14 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АЙДОС САРЫМ: ТҮСІНГЕН АДАМ ТҮСІНЕР, ТҮСІНБЕГЕННІҢ АУЗЫНА ҚАҚПАҚ БОЛАР ЖАЙЫМ ДА, УАҚЫТЫМ ДА ЖОҚ

АЙДОС САРЫМ: ТҮСІНГЕН АДАМ ТҮСІНЕР, ТҮСІНБЕГЕННІҢ АУЗЫНА ҚАҚПАҚ БОЛАР ЖАЙЫМ ДА, УАҚЫТЫМ ДА ЖОҚ "Сенбілік шоуға сейсенбілік түсінік.

Демалыс күндері үлкен бір баяндаманы аяқтаймын деп, интернет, әлемжелі қарайтын уақытым болмады. Сөйтсем біраз дау-дамай болып жатқан көрінеді. Соған аз-маз, шама-шарқым жеткенше түсінік бере кетейін.

1. "Сенбілік шоу" неге пайда болды?


Жалпы бұл формат - әлемдік формат. Ресейдің өзі көптеген әлемдік форматтарды өз мүддесіне сай шетелден алып, өндіріп жатыр. Бір елдің екінші елден форматты алғаны әлем үшін таңсық емес. Сондықтан көшірдік, ұрлап алдық деген әңгімелер артықтау болар.

"Сенбілік шоу" неден туындады сонымен? Егер өте қысқа жауап іздесек былай деуге болады.

а) Барша елдерде жастар буыны теледидардан алшақтап барады. Кез келген телеарна үшін үлкен саясат тұрғысынан да, жарнама-маркетинг тұрғысынан да бұл жақсы үрдіс емес. Яғни жастарға қызықты, соларға ұнайтын, солардың тілімен сөйлейтін форматтарды ойлап табу я көшіру қажет деген сөз.

ә) Бүгінгі күні телеарналардың күн тәртібі мен интернеттің күн тәртібі алшақтап барады. "Сенбілік шоудың" бір мақсатының бірі - осы алшақтықты азайту, екі күн тәртібін бір-бірімен жақындастыру.

б) Жақсы деңіз, жаман деңіз бұл хабар да еліміздегі баспасөзге жарнама. Екінші жағынан, сол баспасөзге, баспаөздің кейіпкерлеріне сын. Бұл да бір қоғамдық гигиена, қоғамдық тазалық. Аузынан қағылып, ақ ит кіріп, көк ит шығатындарға қарсы хабар. Абсурд пен ақымақтықты әзіл-әжуа арқылы сынау, мазақ қылу.

Бір ғана хабар шықты. Мен әлі рейтингтерін көріп үлгермедім, бірақ біреуінің өзі біраз дау туғызып, хайп жасады. Менің біраз қазақша білмейтін достарым да, жауларым да арнайылап қарапты. Ол да нәтиже. Түбі хабардың болу-болмауын нарықтық сұраныс, көрерменнің ілтипаты анықтайды. Егер жастар жағы осы хабарды қарап, интернет, мессенджерлер арқылы тарата бастаса, онда хабар арнаның төрінен өз орнын табатын шығар.

2. Бұл хабарға мен неге қатысып отырмын.

Біраз пікір оқыдым. Сайқымазақ, клоун дегенге дейін сөздер кетіпті. Бұл хабар маған лайық емес деген де пікірлер айтылып жатыр. smile

Жауабым былай:

Өз басым теледидарға, оның ішінде қазақ теледидарына дін ретінде қарауға қарсымын. Қазақ теледидары таңертеңнен қара кешке дейін тек бір ғана әлеуметтік топқа қызмет ете алмайды. Таңертеңнен қара кешке дейін күрсініп, толғанып, ыңыранып, шәй ішіп, терлеп-тепшіп, "Сіздікі дұрыс Мәке!", "Ғажап айттыңыз, Сәке" деп отырған теледидардан сақтасын!

Теледидардың тәлім-тәрбиелік функциясы бар, бірақ бұл заманда ол ең алдымен энтертейнмент. Яғни көрерменге ермек беру. Ол үшін барша көрерменге қызықты болуы шарт. Және де әртүрлі жастағы, жыныстағы аудиторияға қызықты болуы шарт. Әр аудитория өзіне қажетті хабарды, форматты тауып алып, соған адал болғанын қамтамасыз ету керек. Теледидар қатып қалмауы тиіс. Үнемі ізденіс, үнемі тың жобаларды іздей түсу міндет. Бүгінде әлеуметтану бар, маркетинг бар. Әрбір хабардың үлес-салмағын, ықпалын өлшеуге болады. Егер белгілі бір хабарлар кәдеге жарамаса, көрермен көңілінен шықпаса, жарнама алып келмесе - ол хабар жабылады. Диалектика және эволюция заңы.

Өз басым әзіл-әжуаны жақсы көретін қазақпын. Бір күн өмір сүрсем де жадырап жүргенді қалаймын. Реті келіп жатса, жағдай мүмкіндік берсе әзілдің де талайын жіберемін. Оны достарым жақсы біледі. Осыдан болар Ерлан Қарин досым біраз уақыт бұрын ұсыныс жасағанда қарсы болмадым.

Несі бар? "Жайдарманды" да көрсетіп жатыр ұлттық арна. Қазақ жастары іздеп көретін ғаламат шоу! "Жайдарман" сыйған арнаға "Сенбілік шоу" да сыяды. деп санаймын. Осы форматта болмаса, басқа форматта.

Ар-абырой деген әңгімелер айтылып қалды. Анау "квнщиктермен" неге отырасыз дегендер де бар.

Айналайындар-оу!
Олар да қазақтың баласы.

Олар да елім-жерім деп жүрген азаматтар. Осы хабардың арқасында талай мықты-мықты қыз-жігіттермен танысып жатырмын, басқа қырынан таныдым. Жарты сағат хабар кемі бір аптаның жұмысын талап етеді. Команданың күн-түн демей араласып, жаңалық, хабар, ой бөліскенін талап етеді. Адам, азамат ретінде бұл да жақсы тәжірибе, жақсы драйв.

Адамды белгілі бір имиджге, рөлге тыға салу оңай, одан шығу қиын. Өз басым тек "саясаттанушы", "сарапшы" деген имидж бен рөлді қаламаймын. Имидж, амплуа деген мәселе адамның жеке басының түрмесі болмауы керек. Қасымдағы жігіттерге де осыны айтып жүрмін. Сені "әртіс", "клоун" деп жатса, тырысып-тырмысып басқа жағынан да көрінуге тырысу керек. Сол сияқты мен де бір ғана рөлді қаламаймын. Эксперимент пен жаңалық іздеуден шаршамаймын. Бұл да бір тәжірибе! Теледидар деген күрделі механизмді, саланы біле-түсіне бастайсың. Осы салада жүрген соң оны білген артық етпес маған да.

Біраз орысқұл жауларымның әлемжеліде мені келеке еткеніне ризамын. Мәз болып "клоун" деп жатыр екен. Менің одан ештеңем кетіп жатқан жоқ. Баяғыда Тедди Рузвельт айтыпты ғой: "Саясаттан үміті бар адамның терісі пілдің терісіндей болуы керек" деп. Өз басым жауымның мазақтағанынан емес, мақтағанынан қорқатын қазақпын.

Саясаттан үміті бар адам тек өз тобының ішінде қамалып қалмауы тиіс. Саясаттың мақсаты сөзіңді, ойыңды барынша көп аудиторияға жеткізе білу. Саясат мұраты күн сайын өзіңнің аудиторияңды бір адамға болса да кеңейте беру. Мен сол жұмысымды жалғастыра беремін. Түсінген адам түсінер, түсінбегеннің аузына қақпақ болар жайым да, уақытым да жоқ.

...
Барша пікір айтып, тілек білдірген азаматтарға алғысым шексіз!

Өкпелеп те жатқан ағайын бар екен (шынын айтайын, ішінде әкем де бар). Оларға айтарым: құлақ-көз үйренсін, бәрі де орын-орнына келеді.
...

"Сенбілік шоу" өз жұмысын бастады. Ерекеңмен, редакторлық топпен келіскенімізге сай тұрақты түрде көмектесіп отырамын. Реті келіп жатса, жол түсіп жатса хабарларына да қатысамын. Яғни шоуды жүргізетін топ та әлсін-әлсін жаңарып отыруы ықтимал. Алдағы уақытта хабарға танымал қонақтар да келе бастайды. Ішінде шенді-шекпендісі де болады. Қысқасы, қызықтың бәрі алда деп ойлаймын. Солай болғай!".

Айдос Сарым, саясаттанушы
Дереккөз: facebook
Автор: Айдос Сарым - АЙДОС САРЫМ: ТҮСІНГЕН АДАМ ТҮСІНЕР, ТҮСІНБЕГЕННІҢ АУЗЫНА ҚАҚПАҚ БОЛАР ЖАЙЫМ ДА, УАҚЫТЫМ ДА ЖОҚ
Просмотров материала: 2 656

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 252 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 755 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 345 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 397 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 697 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 468 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 602 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 833 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 994 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 146 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 767 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 056 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 439 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 267 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 093 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 356 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 035 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 431 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 150 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 984 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 824 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 089 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 058 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 858 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 127 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 490 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 872 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 825 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 877 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 839 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 068 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 211 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031