19 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ӨТІНЕМІН,ТІЛІМЕ ТІЛ ТИГІЗБЕҢІЗ!..

11 сентябрь 2017, 10:51
ӨТІНЕМІН,ТІЛІМЕ ТІЛ ТИГІЗБЕҢІЗ!.. Троллейбуста келеміз. Құрта­қан­дай қыздың тілі балдай тәтті шығыпты, әжесі екеуі орысша «сөй­лесіп» отырды. Баланың қылы­ғын қызықтап жақын тұрған жас жұп ерлі-зайыпты екен, кенет жігі­ті сәл илігіп: «Апай, келін­шегі­м­нің аяғы ауыр еді. Немереңізді ал­дыңызға алып, орын бересіз бе?» де­ді қысыла үн қатып. Апамыз мо­й­нын да бұрмастан «Ну и что... у нее тоже ноги болят» деп немересінің басынан сипап, міз бақпай еміреніп отыра берді.

Бүгінгі бағанда ой айтуға шынында да, не күлеріңді, не жыларыңды білмейтін халге душар еткен осы оқиға түрткі берді. Қазақша сөйлеу өз алдына, қоғамда қазақша сөздің төркінін түсінуден қалғанымыз жанға жаман батады екен. Олай демейін десең, «жаһанға жар салған» күні кешегі «курлы-мурлы» оқиғасы анау!

Бір тәуірі, қазақ тілін қорлауға бұрынғыдай «айта берсінмен» шектелмейтін дәрежеге жетіп қалыппыз. Ресейлік КВН-­дағы «Камызяк» командасының капитаны Азамат Мұсағалиев «курлы-мурлы» деп орыстар айтатындай тырнаның тілінде «қазақша» сөйлегені үшін оңбай таяқ жеді. Азамат тудырған даудан Ресейдегі ең танымал «МузТВ»-ның бас директоры Арман Дәулетияров пен алматылық белгілі кинорежиссер-актер Нұртас Адамбайға дейін шет қалмады.

Азаматтың қателігін бетіне басты. Еліміздің Мәдениет және спорт министрі қандасымызды мақтай отырып, мақтамен бауыздады, оңбай сүрінгенін ескертті. «Қазақ тіліне тиіспе, білмесең қорлама!» деген халықтық мінез бұрыннан да бар, бірақ, исі қазақтың осы жолғы өре түрегелуі өзгеше еді...

Сіз білесіз бе, қазір қазақ тілі үшін қазақтар ғана емес өзге ұлт өкілдері, шетелдіктер де жанын салып күресуге әзір. Өткендегі түрік журналисінің «Эйр Астана» ұшағында бортсерік қызға қазақша ескерту жасағаны соның айғағы.

Алайда, қарындасымыздың қызарып кешірім сұрау орнына, нұсқау парақшасын әкеліп, «біз тек орыс және ағылшын тілінде сөйлейміз» деп, қонағымыздың мұрнына тақап тұрып, айбат шегуі көп жайтты аңғартты. Нұсқауда солай-ақ жазылсын, бірақ, сенің жеті атаң тұтынған тілде бір ауыз үн қатқан шетелдік не үшін жазықты?!

Бейбастақтық жасап, қызметтік этикет ережесін бұзған бортсерік «Эйр Астананың» қазақтың компания­сы екенін, оның қызметі үшін күллі Қазақстан халқы маңдай терін сылып салық төлеп отырғанын ұқпады. Оның бер жағында Тәуелсіздік арайында туған қарындасымыз орыс тілінен сондайлық қорғаныш тілеп тұрды!

Қорғаушысына сенімді де еді. Неге? Өйткені, осы тектес оқиғалар елімізде сирек те болса бой көрсетуде әрі бір-біріне себепші, ықпал етуде. Қазақстан Ұлттық банкінің төраға­сы Данияр Ақышев өткен жылы 1 мау­сымда 1 жылдан соң міндетті түрде қазақша сұхбат беретінін жария етті. Бас банкирдің қабілетіне шүбә жоқ, бірақ әлемдік БАҚ өкілдерінің алдында бұлай кесімді сөзді өзіне өте сенімді не сырғытпа жауапқа үйренген адам ғана айтатыны хақ.

Енді бір әртіс бауырымыз Әнуар Нұрпейісов ғаламторды шарлаған бейнероликте «Мен қай тілде сөйлесем де өз еркім. Біз адам құқығы демократиялық негізде қорғалатын зайырлы мемлекетте өмір сүреміз» деп кеудесін ұрды. Орыстілділер «Ануар Нурпеисов сделал вид, что у него не получается произнести на казахском языке слово «құқық» (право)» деп отқа май құйды.

Мұндай «қолдауға» масаттанған біліктіміз «Мне кажется, слово «құқық» – это результат заговора мирового правительства. Не можешь выговорить – не можешь и по­требовать» деп іштегі бар жынын төкті де салды. Иә, актер сөз жоқ өз құқығын жақсы біледі!

Бірақ, ол туралы ел Конституциясының 1-бө­лі­мінің 1-бабында тайға таңба басқандай: «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құ­қық­­тық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылғанын білмейді. Яғни, өзін оқытып, алаңсыз өсіріп, аялап тәр­биелеп, қақ-соқтан қорғап, қызметке қол жеткізген Отаны сыйлаған құқығын білмейді. Сөйтті де, өзін қоғамда қорғап отырған заң актілеріне ойланбай тіл тигізді...

Атыраулық замандасым, кәсіби дәрігер Өмірзақ Зинуллиннің аузы­нан Азаматтың кәдімгі Астрахань (Ресей) жеріндегі ежелгі Құмөзектен (қазір – Камызяк!) екенін білдім. Аза­мат есті жігіт екен, өрескел қылығы үшін қазақтардан, Қазақстаннан ғалам­тор арқылы кешірім сұрады! Ана тілі­міздің жанашырсыз еместігі осы­лай­­ша салтанат құрды. Қазір қазақ тілі өткен ғасырдың 90-шы жыл­­да­рындай қауқарсыз да емес. Өзі­не «тиіскендерді» кешіруге бейіл. Дей­ тұрғанмен... бауырлар, тілге тіл тигіз­беңіздерші!

Талғат Сүйінбай

Дереккөз: Егемен Қазақстан


Просмотров материала: 2 643

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 200 543 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 200 161 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 199 656 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 199 710 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 200 077 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 666 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 734 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 037 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 631 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 712 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 912 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 604 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 643 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 424 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 279 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 798 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 519 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 214 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 612 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 417 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 307 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 139 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 989 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 305 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 213 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 708 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 571 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 057 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 291 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 669 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 045 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 987 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 102 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 056 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 250 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 401 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031