25 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қыздар футболды ақша үшін ойнамайды

05 март 2021, 16:11
Қыздар футболды ақша үшін ойнамайды
Ұлттық құраманың капитаны Бегайым Қырғызбаевамен сұхбат. Бегайым Қырғызбаева әйелдер футболы, командадағы жауапкершілік туралы айтып берді.


Бегайым Қырғызбаева 1987 Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай ауылында дүниеге келген. Отбасында әкесі, анасы және ағасы бар. Ол – қазір футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, команданың лидері.

- Бегайым, кәсіби футболға қалай және неше жасыңызда келдіңіз?

- Кәсіби футболға 15 жасымда келдім. Әкем мені сол жылдары Алматы қаласындағы «Алма КТЖ» әйелдер футбол командасына жаздырды. Дәл сол командаға тап болу мен үшін сәтті болды. Өйткені, ол команданың бас бапкері - Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Емелин Борис Александрович болды. Ол - тәжірибесі мол жаттықтырушы. Борис Александрович Қазақстандағы әйелдер футбол құрамасының дамуына зор үлес қосқан адам.

Қыздар футболды ақша үшін ойнамайды


- Неліктен таңдау басқа спорт емес, дәл осы футболға түсті?

- Ағам бұрындары футбол ойнаған. Осы спорт түрін таңдауыма сол себепкер болды. Ол маған: «Қазақстанда осындай әйелдер клубы бар, барып, бағыңды сынап көр, бәлкім сені командаға алатын шығар» деді. Көп ұзамай расымен де сол командадағы ойыншылардың қатарына іліктім. Мені ол жақта барлығы жылы қабылдады.

- Футболды таңдауыңызға анаңыздың көзқарасы қалай болды?

- Анам алғашқыда қарсы болды. Анам дәрігер болуымды қалады. Өйткені, мен мектепте озат оқушы болдым. Бірақ кейін бапкерлерім ата-анаммен, тіпті мектептегі мұғалімдеріммен сөйлесіп, мені футбол таңдауға көндірді.

- Футболдағы мансабыңыз туралы айтып беріңізші, Қазақстан құрамасының капитаны болғанға дейінгі қайда ойнадыңыз?

- Емелин Борис Александрович мені бірден ұлттық құрамаға алды. Еңбек жолымдағы алғашқы келісімшартыма 15 жасымда қол қойдым. 18 жасымда Қазақстан әйелдер құрама командасының вице-капитаны болдым. Араға екі жыл салып Қазақстан әйелдер құрама командасының капитаны атандым.



- Қазақстан құрамасының капитаны болу сіз үшін ең бірінші кезекте қандай жауапкершілікті жүктейді?

- Расымен де үлкен жауапкершілік, матч алдында өзім ғана емес, сонымен қатар басқа да қыздардың жарысқа толықтай дайын болуын қадағалаймын. Олардың дайындығын жіті бақылап отырамын. Қыздардың жаттықтырушы берген нұсқауын дұрыс орындауына көмектесемін. Әрдайым командаға мотивация беріп, әріптестерімді қолдауға бар күшімді саламын.

- Ер азаматтармен жиі футбол ойнасыздар ма? Олар қыздардың ойынына қандай баға береді?

- Жігіттермен жиі футбол ойнап тұрамыз. Өйткені, бізбен футбол ойнағысы келетін ер азаматтардан жиі ұсыныс түседі. Сондай ойындарда жігіттер жеңіске жетіп жатса, олар ерекше қуанып кетеді. Бізбен футбол ойнағысы келетіндердің дені - жаттықтырушылар, төрешілер және жасөспірім балалар. Ара-тұра жасөспірімдермен жолдастық кездесу өткіземіз. Кей кездері қаладағы футбол алаңдарына барып, сондағы жігіттермен доп теуіп, көңіл сергітетін әдетіміз бар.

- Әдетте, футбол спортында қыз бала қандай қиындықтарға тап болады?

- Жалпы бұл спорт түрінде қыздарға өте көп жаттығу жасауға тура келеді. Мәселен, ер азаматтар қыздарға қарағанда футболға икемді келеді, тез үйренеді. Міне, сондықтан да қыз балалар көп жаттығады.

- Командадағы қыздардың ұйымшылдығы қалай? Әдетте қыз бала эмоцияға жиі жол беретіндіктен, ұрысып немесе ренжісіп қалған сәттерде мәселені қалай шешесіздер?

- Команданың ұйымшылдығы өте жақсы. Қыздар ренжісіп қалған сәтте бір-бірімен сөйлеспей жүруі мүмкін. Бірақ, бізде жиі матч болады, алаңға шыққанда өкпе-реніштің бәрі ұмытылады. Керісінше, жеңіске жетіп жатсақ, бір-бірімізге қолдау білдіріп отырамыз.

- Футболшылардың жалақысы аз еместігі белгілі. Ал қыздар футболындағы жағдай қалай?

- Қыздардың жалақысы ерлердікімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Бір айтарым, қыздар футболды жалақы үшін ойнамайды, олар футболды жақсы көргендіктен ойнайды.

- Футбол әлемінде кімді үлгі тұтасыз?

- Әдеттегідей, әлемнің ең үздік екі ойыншысы: Криштиану Роналду және Лионель Месси.

- Футболшы қыздардың сәнді киінуге, боянуға қатысты көзқарасы қалай? Шопинг жасағанды, түрлі косметика алғанды қаншалықты ұнатады?

- Мамандығымыз футболшы болғандықтан, көбіне спорттық киіммен жүреміз. Қыдыруға, той-томалаққа шыққанда сәнді киінуге тырысамыз. Шопингті басқа мемлекеттерге барған кезде жиі жасаймыз, ал косметиканы өте аз қолданамын.

- Үй шаруасында қандайсыз? Қандай ас түрін әзірлей аласыз?

- Ең бастысы, бешбармақ (ет – авт.) әзірлеуді білемін. Анам бала күнімнен ас әзірлеуді үйреткен. Сондықтан күнделікті дайындалатын барлық тағам түрлерін жасау қолымнан келеді.

- Футболшы болмасаңыз, қандай мамандықты таңдар едіңіз?

- Бәрібір футболшы болуға тырысатын едім (күліп).

- Кәсіби футболшы қыздар 8 наурыз мерекесін қалай атап өтеді?

- 8 наурызда командадағы қыздар жиналып, караокеде ән салғанды ұнатамыз.

- Рахмет, жеңісті күндеріңіз көп болсын!
Просмотров материала: 4 874

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 820 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 214 489 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 213 987 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 214 028 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 214 401 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 428 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 463 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 785 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 439 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 502 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 694 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 775 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 870 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 545 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 419 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 316 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 658 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 398 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 797 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 596 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 426 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 271 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 127 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 473 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 356 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 838 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 133 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 179 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 417 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 805 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 161 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 104 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 237 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 178 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 400 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 552 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31