21 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Павлодар» футбол клубы тек қағаз жүзінде құрылды – әкімдік

«Павлодар» футбол клубы тек қағаз жүзінде құрылды – әкімдік
Павлодар облысы туризм және спортты дамыту жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Есембаев «Павлодар» футбол клубы қағаз жүзінде ғана құрылған команда екенін, сондай-ақ 2 лигада облыстың намысын «Ақсу» командасы қорғайтынын айтты. Pavlodarnews.kz сайтының хабарлауынша, «Ақсу» клубында жергілікті мамандар жұмыс жасап, жергілікті футболшылар ойнайды.

«Ertis» футбол клубында болған жағдайдан кейін жаңадан «Павлодар» клубын құрып, екінші лигадан бастап футболды дамыту жоспарланған болатын. Алайда, қазіргі уақытта екінші лигада облысымыздың атынан «Ақсу» клубы өнер көрсететіндіктен, «Павлодар» клубы жоспардан алынды. «Павлодар» тек қағаз жүзінде құрылды. Оған қаржы құйылмайды», - деді Нұрлан Есембаев.

Нұрлан Есембаевтың айтуынша, «Ақсу» клубын дамытуға Талғат Байсуфинов пен Юрий Ишутин секілді Қазақстан футболындағы белгілі тұлғалар көмектесіп жатыр. Клубқа үлкен тапсырма жүктелген.

«Белгілі азаматтардың жоспарын облыс басшылығы қолдады. «Ақсудың» алдына келесі маусымда бірінші лигаға өту тапсырмасы қойылды. Қиын болса да, мамандар тапсырманы орындауға уәде берді. Құрам 100 пайыз жергілікті ойыншылардан жасақталады. Легионерлер шақырылмайды. Клубтағы бапкерлер мен өзге де мамандар өз өңірімізден болады», - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Сонымен қатар, жиында «Ақсу» клубының бюджеті 45 млн теңге болатыны айтылды. Клуб жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Клуб жанынан бюджеті 15 млн теңге болатын балалар футбол орталығы да ашылмақ.

«Клуб құрамындағы футболшылардың жалақысы 60 мың теңгеден басталады. ТОП ойыншылар 300 мың теңгеге дейін алады. Оған қоса, ашылатын орталықта балалар жаттығып, республикалық жарыстарға қатысады. Егер орталық жұмыс жасамаса, қаржы кері қайтарылады», - деді Нұрлан Есембаев.

«Ақсу» клубының базасы Павлодар қаласындағы «Жұлдыз» стадионында орналасады. Сондай-ақ Ақсу қаласында да базасы болады. Балалар орталығы түгелдей іске қосылса, орталық стадионға ауыстыру қарастырылады. Ал, клуб үйдегі матчтарды «Жұлдыз» немесе орталық стадионда өткізеді.

Еске салайық, «Ақсу» клубы 3 жыл қатарынан екінші лигада өнер көрсетіп келеді. «Ertis» клубындағы жергілікті ойыншылар «Ақсу» мен «Екібастұз» клубтарына ауысады. Қазіргі уақытта Руслан Есімов пен Артем Попов екібастұздық клубпен келісімшарт жасасуда.

Ал, «Ертіс» балалар футбол орталығы өз жұмысын жалғастырады. Орталықта жастарына байланысты 6 топта 625 бала тәрбиеленуде. «Екібастұз» балалар орталығында да 6 топ бар. Жаңадан ашылатын «Ақсу» орталығында 3 топ ашылмақ.

Еске сала кетейік, 30 мамырда павлодарлық «Ertis» командасы қаржылық қиындықтарға байланысты премьер-лигадан шығатынын мәлімдеді.
Просмотров материала: 1 064

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 250 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 918 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 213 415 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 213 453 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 826 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 400 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 434 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 756 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 403 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 473 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 666 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 766 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 860 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 538 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 415 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 310 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 649 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 387 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 788 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 589 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 421 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 264 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 121 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 465 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 351 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 828 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 120 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 173 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 414 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 802 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 156 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 095 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 230 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 172 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 392 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 543 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31