25 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



2021 жылы магистратура және докторантураға түсу ережелері қандай

2021 жылы магистратура және докторантураға түсу ережелері қандай
Биыл магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге тіркеу 18 маусымда басталады. Ал докторантураға құжаттар 3 шілдеден бастап қабылданады. Талапкерлер оқуға түсуге арналған емтиханды компьютер арқылы тапсырады.


Sputnik Қазақстан биылғы тестілеудегі өзгерістерге шолу жасады.

Магистратураға қашан құжат тапсырады

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін тіркеу 18 маусымда басталады. Тіркеу білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz (https://app.testcenter.kz/language-select ) сайтында жүргізіледі.

Емтихан 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.

Биыл магистратураға түсу форматына өзгеріс енгізілген жоқ. Тестілеу нәтижесімен келіспеген талапкер кешенді тестілеу аяқталған соң 30 минуттың ішінде апелляцияға өтініш бере алады.

Магистратураға түсу неше кезеңнен тұрады

Магистратураға түсуге арналған тестілеу 3 бөлімнен тұрады:

шет тілінен тест;
оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.
Емтихан тапсыруға 4 сағат беріледі.

Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар талапкер шет тілі бойынша кешенді тестілеуден босатылады.

"Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу барысында шет тілінен тест тапсыруға болады", - деп хабарлады министрлік.
Магистратураға үміткерге шет тілі бойынша автоматты түрде 50 балл берілуі үшін кемінде IELTS 6.0, IELTS INDICATOR 6.0, TOEFL ITP 543, TOEFL IBT 60, TOEFL PBT 498 болуы керек.

Магистратураға түсу бойынша шектік бал – 75 балл. Ақылы негізде оқуға түсу үшін 50 балл жинау қажет.

2021-2022 оқу жылына магистратураға 13 263 грант бөлінген.

Докторантура емтиханы жаңа форматта өтеді

Докторантураға өтініш қабылдау 3 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасады. Докторантураға түсу емтихандары 4-20 тамыз аралығында өтеді.

Талапкер докторантураға түсу үшін бір ғана жоғары оқу орнын және бір білім беру бағдарламасын таңдай алады.

Докторантураға түсу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы арқылы қабылданады. Содан кейін өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесінде тіркеледі.

Үміткерлер емтиханды өңірлік тестілеу орталықтарында тапсырады. Тестілеу компьютерлік форматта өтеді.

Мәдениет және спорт министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсушілер емтихандарды өз жоғары оқу орындарының базасында тапсырады.

Оқуға тапсыруға ниетті әрбір үміткерге жеке кабинет ашылады. Емтихан тапсыратын күнді Ұлттық тестілеу орталығы бекітеді. Емтихан бағдарламасы мен кестесі емтихан алдында жеке кабинетке жіберіледі.

Грантқа түсу үшін 75 балл жинау керек

Докторантураға магистр дәрежесі және кемінде 9 ай жұмыс өтілі бар үміткерлер тапсыра алады. Ал медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтаған тұлғалар қабылданады.

"Кем дегенде 9 ай еңбек өтілінің уақыты оқуға түсушінің жалпы еңбек өтіліне қатысты", - деп нақтылады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін шет тілін меңгергенін растайтын сертификат міндетті.

Айта кетейік, Duolingo English Test 2021-2022 оқу жылында магистратура мен докторантураға түсу кезінде шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар тізімінен шығарылды.

Осылайша докторантурға үміткердің шет тілін меңгергені кемінде IELTS 5,5, IELTS INDICATOR 5,5, TOEFL ITP 460, TOEFL IBT 46, TOEFL PBT 453 болуы керек.

Докторантураға оқуға түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші – 100 балл. Оның ішінде эссе – 20 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейінді емтихан сұрақтары – 50 балл.

Докторантураға түсу емтихандары ҰБТ-ға қойылған талап негізінде Ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілген пункттерде өтеді.

"Бұл бізге докторантураға ең мықты және лайықты үміткерлердің оқуға түсуіне тиісті жағдай жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын", – деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Тапсырмаларды талапкер компьютер арқылы бейнекамера алдында отырып жазады. Емтихан тапсыруға 4 сағат беріледі.

Грантқа түсу үшін шектік балл 75 балды құрайды. Ал оқуға ақылы негізде түсу үшін шекті балл – 50.

2021-2022 оқу жылына PhD мамандарын даярлауға 1 890 мемлекеттік грант бөлінді. Қай салаға қандай көлемде грант бөлінетіні қазір бекітіліп жатыр, толық нұсқа баспасөз беттерінде жарияланады.

Шәкіртақы көбейеді

2021-2022 оқу жылында студенттердің шәкіртақысы 20%-ке артады, енді олар 31 мың теңгеден артық алады. Магистранттар мен докторанттар үшін стипендия көлемі 15%-ке жоғарылайды. Енді магистранттар 76 мың теңгеден артық, ал докторанттар 172 мың теңгеден астам шәкіртақы алады.

Просмотров материала: 2 914

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 830 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 214 499 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 213 998 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 214 038 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 214 411 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 429 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 464 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 786 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 440 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 503 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 695 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 775 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 870 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 545 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 419 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 316 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 658 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 398 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 797 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 596 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 426 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 271 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 127 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 473 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 356 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 838 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 133 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 179 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 417 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 805 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 161 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 104 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 237 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 179 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 400 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 553 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31