31 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АТЫРАУЛЫҚ ПОЛИЦЕЙ САБАҒАН ЖЕТІМ ЖІГІТ МИНИСТР ҚАСЫМОВТАН АРАША СҰРАДЫ

Полицияның ерсі әрекеттері ғаламтор бетінде жарқ еткелі бері, «тәртіп сақшыларына зардап шектім» деп шағымданушылардың қатары көбейді. Соның бірі Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз селосының тұрғыны Біржан Бисалиев NUR.KZ порталына хабарласып, өзінің көрген қорлығын айтып берді.

АТЫРАУЛЫҚ ПОЛИЦЕЙ САБАҒАН ЖЕТІМ ЖІГІТ МИНИСТР ҚАСЫМОВТАН АРАША СҰРАДЫ


«27 шілде күні көшеде ауылдық учаскелік инспектор Дархан Аманғалиев көлігімен жаныма келіп «әңгіме бар, көлікке отыршы» деді. Ойымда еш жамандық жоқ, машинасына отырып ағасының үйіне бардық. Сол жерден ол туыс бауырын салып алды да, үшеуміз Теңіз селосының сыртына шығып кеттік. Ауылдан алшақтаған соң инспектор Дархан мені көліктен шығарып ала сала тепкілей бастады.

«Мен не істеп қойдым? Неге ұрасыңдар?» деп сұрасам, «сен менің қызметтік куәлігімді бермей жүрсің» деп жауап берді. Осыдан соң ағасы да қосылып, екеуі мені жерге жатқызып қойып, басымнан тебе берді», - дейді құқық қорғаушыдан әбден таяқ жеген азамат.

АТЫРАУЛЫҚ ПОЛИЦЕЙ САБАҒАН ЖЕТІМ ЖІГІТ МИНИСТР ҚАСЫМОВТАН АРАША СҰРАДЫ


Тәртіп сақшысы ағасымен бірге ауыл азаматын 30 минутқа жуық сабап, қалтасын тінтіп, түк таппаған соң айдалаға тастап кеткен. Үстінің сау-тамтығы қалмаған тұрғын итшілеп жүріп, ауылға әрең жетіп, үйіне келген соң есінен танып қалған. Ес-түссіз қалған Біржанды достары бірден ауруханаға апарыпты.

Дәрігерлердің шығарған қорытындысына сәйкес 25 жастағы жетім жігіттың миы шайқалып, бас сүйегі шытынаған, көзінің қатты жарақатталуы салдарынан, қылилық пайда болған.

АТЫРАУЛЫҚ ПОЛИЦЕЙ САБАҒАН ЖЕТІМ ЖІГІТ МИНИСТР ҚАСЫМОВТАН АРАША СҰРАДЫ


«Басым әлі күнге дейін сырқырап ауырады. Дәрігерлер қан ұйып қалғандықтан, бас ауруы бес жылға дейін болып тұратынын айтты. Ал сол көзім соққы салдарынан көрмей қалып, ісігі енді қайтып келеді. Өзім жұмыссызбын. Қарызға ақша алып дәрі сатып алып емделіп жатырмын», - дейді зардап шегуші.

Ауылда концерт қойған мас инспектор

Біржанның сөзінше оқиға болардан үш күн бұрып учаскелік инспектор ауыл ішінде ес-түсін білмей мас болып, әр нәрсеге бір тиісіп жүргенін жергілікті жұрт түгелдей көрген.

Құқық қорғаушы осы күні қызметтік куәлігін жоғалтып, соны іздеудің оңай жолы ретінде ауыл тұрғынын сабауды жөн санапты.

Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Полицейге тағайындалған жазаның қандай болатыны сот шешімімен кейін белгілі болмақ.
Просмотров материала: 2 203

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 215 764 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 215 435 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 214 933 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 214 979 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 215 348 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 475 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 511 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 834 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 493 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 553 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 748 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 788 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 884 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 555 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 428 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 376 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 669 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 408 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 809 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 608 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 434 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 280 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 133 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 482 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 366 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 850 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 197 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 186 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 428 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 815 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 166 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 114 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 248 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 190 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 414 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 564 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31