16 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

29 апрель 2022, 15:07
Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Фото: Inform.kz
Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды. Ол 14 мамырға дейін жалғасады. ҰБТ-ға қатысу үшін http://app.testcenter.kz сайтында тіркеуден өтуге болады, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.

Тестілеудің өзі 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді. Бұл ретте талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алады.

"Бұған дейін министр Асхат Аймағамбетов түлектерге жолдаған хатында талапкерлерге тиімді шешім қабылданғанын мәлімдеген болатын. Енді олар ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндік алды. Сонымен қатар бір бейінді пәндердің комбинациясын екі рет таңдауға болады", - деп түсіндірді БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Айта кетейік, алдыңғы екі ҰБТ-2022 (қаңтар, наурыз) қорытындысы бойынша тестіленушілердің орташа балы 68,5 балды құрады, бұл былтырдың нәтижелерінен жоғары. Қатысушылардың 70%-дан астамы шекті балды жинай алды, ал ең үздік көрсеткіш - 135 балл. Талапкерлердің академиялық адалдықты сақтауында да оң өзгеріс байқалады. Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеттері, сондай-ақ оларды тестілеу кезінде пайдалану 2-3 есе азайды.

Сонымен қатар наурыз айында өткен ҰБТ-да әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау енгізілді. Бұл талапкерлерге өздерінің әлсіз тұстарын жақсартып, негізгі ҰБТ-ға бұдан да тыңғылықты дайындалуға мүмкіндік береді.

Түлектердің ҰБТ-ға жақсы дайындалуының тағы бір мүмкіндігі – Ұлттық тестілеу орталығының тегін онлайн-сынақ тестілеуін іске қосуы. Онымен қоса ҰТО-мен бірлесіп әзірленген білім беру орталықтарының тегін онлайн сабақтары да жалғасып жатыр.

Айта кетейік, академиялық адалдықты сақтау үшін талапкерлердің тест нұсқасы таңбаланады. Яғни әрбір ҰБТ-ға қатысушысының жеке тест нұсқасы болады. Ережелерді бұзған және тест тапсырмаларын аудиториядан тыс жерге шығаруға тырысқан жағдайда, Ұлттық тестілеу орталығы ереже бұзушыларды анықтап, оның тест нәтижелерін жояды.

Пәндердің саны өзгеріссіз қалады - үш міндетті және екі таңдау бойынша. Тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихынан - 15, математикалық сауаттылықтан - 15, оқу сауаттылығынан - 20 және екі бейіндік пәннен - 35. Ең жоғарғы ұпай саны – 140.

Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беруді қажет ететін талапкерлерге тест тапсырмаларын орындауға қолайлы жағдай жасау үшін алғаш рет негізгі 240 минутқа қосымша тағы 40 минут берілді. Сонымен бірге ерекше талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізілді. Олар үшін тест нұсқалары суреттерсіз, диаграммаларсыз және сызбаларсыз әзірленді. Сондай-ақ ҰБТ кезінде компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі және металдардың бірқатар белсенділігі қосылған тұздың ерігіштігі кестесі қолжетімді болады.

Еске сала кетейік, үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат аппеляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Просмотров материала: 1 980

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 590 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 222 286 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 780 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 815 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 222 191 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 846 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 878 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 210 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 889 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 920 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 129 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 877 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 014 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 646 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 521 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 544 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 759 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 516 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 915 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 707 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 524 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 366 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 208 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 580 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 455 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 943 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 376 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 273 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 508 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 902 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 249 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 192 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 342 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 270 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 513 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 645 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031