17 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Білім гранттарына 75 мың талапкер өтініш берді

Білім гранттарына 75 мың талапкер өтініш берді
75 мың талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Құжаттарды қабылдау 16-26 шілде аралығында жүзеге асырылды. Байқау нәтижелері 15 тамызға дейін жарияланады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үміткерлер арасында 7054 "Алтын белгі" иегері, 576 халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, сондай-ақ патриоттық сезімі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін үздік белгісімен марапатталған 705 бала бар. Балдар тең болған жағдайда олар басым құқыққа ие болады.

Сонымен қатар биыл БҒМ алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға квота бөлді. Енді жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, толық емес отбасылардан шыққан балалар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі артты. Оларға арнайы гранттар бөлінген. Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5%-ы, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға – 1%, І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1%-ы көзделген, – деп атап өтті ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
Сондай-ақ ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға және ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға квота қарастырылған.

Биыл 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. ҰБТ қорытындысы бойынша шекті балды 88 мыңнан астам адам жинады, бұл – қатысушылардың жалпы санының шамамен 60%-ы. Биылғы жылы орташа балл 69 балды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 балға жоғары.

ҰБТ қорытындысы бойынша кемінде 65 балл жинаған талапкерлер ұлттық жоғары оқу орындарында грантқа үміткер бола алатынын айта кетейік. "Педагогикалық ғылымдар" бағыты бойынша кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" − кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін кемінде 50 балл қажет.

Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Конкурстық комиссияның отырысы 10 тамызға дейін өтеді. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, журналистер, "Қазақстан студенттері Альянсының" және "Отандастар" қорының өкілдері кірді.

Просмотров материала: 1 711

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 184 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 217 862 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 217 366 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 217 407 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 217 780 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 603 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 636 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 960 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 630 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 678 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 874 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 817 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 923 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 580 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 453 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 406 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 692 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 437 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 846 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 640 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 461 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 304 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 155 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 503 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 391 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 881 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 236 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 210 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 447 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 842 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 191 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 139 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 275 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 214 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 448 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 590 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930