18 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ұнның қабы 3-4 мыңға бір-ақ көтерілген. Бұл қымбатшылықты жұрт түсінбей дал

17 июнь 2021, 10:03
Ұнның қабы 3-4 мыңға бір-ақ көтерілген. Бұл қымбатшылықты жұрт түсінбей дал
Елімізде ұн бағасы 15 пайызға қымбаттаған. Ұнның келісі кей өңірлерде 360 теңгеге жетті. Соның салдарынан нан өнімдерінің бағасы да шарықтап бара жатыр. Қымбатшылық қыспаққа алды деген қараша бидай ұнын қабымен алуды ұмыттық деп қынжылады, деп хабарлайды КТК.

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық ұн өндірісінің көлемі ішкі нарықты қамтамасыз етуге жеткілікті екенін жеткізді. Алайда бағаны ауыздықтауға оның септігі тимей тұр. Елімізде ұнның құны да өзге азық-түліктен қалыспай күннен-күнге қымбаттап жатыр. Өткен жылмен салыстырғанда ұн бағасы15 пайызға бір-ақ көтерілген. Бұл өз кезегінде нан өнімдерінің бағасына да тікелей әсер етеді. Мәселен, Алматыда ең арзанының келісі 215 теңгеге жетті. Жоғарғы сұрыпты ұн бағасы тіпті 300 теңгеге дейін барады.

Самат Қабылбеков, Алматы қаласының тұрғыны:

- Ұнның өзі қазір 10 мың теңгеге жетті. Бұрын дүкеннен 7 мыңға алатынбыз. Қазір қабы 3-4 мыңға қымбаттап кетті. Бидай өзімізде егіледі. Білмеймін енді. Әр дастарқанда тұратын тағам. Бәрі қымбаттады деп қымбаттата бергеннің қажеті жоқ.

Республика бойынша ең қымбат ұн - Нұр-Сұлтан қаласында. Бас қалада ұнның келісі орташа 340-360 теңгеден сатылып жатыр. Елордалықтар қымбат бағаға көнуден басқа амал жоқ дейді. Таразда жұрт ұнды қабымен алуды ұмыттық деп отыр. Қымбатшылық қыспаққа алды деген жамбылдықтар ең қажетті әрі сұранысқа ие отандық өнімнің құны ай сайын көз алдымызда құбылады деп аң-таң.

Ғабит Ұлынбеков, Тараз қаласының тұрғыны:

- Бұрын мен қабымен алатынмын. Қазір осылай келімен алуға мәжбүрмін. Өткен айда ұн 700 теңге тұрған. Қазір мың теңге деп тұр. Күн сайын 50-60 теңге қоса ма, түсінбедім.

Астықтың отаны саналатын солтүстік өңірлердің өзінде бірінші сұрыпты ұнның келісі 144, жоғарғы сұрыпты 180 теңгеге қымбаттапты. Баға көтерілгелі көкшетаулық кәсіпкер Бибігүл Нұрышеваның кірісінен шығысы көбейген. Ол өнімдерін тек ұннан жасайды. Самса, бәліш пісіріп нәпақа табатын келіншек астықты өңірде ұнның шарықтауы ақылға қонымсыз деп күрсінеді.

Бибігүл Нұрышева, кәсіпкер:

- Ұн қатты қымбаттап кетті. Май да қымбаттады. Біз істейтін тағамның бәрі майға қуырылады, ұннан жасалады. Чебурек 150 теңге болған, қазір - 220 теңге.Бұл сұмдық қой! Өз бидайымыз бар, өзіміздің май шығаратын зауытымыз бар.

Жыл басынан бері Қазақстанда 1,1 млн тонна ұн өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамалы аз. Отандық ұн өндірушілердің экспорт көлемі де бірден 20 пайызға азайыпты. Қазақстанда диірмендер саны да азайып жатыр. Бәсекелестікке төтеп бере алмай, шағын компаниялар ғана емес, ірі өндіріс ошақтары да жұмысын тоқтатуға мәжбүр. Сарапшылар бағаның өсуіне ұн өндірсінің төмендеуі себеп деп отыр. Алайда ауыл шаруашылығы министрлігі былтыр жиналған астық ішкі сұранысты қамтуға жетеді деп сендірді. Қазақстан қамбаларында 18 млн тоннадан астам астық қоры бар екенін ескерсек, бұл қымбатшылық қисынға келмейді.

Просмотров материала: 1 167

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 204 749 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 204 384 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 203 875 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 203 937 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 204 299 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 899 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 955 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 262 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 893 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 968 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 154 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 667 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 697 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 457 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 317 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 991 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 554 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 261 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 660 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 475 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 340 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 174 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 033 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 356 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 254 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 741 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 775 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 091 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 325 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 702 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 075 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 018 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 142 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 089 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 290 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 448 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930