5 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Адам қырғын». Қызылордалықтар қант алу үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр

«Адам қырғын». Қызылордалықтар қант алу үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр

Сурет: unsplash
Жұрт қаладағы әлеуметтік дүкендерді таңертеңнен бастап төңіректейді. Онда да бір адамға беретіні - бір келі қант. Ал базарда қанттың бағасы "ұшып" тұр.

Қаладағы әлеуметтік дүкендердің алды күнде ығы-жығы адам. Басқа сауда орындарында қант тапшылығы жоқ. Бірақ, жұрт оны дәл осындай дүкеннен алғысы келеді. Өйткені, базарда баға қымбат. Келісі - 500 теңге. Ал әлеуметтік дүкендерде бір келі қант 263 теңге тұрады. Сондықтан сұраныс жоғары. Халық сағаттап кезекке тұруға мәжбүр. Онда да бір адамға -1 келі қант. Алайда оның өзі біріне жетсе, біріне жетпейді, қалтасы бос қайтатындар көп, делінеді Астана телеарнасының арнайы сюжетінде.

100 шақты адам жиналады күнде. Таңғы 8-ден 12-1-ге дейін. Кейбіріне жетпейді, қайтатын да күндер болады. Пенсиясы 70-80 мыңнан аспайды көпшілік халықтың. Сондықтан мына магазин тиімді халыққа.

Қызылорда қаласының тұрғыны Жұмағали Көрпебаев

Көп болады адам, қырғын болады. 70 мың сом зейнетақы аламыз. 7 немерем бар. Жетпейді ғой қант. 1 кг қант не болады? Магазиннен алсақ қымбат қой.

Қызылорда қаласының тұрғыны Дариға Уайдаева

Әлеуметтік дүкендерге өнім азық-түлік тұрақтандыру қорының қоймасынан жеткізіледі. Онда қанттан өзге, халық күнделікті тұтынатын 19 түрлі азық бар. Алайда, шекердің өтімділігі жоғары болып тұр. «Күнделікті неше қап қант алғызсақ та қас-қағым сәтте жоқ болады», - дейді сатушылар.

Күніне 6-7 қаптан алған күндерім де болды. Халыққа жетпейді бұл нәрсе. Сосын қазір 3-4 қап қана аламын. Өйткені күнде бір халық алып жатқан. Бұл жерге 150-дің үстінде адам жиналады. Келіп кететіні бар және 100 адам тұратыны бар мына жерде күнде. Өткенде 7 қапты 1,5 сағатта тауысып бердік.

Сатушы Бота Нәметова

Жауапты корпорацияның мәліметінше, бұған дейін қаладағы 36 әлеуметтік дүкенге күніне 500-700 келі қант жеткізіліп келген. Ал қазір сұраныс өсіп, 2 тонна үлестіріледі екен. Алыпсатарлықты болдырмас үшін әр адамға 1 келі ғана сатылады дейді. Қанша шектесе де, қордан берілетін арзан өнімнен пайда тапқысы келгендер анықталған.

Әдейі өзіміз тексереміз, алыпсатарлық болмасын деп. Сондай ұсталып қалған кәсіпкерлер бар. Оларға айыппұл салдық, келісімшартты бұздық. 5 магазиннен сондай нәрсе анықталды, мысалыға. Қасындағы көрші тұрған дүкенге алып барып, мешокпен беріп жатқан. Халық барады сұрап, жаңа ғана таусылып қалды дейді.

"Байқоңыр" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басшысының орынбасары Жеңісбек Ахметов

Тұрақтандыру қорында бұған дейін 80 тонна қант болған. Жыл басынан тағы 272 тонна тапсырыс беріліп, оның жартысынан көбі жеткізілген. Соңғы келгенінің бағасы-324 теңге. Соған қарамастан қор есебінен әлеуметтік дүкендердегі бағаны тұрақты ұстап отырмыз дейді жауаптылар. Алайда, қанша көлемді шекер келсе де, халықтың шекесі шылқып отырғаны шамалы.
Просмотров материала: 624

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 203 042 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 202 668 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 202 162 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 202 220 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 202 582 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 808 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 865 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 171 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 792 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 866 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 050 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 637 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 669 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 441 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 296 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 915 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 539 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 236 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 634 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 454 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 325 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 155 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 014 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 334 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 234 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 723 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 691 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 072 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 306 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 686 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 061 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 003 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 123 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 067 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 271 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 425 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930