2 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"КОКА-КОЛАНЫҢ" ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

17 август 2017, 11:31
"КОКА-КОЛАНЫҢ" ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ «Кока атауы – кокаин өсімдігі атауынан шыққан. Одан «кокаин» атты жергілікті тағам өнімдері, есірткі (наркотик) және кока-кола атты сусын алынады.

«Кока-кола» – Американдық «The Coca-Cola Company» компаниясы өндіретін алкогольсыз газдалған сусын.

«Кока-кола» сусыны 1886 жылы АҚШ-та ойлап табылған, әлемнің 200-ден астам елдерінде сатылады.

Сусынның құрамы толық айтылмайды, коммерциялық құпия делінеді». (Википедия – ашық энциклопедиясынан).

Соңғы жылдардағы әлем елдері ғалымдарының зерттеу қорытындылары бойынша жасаған ортақ тұжырымы:

Қазіргі таңда адам ағзасына, әсіресе жас балаларға аса қауіпті сусындардың бірі кока-кола. Бұл сусын Американың брендiне айналып әлемге таралғаны соншалық, бұл газдалған сусынның дүние жүзiнде секундына 8 мың стаканы iшiледi екен. Кейiнгi кезде аталған сусынның адам ағзасына келтiретiн зияны туралы мамандар дабыл қаға бастады.

Таяуда «Кока-кола» компаниясы өз сусынының жасалу құпиясын ашуға мәжбүр болғаннан кейiн мұндай күдiктер тiптi күшейдi. Компания өкiлдерiнiң айтуынша, сусынның негiзгi құпиясы кошениль құртынан алынатын азық-түлiк қоспада екен. Әдетте оның құрамына қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофеин, карамель, көмiрқышқылы қосылады деп көрсетiлетiн. Ендi өндiрушiлер сусынның түсiн өзгертетiн бояу ретiнде қолданылатын кошениль құртының еш зияны жоқ деп елдi сендiруге тырысуда.

Дегенмен «кока-коланың» адам ағзасына келтiрер залалы күннен-күнге дәлелденiп отыр. Егер жүргiзiлген тәжiрибелерге сүйенсек, бiр стакан кока-колаға салынған кесек ет бiраз уақыттан кейiн бүрiсiп, кiшiрейiп кетедi екен. Дәрiгерлердiң пайымдауынша, кока-кола, әсiресе, балалардың бас сүйегiне, ойлау қабiлеттерiне орасан зор зиян келтiредi.

Жалпы газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасындағы кальций, темiр секiлдi ең маңызды элементтердi жойып, есесiне құрамындағы есiрткi зат өмiрiңiздi екi есеге қысқартады. Есесiне «кока-коланы» тот басқан заттарды, айғыздалған әйнектi сүртуге пайдалансаңыз, керегiңiзге жарайды.

Өздеріңіз көріп отырғандай, кока-коланың құрамы тұнып тұрған химикаттар мен зиянды бояғыш заттар және газдар. Таза ештеңе жоқ! Бұл сусынмен американдықтар мәшиненің моторын жуатын көрінеді. Қазақстандық дәрігер мамандар стаканға құйылған сусынға бауырды салғанда, бауырдың іріп (шіріп) кететінін, созылмалы асқынып кететін аурудың пайда болуы осы сусындардың кесірінен болатынын алға тартады.

Жақында медицина ғылымдарының кандидаты Айгүл Сыздықова: "Жажда-ничто, имидж - все? Кока-кола: угроза для здоровья нации" деген еңбегiнде "Кока-коланың" зиянды жағы туралы жазып шықты. Бұл материал газет беттерiнде жарияланды.

«Иман» журналының 2009 жылғы ақпан айындағы санында Раушан Кәрішалованың «Coca-Cola- харам» деген мақаласы мен «Президент және халық» (№04 (177) 30-қаңтар, 2009 ж) газетінде «Coca-Cola».. құрттан жасалады» деген мақалалар жарық көрді.

Онда сусын құрамында доңыздың ішек майының пайдаланылатыны туралы ағылшын тілінде мәліметтердің бар екендігі айтылған. Ал, Мысыр елінің «www. nawafnet.net» сайтында Америка Құрама Штаттарында 6 жыл тұрып осы сусынды зерттеген мысырлық доктор Кәшғаның араб тіліндегі пікірі де жоғарыда ағылшын тілінде келтірілген мәліметпен сәйкес шыққан.

Атап өтер тағы бір жәйт, бұл сусынның құрамымен бірдей пепси кола, сонымен қатар құрамында лимон қышқылы бар коллекциялық шарап, сыра, жүзім шырыны, апельсин, т.б. күнделікті тұрмыста да қолданылады. Кейбір «өнертапқыш» пысықай әйелзаты әжетханаға алғашқы екі сусынның бірден екі бөтелкесін газын пысылдата аударып иіс-қоңыс пен құбыр таттарын тазалайды. Осылайша құбыр бойынан кір мен нәжістің тоқтаусыз ағуына еркін жол ашылады. Бұл бірінші қызметі.

Ал, уақыт сынынан өткен тағы бір қызметі - сойылған мал қарнының бүрін пышақпен қырып кетірмей-ақ оған аталмыш екі сусынды құйса ілезде жидіп, сыпырылып түсе қалады. Ал, мұны ішушінің асқазанына қаншалық зардабы тиетіні бір Аллаға ғана аян.

2014 жылдың ақпан айының басында Парламент Мәжілісінде депутат В. Нехорошев энергетикалық сусындардың адам ағзасына зияны туралы мәселе көтерді. Заң шығарушылар бұған қатысты ұзақ пікір алысты. Бұқаралық Ақпарат Құралдарыда бұл тақырыпты іліп алып біраз шулатты. Кәсіби мамандардың пікірлерін тоғытты. Бұл сусындардың адам денсаулығына белгілі дәрежеде тигізер зияны бар екендігі айтылды.

Біздің елімізде энергетикалық сусындардың зардабынан қалай құтылу мәселесі енді ғана көтеріліп жатқанда, ал олардың шыққан отаны Американың сусын өндірушілері өз мектептеріне құрамында қанты бар сусындарды жеткізуді мүлдем тоқтатты. Өнеркәсіп өкілдерінің баяндамасында соңғы 5 жылда мектептерге колориясы жоғары сусындарды жеткізу 95 пайыз азайтылғаны айтылды. Олар жеміс-жидек шырындары, су және колориясы аз сусындармен алмастырылған. Оған мектеп оқушыларының жоғары колориялы жедел дайындалатын тағам мен тәтті сусындардың әсерінен жаппай салмақ қосуы (шектен тыс семіруі) негіз болған.

Құран Кәрімде алкоголь өнімдері мен доңыз етінің харамға саналатыны айқын көрсетілген. Әйтсе де, адам денсаулығына зияны бары айтылып та, жазылып та жатқан күмән туғызған энергетикалық сусындарды да өз қалауынша қолданушылар да баршылық. Зайырлы елде нендей тағам мен сусынды адал не харамдығына қарамай пайдалану әркімнің өз еркінде.

Дегенмен, мұсылмандарды сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «Шын мәнінде, адал мен харамның беті ашылды, бірақ бұл екеуінің ортасында көпшілік біле бермейтін күмәнді нәрселер бар...» деген хадисі сол күмәнді нәрселерден бойды аулақ ұстауға шақырады. Мұсылман баласына, өзіңе және өзің арқылы ұрпағыңа сынақ (эксперимент) жасаудың еш қажеттігі жоқ.

Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы, Маңғыстау

Дереккөз: Абай.кз
Просмотров материала: 3 410

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 141 788 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 141 590 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 141 245 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 141 271 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 141 577 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 407 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 567 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 694 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 152 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 347 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 467 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 780 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 821 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 702 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 523 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 656 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 812 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 484 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 841 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 581 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 585 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 430 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 267 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 514 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 456 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 970 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 375 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 302 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 536 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 888 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 297 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 285 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 328 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 272 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 493 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 639 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930