЕҢГІРЕП ҚАЛДЫ Темір ауданының Бәшенкөл ауылынан 4-5 баласы бар отбасылар соңғы жылдары үдере көшіп жатыр. Осы жаздың өзінде 7 отбасы Кеңқияққа қоныс аударыпты. Бір сәтте білім ошағы жабылып қалған ауыл тұрғындары Aktobenews.kz тілшілеріне мұңдарын шақты.

«Ауыл тұрғындары балаларының болашағы үшін деген желеумен ауылдан көшіп жатыр.

Аудандық білім бөлімінен адамдар келіп, жұмысшыларға қол қойдыртып, ата-аналарынан балаларды басқа жаққа оқыта алады деген сарында қолхат алдыртып алған. Бүгінде Бәшенкөл ауылында 13-14 отбасы қалды», — дейді ауыл тұрғыны Шахзада Бекешов.

Оның айтуынша, қалған 20 шақты бала биыл мектепке бара алмайды. Ата-аналары ақырындап ең жақын елді мекен Кеңқияққа ауысып жатса керек.

Бешәнкөл ауылы Кеңес дәуірінде гүрілдеп тұрған ферма болған. Айналасында мұнай айдайтын қондырғылардан көз сүрінеді. Қытайдың, басқа елдің мұнай компаниялары күндіз-түні пайдалы қазбаны сорғылап жатыр. Сөйте тұра, Бәшенкөл ауылының тұрғындары әлі күнге газсыз отыр. Ауыз суды бәшенкөлдіктер жер астынан өздері айдап алады.

«Табиғаттың бізге тартуы мөлдір су болатын. Алайда, соңғы кезде, оның да тазалығына күмән келтіруге болады. Кешке алып қойған суымыздың беті таңертең майланып тұрады. Құдды бір мұнай қалқып тұрғандай. Бұл маңда Көкжиде су қоры лайланып жатқанын білеміз. Мұнай өндіреміз деп, су асты қорын бүлдіріп жатқан мұнай компаниялары», — дейді Бәшенкөл тұрғындары.

Ауылды айнала жанып жатқан алау көп. Жағымсыз иістен басы айналатынын ауыл тұрғындары жастардың да денсаулықтары сыр бере бастағанын айтады. Ауылда жастар азайып, зейнет жасындағылар мен жұмысы жоқ адамдар қалатын түрі бар. 66 жастағы Арыстанбай Рамазановтың айтуынша, тұрғындарда көшейін десе жағдай жоқ.

«Кеңқияққа барған күнде ақшамыз жоқ. Малымыз көп емес, азайып барады. Несие алайық десек, оны бізге кім береді? Бала жұмыста жоқ, келін бала да үйде отыр. Немерелерді кімнің үйіне жатқызып оқытамыз. 40 жылға жуық тракторшы болдым. Бәшенкөл аты гүрілдеп тұрған ауыл болатын. Газ тартамыз деді, бірақ бөлінген ақшадан хабар болмай кетті», — дейді ол.

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ ЖАБЫЛАТЫНЫН ЕСТІГЕН ХАЛЫҚ ЕСЕҢГІРЕП ҚАЛДЫ


Ауыл тұрғындарының айтуынша, «әкімнен қайыр жоқ, өңірден сайланған депутаттың да бітіріп жатқаны шамалы».

20 бүлдіршінге бала бағушы болған Қалжан Көптілеуова мектеп жанындағы балабақшада 16 мың теңге айлық алып келгенін айтады. Сиыр сауады. Анда-санда әрең жиналған май-қаймағын Кеңқияққа апарып, сатып қайтады. Одан түскен 1,5-2 мың теңгеге күнделікті тамағын алады. Таяуда округ әкімімен болған жиналыстардың бірінде Бәшенкөл ауылының мәселесін көтерген екен.

«Осында тұрып жатқаныма 18 жыл болды. Жылдан жылға жағдайымыз нашарлап барады. Аудан әкімінен де, ауыл әкімінен де көмек жоқ. 90-шы жылдары газ тарту жөнінде ұсыныс жасадық. Хабар жоқ. 9 жылдық мектепті жауып, 4 жылдық мектепті қалдырды. Енді оны да жауып тастады. Ешқандай жиналыс болмады. Екі ата-ананы меңгеруші шақырып алып, қолхат жаздыртып алған», — дейді ол.

Бәшенкөлден Кеңқияққа көшкелі отырғандардың бірі 37 жастағы Аманжол Төлешов.

«Үш балам бар. Бүгінде вахтамен қатынап істеймін. Кеңқияқтан үй салып жатырмын. Биыл ақшам жетсе, құрылысты бітіруім мүмкін. Болмаса, келесі жылға қалар. Ағайынның үйін паналай тұрармыз, бұйырғаны болар енді, — дейді ол.

Жергілікті халық ауыл әкімдеріне аса сеніп те отырған жоқ. «Әйтпесе, мұндай күйге түсірмес еді ғой» дейді бір ауыздан. Олардың пайымынша, бәзбіреулерге халықтың өз еркімен көшіп кеткені тиімді болып тұрғанға ұқсайды.
Просмотров материала: 3 032

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 207 610 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 207 265 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 751 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 806 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 207 174 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 047 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 094 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 394 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 038 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 120 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 302 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 692 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 734 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 470 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 336 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 095 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 568 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 279 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 684 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 496 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 353 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 191 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 050 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 380 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 271 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 752 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 885 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 107 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 342 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 723 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 087 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 030 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 160 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 101 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 309 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 470 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031