22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚАЗІРГІ СУДЬЯЛАРДЫҢ ТЕҢ ЖАРТЫСЫН ҚЫЗМЕТІНЕН АЛУ КЕРЕК

28 август 2017, 17:37
ҚАЗІРГІ СУДЬЯЛАРДЫҢ ТЕҢ ЖАРТЫСЫН ҚЫЗМЕТІНЕН АЛУ КЕРЕК Бұл - сот туралы ақпарат. Өткенде ғана Ақмола облысына қарасты Целиноград аудандық соты өзін-өзі атып өлтірген Өмірбек Жампозовты соттады. Иә, өлген адамды соттады.

Өз басындағы жағдайды жұртқа жария етіп, бейне үндеу жасап, Қазақстан сотынан әділет таппағанын айтқан Өмірбек Жампозов ақырында өзіне-өзі қол жұмсады. Оқиға Жампозовқа қатысты сот үкімі шығатын 20-шілде де болды.

Жампозов суицид жасаудан бұрын, мемлекеттік айыптаушы мен полиция өкіліне оқ атты. Марқұмның туыстары да, қоғам белсенділері де Жампозовтың бұл әрекетін амалы таусылғандықтан жасады деп ақтады.

Сонымен, Целиноградтың супер судьясы марқұм Өмірбек Жампозовты кінәлі деп тапты. Кепіл ретінде қойылған дүние-мүлікті туыстарына қайтарып беру туралы да шешім шықты.

Өмірбек Жампозовтың қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын деген шешім тағы шықты.

Соттың шешімі солай болды.

Қоғамда резонанс тудырған Жампозов ісі туралы көп айтылды. Әсіресе, соттарға деген халықтың сенімінің азайғаны айтылып жүр. Билікке, басшылыққа тәуелді соттарға, жалпы Сот жүйесіне реформа керектігі күн тәртібіндегі мәселенің бірі. Әсіресе, ұрда жық, тапсырма орындаушы «наемный судяларға» люстрация жасау керек деп жазамыз. Өйткені, тірісін қойып, өлісін соттау адамгершілік қағидасына жатпайтын, сөзбен ақтауға келмейтін, орындаушылық позицияның кульминациясына жеткендігінің көрінісі секілді.

Расында, соттың мақсаты – соттау ғана ма? Халық сотқа сенбесе – әділетті кімнен, қайдан іздеуі тиіс? Ақмоладағы Целиноградтың соты шығарған шешім жұрттың наразылығын тудырғаны анық. Ең қиыны «Жампозов синдромы» жалғасып жүрмей ме? Мәми мырзаның кадрлары мен халықтың арасы күн санап алшақтай түсуінің себебі не?

Менің бүгінгі спикерлерім – саясаткер Ерлан Саиров пен Айдос Сарым және заңгер Абзал Құспан. Үш пікір. Оқи отырыңыздар. Заңымыз бар зайырлы мемлекет болсақ та, сотымыз тәуелді. Біржақты. Қаһарына мінген сотқа сенбеген жұрт жеке есеп айырысуға баруда. Өзін-өзі өртегенді де көрдік, өзін-өзі өлтіргенді де көрдік. Ең сорақысы өлген адамды соттағанды да көрдік....

Сотқа сенім девальвациясы болып тұр


ҚАЗІРГІ СУДЬЯЛАРДЫҢ ТЕҢ ЖАРТЫСЫН ҚЫЗМЕТІНЕН АЛУ КЕРЕК


Ерлан Саиров, саясаттанушы:

-Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Жампозов ісіне қатысты қоғамда қызу талқы болды. Енді соттың бұл үкімі адамгершілік тұрғысынан қарастырғанда мүлде дұрыс емес.

Ал сот жүйесіндегі айтылып жүрген сыни пікірлерге келер болсам, сот әділ болуы үшін айыптаушы мен қорғаушыда тең құқық болуы керек. Бізде қорғаушы екінші пландағы адам секілді, көбіне-көп басымдық прокуорға беріледі.

Бізде қорғаушылардың құқығы заң жүзінде қарастырылмаған болуы да мүмкін. Тіпті, қорғаушының құқығы прокурордан да жоғары болуы тиіс. Ол прокурордың айыптауына фактілер келтіріп, сотқа шағымданып, кейбір дәлелсіз айыптауларды алып тастауға да құқылы ғой. Шын мәнінде бізде қорғаушылардан гөрі прокуордың мысы басым.

Сот пен прокурордың бірлескендегі міндеті адамды соттау ғана секілді, құдды. Сондықтан да жұрттың сотқа сенімі жоғалған. Жұрт соттан ақиқат күтпейді. Ол шындық.

Сот әділеттілік, адамгершілік деген дүниелерді ұмытпауы керек. Негізінен сотқа сенім девальвациясы болып тұр.

Соттарға люстрация жасау керек


ҚАЗІРГІ СУДЬЯЛАРДЫҢ ТЕҢ ЖАРТЫСЫН ҚЫЗМЕТІНЕН АЛУ КЕРЕК


Абзал Құспан, адвокат:

-Сотқа байланысты менің пікірім толығымен қоғамдық пікір жағында. Шын мәнінде де сотты люстрациялау қажет. Қазіргі шешім шығарып отырған судьяларды мүмкіндігінше Грузияның әдісі бойынша реформалау қажет.

Грузияда Михаил Саакашвили полицияны түгелімен тазалап, орнына жап-жаңа полиция жасақтап шықты ғой. Оның міндетіне тіпті, жол көрсету, амандық-саулық сұрау да кірді. ГАИ дегенді өзгертіп, халыққа қызмет көрсету деп басталатын жаңа атау енгізді.

Жұмысқа алған кезде бұрын сол салада жұмыс жасаған азаматтар мен жаңадан келген, еш тәжірбиесі жоқ азаматтардың құқықтары тең дәрежелі болды. Жұмысқа қабылдау бойынша қоғамдық комиссияның ішінде қоғам өкілдері де болды. Сол кезде Ресейдің гәзет сайттары күлкіге айналдырып еді. Ал шынында сол реформа жемісін берді.

Дәл осы тәсіл бойынша, біздің сот жүйесіне де реформа жасау қажет-ақ. Қазіргі судьяларды түгелімен қызметінен босатып, орнына ескі судьялар мен жаңа судьялардан қайта тағайындау қажет. Қазіргі судьялардың ең кемінде тең жартысын қызметінен алу керек. Себебі, қазіргі судьялар айыптаушы позициясына қонжиып алғандар. Беріліп жатқан тапсырма, саяси шешім бөлек әңгіме.

Судьялардың сана сезімдері солай қалыптасып қалған. Кейбір сот процесстерін байқап отырсаңыз судья тергеуші секілді төніп отырады. Ең төменгі дейгейдегі судьяның өзі адамды ақтаудан гөрі соттауға басымдық беріп тұрады.

Қылмыстық кодексте «кез келген күдік-күмән айыпталушының пайдасына шешіледі» деген бап бар. Біз осыны «кез келген күдік-күмән прокурордың пайдасына шешіледі» деп айтамыз да. Бұл күлетін дүние емес.

Тағы бір айта кетерлік мәселе – сот процессінің неғұрлым ашық әм жариялы өтуіне баса назар аударғанымыз жөн. Себебі, біздің қазіргі соттарда бұл ашықтық, жариялылық мәселесіне көп мән бермейді.

Содан кейін, шын мәнінде судьяларға тәуелсіздік беру керек. Масқара болғанда, қазіргі судьялар кеңес өкіметі кезіндегі судялардан да сорақы болды. Ол кезде аудандық соттарды аудандық әділет басқармасының бастығы тағайындай салатын. Бірақ, сол судьялардың өзі әлдеқайда тәуелсіз еді. Еркін әрі обьективті шешім шығаратын.

Әрбір аудандық соттың облыстық сотта бір-бір кураторы бар. Бұл заңға мүлде қайшы. Ол куратор тапсырма беруші де, аудандық сот облыстық соттың көмекшісі секілді ғана рөл ойнайды.

Сондықтан, менің айтпағым әуелі, судьяларды іріктеу керек. Содан кейін құқық қорғау органдарында еңбек өтілі болуы керек дегенді алып тастау керек. Себебі, қазіргі тағайындалып отырған судьялардың көбі бұрын тергеуші, прокуор болған азаматтар. Соттың біржақты, айыптаушылық позицияда өтуінің бір себебі осы болса керек.

Бізде заң жоқ, норма жоқ дейді. Олай емес. Заңды өзгертудің еш қажеттілігі жоқ. Адамды өзгерту керек. Сосын, соттарға шын мәнінде тәуелсіздік беру керек.

18 миллион азаматымыздың ішінен тағы бір 10 мың адамды шығара алатын потенциалымыз бар


ҚАЗІРГІ СУДЬЯЛАРДЫҢ ТЕҢ ЖАРТЫСЫН ҚЫЗМЕТІНЕН АЛУ КЕРЕК


Айдос Сарым, саясаттанушы:

-Соңғы кездерде еліміздің сот органдары тарапынан тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізге қауіп төндіретін керіағар, кертартпа шешімдерді көп көріп, көп байқап жүрміз. Сотымыздың қисықтығы, заңнан пана таба алмау - айналып келгенде азаматтарымызды сан қиянатқа соқтырып жатыр.

Елден безіп жатқан қаншама адам бар?.. Бұл да қиянат. Заң қызметкеріне, сот қызметкеріне қару алып шығу да қиянат және өрескел қылмыс. Әділет таппай өз-өзіне қол жұмсаған адамдар бар.

Ең үлкен қиянаттың бірі. Соттың ыдырауы, соттың ойыншыққа айналуы жалпы қазақ мемлекетіне деген сенімнен айырып жатыр. Ең сорақы, ең зор қиянат осы.

Қарап отырсақ, жұрт қатарлы Конституциямыз, озық заңдарымыз бар сияқты. Бірақ, тек қағаз жүзінде. Ең қорқыныштысы еліміздегі соттардың заңға емес, қалта мен телефонға бағынатынын бесіктен белі шықпаған баладан бастап барша жұрт жатқа біледі.

Менікі дұрыс, заңға сай деген кез-келген адам сотта басшымен не қалталымен кезігіп қалса, ұтылатынын, жығылатынын түсінеді. Яғни, сотқа деген сенімі мен үміті жоқ.

Ал сот дегеніміз, соттағы әділетті, заңды шешімге қол жеткізу дегеніміз мемлекетшілдік пен азаматтықтытың басты нышаны, алғышарты. Ісім, сөзім заңды деп нық сенген адамның заң алдындағы қорғансыздығы, заңға арқа сүйей алмауы, заң органдарынан опық жеуі – мемлекеттен безуге, мемлекетке деген сенімсіздікті тудырады.

Қателік орын алуы мүмкін, озбырлыққа тап болуымыз ықтимал, алайда мемлекет бар, заң бар, әділ сот бар деген үміт пен сеніміміз бар болса, барлық мәселені шешуге, барша қиындыққа төзуге болатын еді.

Осы себепті де ең бірінші болып атқарар шаруамыз – сот реформасы. Барша сот жүйесінде бүгінде әрі кеткенде 10 мың адам қызмет етеді. Қажет болса, осы 10 мың адамның орнына былыққа батпаған, заңды майшелпекке айналдырмайтын, ақты ақ, қараны қара дейтін 18 миллион азаматымыздың ішінен тағы бір 10 адамды шығара алатын потенциалымыз бар.

Тіпті керек болса, Грузиядағыдай үш-төрт мәрте құрамын ауыстырсақ та мүмкіндігіміз жетеді. Осыдан кейін қолға алар шаруамыз мемлекеттік қызмет реформасы мен құқыққорғау органдарының реформасы болуы шарт. Сотты түзесек, қалғандарын да түзеуге болады.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Дерерккөз: Абай.кз
Просмотров материала: 2 174

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 227 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 059 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 700 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 724 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 032 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 472 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 650 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 717 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 904 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 051 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 430 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930