10 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қант іздеген халық алаяқтарға алданып жатыр

14 июнь 2022, 9:06
Қант іздеген халық алаяқтарға алданып жатыр

Фото: Видео скрин
Қант тапшылығы алаяқтардың табыс көзіне айналды. Қат тауарға айналған шекерді "көтерме бағамен сатамыз" деген ғаламтордағы жарнамаға жұрт жаппай алданып жатыр. Ақшасын аударған соң саудагерлер зым-зия жоқ болады екен.

Қазір құмшекер еліміздің барлық өңірінде тапшы. Бағасы аспандап кеткен өнімді алу үшін жұрт күні бойы кезекке тұруға мәжбүр, деп хабарлады КТК.

Ақтөбеде шағын дүкендерде тәттінің келісі 700 теңге болса, супермаркеттерде әлеуметтік бағамен 400-450 теңгеге сатылып жатыр. Екі есе төмен бағамен алу үшін тұрғындар таңнан кезекке тұратын болған. Сарылып кезек күтуге жүйкесі шыдамай жанжал шығаратындар да бар екен. Жақында солардың бірі қантқа келген баланы қуып жіберген.

Қант өндіретін екі зауыты бар Таразда да бұл мәселе күйіп тұр. Жақында әлеуметтік дүкенге тауар әкелгенде ентелеген жұрт дүкеншілерді таптап кете жаздаған. Осы оқиғадан кейін келісі 330 теңге тұратын шекер 450 теңгеге дейін қымбаттапты. Сатушылардың қауіпсіздігі үшін күзет қойылған.

"Кешеден бері қанттың келісі 450 теңге болып кетті. Бірақ бағаға қарап жатқан ешкім жоқ. Ұзын-сонар кезек. Екі полиция қызметкері күзетіп, бізді бір-бірден жіберіп тұрды. Бүгін 300 келі қант келіп еді, бір түйір де қалған жоқ. Бір сағатта талап әкетті", - дейді кассир Фатима Харсиева.

Қат болған қанттан оңай олжа табуға тырысқан алаяқтар да көбейген. Олар ғаламтор арқылы арзан бағаға қант сатылатынын айтып, жұртты қызықтыратын жарнама жариялай бастаған. Тіпті көлікпен әкелінген қап-қап шекерді бейнетаспаға түсіріп те көрсеткен. Таразда алаяқтардың арбауына түсіп қалып, есепшотына ақша салғандар да бар.

"Өздеріңіз білесіздер, қант жоқ. Еш жерден таппаған соң, ғаламтордан іздедік. "50 келілеп бірақ сатылады" деген хабарландыру ілікті. Ватсап арқылы ғана қоңырау шалуға болады. Телефон көтерген жігіт "ең аз тапсырыс 250 келі" екенін айтты. Көршілеріммен бірге, телефонына ақша салып, енді оларды таппай отырмыз", - дейді Тараз қаласының тұрғыны Юлия Гемон.

Алаяқтарға алданғандарға әзірге ешкім көмектеспеген. Полиция алғашқыда арызды тіпті қабылдамаған. Түрлі деңгейдегі құзырлы органдарға шағымданған соң, алаяқтарды іздеуге уәде берген. Әзірге қанша адамның қант аламыз деп алданғаны белгісіз.
Просмотров материала: 1 379

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 226 276 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 225 973 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 225 477 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 225 519 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 225 879 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 053 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 074 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 418 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 123 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 140 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 341 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 956 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 084 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 701 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 580 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 636 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 819 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 573 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 989 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 766 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 579 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 432 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 272 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 643 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 510 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 004 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 447 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 326 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 562 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 961 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 308 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 245 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 385 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 322 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 582 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 699 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30