24 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақ балалары футболды ешкімнен кем ойнамайды

14 июнь 2022, 9:15
Қазақ балалары футболды ешкімнен кем ойнамайды
Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы 19 жастағы Асқар Сатышевтың испаниялық «Гранада» клубынан шақырту алғанын хабарлаған болатын. Клуб ұйымдастырған қараудан бірден өткен отандасымызбен 6 айға кәсіби келісімшарат жасалған. Қазір ол клубтың орталық қорғаушысы. Егер Асқардың ойыны мен еуропалық стандарттарға икемі ойдан шығатын болса, клуб басшылары ары қарай тағы бірнеше жылға келісімшартты созуға дайын.


Azattyq Rýhy тілшісі Асқардың өзімен сұхбаттасып, іріктеуден қалай өткенін, еуропалық стандарттарға үйрену барысы мен қазақстандық футболдың мүмкіндігі жайында сұхбаттасты.

«Өзім Тараз қаласының тумасымын. Футболды аулада доп теуіп жүріп бастадым. Кәсіби түрде 7 жасымнан айналысып келемін. Алғаш «Тараз» футбол клубына қабылдандым. 12 жасыма дейін клуб құрамында өнер көрсетіп, кейін Шымкенттегі «Оңтүстік» футбол академиясы өткізген іріктеуге қатыстым. Сол жерде испаниялық жаттықтырушылар да болды. Қараудан екі бала ғана өтті. Соның бірі мен болдым. Академияда жүріп алғашқы кәсіби келісімшартымды жасастым. Клубта бес жыл ойнап, кейін бірінші лигада ойнайтын бұрынғы тобыма ауыстым. Онда бір жыл ойнағаннан кейін испаниялық «Гранада» клубынан шақырту алдым», - дейді ол.

Қазақ балалары футболды ешкімнен кем ойнамайды


Асқардың ойын тәсілін, футболдағы жоғары мүмкіндігін алғаш «Оңтүстік» футбол академиясында жүргенде испаниялық бапкер байқаған екен. Қазақ баласын «Гранада» клубына ұсынған да сол жаттықтырушысы болыпты.

«Испаниялық жаттықтырушым аудармашы арқылы маған хат жолдады. Хатында «Гранада» клубының спорттық директорына жолығып, мені ұсынғанын жазған екен. Дәл сол сәтте олар менің позициямда орталық қорғаушы іздепті. Ұсынысты естігенде ойланбастан бірден келісім бердім. Қатты қуандым. Шынымды айтсам бәрі тез болды. Олар мені бір аптаға қарауға шақырды. Виза, билетімді өзім алып, Испанияға аттандым. Бір апта іріктеуден кейін екінші аптаға тағы қалдырды. Жаттығу өте сәтті болды. Осылайша, клуб менімен 6 айға келісімшарт жасады. Өздері визаның орнына қолданатын арнайы испаниялық құжат жасап берді. Сондай-ақ, жатар орын мен тамағым да тегін», - дейді футболшы.

Алғашқы айлығымды отбасыма бердім...

Асқардың айтуынша, испандық клубта спортшыларға барлық жағдай жасалған. Белгілі мөлшерде жалақы төленеді.

«Кәсіби түрде жасалған келісімшарт болған соң бізге ақша төленеді. Менде жататын орын мен тамақ тегін болғандықтан жалақым аса көп емес, орташа деуге болады. Өзіме жетеді, отбасыма да көмек беріп тұрамын. Басында 6 айға келісімшарт жазылды. Қазір біз демалыстамыз. Егер бәрі дұрыс болып, клубтың стандарттарын, тілді жақсы меңгеріп кетсем тағы 1-2 жылға қалуға мүмкіндік бар.

Испанияға кететінімді естігенде ата-анам мен туыстарым қатты қуанды. Мені бірден қолдады. Негізі сабақты өте жақсы оқитынмын. Футболға да қатты қызықтым. Ата-анам екеуінің біреуін таңдап, толығымен кіріс деп кеңес бергеннен кейін футболға көбірек ден қойдым. Қазіргі таңда Тараз өңірлік университетінің студентімін. Дене шынықтыру мамандығының екінші курсын бітірдім. Бұл жақтағы жаттығуларым оқуға еш кедергі келтірмейді. Университет ұстаздары да қолдау білдіріп жатыр», - дейді Асқар.



Испанияға тіл білмей барған отандасымыз алғашқы уақытта топтағы ойыншылармен тіл табысу қиын болғанын айтты. Қазір Асқар тіл үйреніп, өзін дамыту үстінде. Ол өзі ойнайтын клубтың ойын тәсіліндегі ерекшеліктерге тоқталды.

«Клубтағы жалғыз қазақпын. Топта менімен қатарлас тағы бірнеше ойыншы бар. Барлығы мен сияқты жан-жақтан жиналған басқа елдің азаматтары. Алғаш келген кезде мүлде тіл білмейтінмін. Аяқ-асты келгеннен кейін дайындалып үлгермедім. Ағылшыным да онша болған жоқ. Клубта әкесі ветнамдық, анасы қытайлық бірақ өзі Мәскеуде туып-өскен бір бала болды. Орыс тілін біледі екен. Сол баланың көмегімен клубтағы басқа да балалармен тіл табысып кеттім. Бәрі қарапайым жандар. Тілін, ішкі менталитетін қабылдау, жаттығуларға үйренуге бір-екі ай уақыт кетті. Алдағы уақытта келісім шартты ұзарту, ұзартпау мәселесі шешіліп жатыр.

Еуропада ойыншылар өте жоғарғы қарқынмен ойнайды. Тез ойланып, тез пас беру керек. Ойынның аяғына дейін бір деммен ойнаймыз. Қазақстандағы жаттығулармен салыстырғанда айырмашылық байқалады. Жаттығу күніне бір-ақ рет екі сағаттан ғана болады. Қалған уақытта боспыз», - дейді футболшы.

Асқардың айтуынша, қазақстандық футболшылардың дені еуропалық стандартқа сай келеді. Ол еліміздегі футболдың дамуы туралы өз ойын айтты.

«Шетелде футбол ойнап жүрген қазақтарды өз басым көп кездестірмедім. Десе де, Молдованың атақты футбол клубы «Шерифте» ойнап жүрген қазақстандық баланы білемін. Өте дарынды бала. Негізі қазақ балаларының барлығы еуропалық стандартқа сай келеді деп айтар едім. Бізде талантты футболшылар өте көп. Менің ойымша қазіргі таңда елімізде футбол жақсы қарқынмен дамып келеді.

Әлем бойынша футбол Еуропада өте жақсы дамыған, кіл мықтылардың бәрі осы еуропалық клубтарда доп тебеді. Енді біздің де жастар осы жаққа келіп мектептен өтсе алдағы 5 жылда Қазақстанның футболында жақсы өзгерістер болады. Мен оған сенімдімін. Тек осы бір іспен соңына дейін айналысу қажет», - дейді Асқар.



Отандасымыз алдағы жоспарымен бөлісті.

Қазақстан өз атын шығару үшін түрлі шаралар өткізсе де мынау тұрған Еуропаның өзінде біздің елді мүлдем білмейтіндер әлі көп. Менің арманым, жоспарым – Отанымды шетелдіктерге таныту, қазақтың балаларынан да ұлы футболшы шығатынын көрсеткім келеді.

«Гранада» футболдағы менің алғашқы қадамым. Әлі көп жұмыс істеп, биіктерді бағындыруым керек. Жетістік көп болады, сенімдімін. Бастысы еркінсіп кетуге болмайды, бастаған істі соңына дейін жеткізуім керек. Сәттілікке еркінсімей, сәтсіздікте берілмеймін. Тынбай еңбек етіп, осы Еуропада қалуды көздеп отырмын. Футбол – менің өмірім, бұл іспен айналысу маған ұнайды. Сүйікті ісімді кәсібіме айналдырдым», - дейді Асқар Сатышев.

Қазақстандық футболшының Испанияда қалу-қалмау мәселесі жақын уақытта шешіледі.
Просмотров материала: 1 751

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 172 025 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 171 855 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 171 479 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 171 527 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 171 814 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 129 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 266 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 490 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 525 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 690 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 397 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 883 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 363 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 213 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 034 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 232 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 307 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 978 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 366 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 084 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 098 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 934 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 766 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 030 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 972 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 486 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 953 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 804 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 080 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 820 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 777 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 828 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 778 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 005 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 151 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031