15 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жеңілдетілген автонесие алу мүмкіндігіңіз қандай?

29 апрель 2022, 11:04
Жеңілдетілген автонесие алу мүмкіндігіңіз қандай?

Фото:elements.envato.com
Сарапшы әрі Тәуелсіз автомобиль одағының (ТАО) төрағасы Эдуард Эдоков Tengrinews.kz тілшісімен әңгіме барысында орташа статистикалық қазақстандықтың жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысу мүмкіндігін бағалады, сондай-ақ бүгінде еліміздің автосалондарындағы жағдай туралы айтты.

100 миллиард көп пе?


Утилизациялық алымының бұрынғы операторы бес жыл жұмысы ішінде шамамен 600 миллиард теңге жинақтады, оның 100 миллиарды таяу күндері қазақстандықтарды жеңілдетілген автонесие бағдарламасын іске қосуға жіберіледі.

"Бір қарағанда, бөлінген 100 миллиард ғажайып сома болып көрінуі мүмкін. Шындығында, бір қазақстандыққа орта есеппен 10 миллион теңге бөлінетінін ескерсек, бұл бағдарлама 10 мыңға жуық көлікке ғана жетеді. Қазақстандағы көліктерге деген сұранысқа келер болсақ, былтыр нарықта 120 мың жаңа көлік, оған қоса, менің ойымша, 500-600 мыңдай ескі көлік сатылды. Осы 10 мың көлік қазақстандықтардың көлікке деген нақты сұранысын қанағаттандыра ала ма?", - деп сұрады сарапшы.

Револьверлік схема көмектеспей ме?

Қаңтарда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесиелеуді револьверлік принцип бойынша іске қосу туралы ойлады, яғни бұл жағдайда несиелер бойынша ай сайынғы төлемдер бағдарламаға қайтарылып, келесі қатысушыларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

"Мұнда пікірлер әртүрлі. Менің білуімше, револьверлік шарттар жазбаша түрде еш жерде жазылмаған және қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерде рәсім тетігінің сипаттамасы жоқ. Автомобиль бизнесі қауымдастығы револьверлік схема болмайды деп мәлімдеді, ал шенеуніктердің бірі керісінше мәлімдеді", - деді ол.

Автомобиль одағының басшысы бағдарлама револьверлік жүйе бойынша жұмыс істесе, әрине, қазақстандықтар көбірек қатыса алатынын айтты.

"Жеңілдетілген несиелерін төлеп жүрген адамдардың ақшасы револьверлік жүйе бойынша жинақталғанша қанша уақыт керек? Себебі төлемдер 7 жылға созылады. Бұл басқа сұрақ", - деді Эдоков.

Дефицит жағдайындағы "ғажайып" ұсыныс

Эдуард Эдоков анонсқа дейін Қазақстанда автосалондарда көлік алуға деген кезек көп болғанын еске салды. Оның ойына, бағдарлама қосылса автокөлік алу одан да қиындау түседі.

"Энергия тасығыштар мен металл бағасының өсуі, электр чиптерінің тапшылығы, логистика мәселелері, пандемиядан кейінгі афтершоктар – мұның бәрі бүкіл әлем бойынша автомобиль өндірісіндегі осы негізгі проблемалардың барлығы ешқайда кеткен жоқ, ал оған енді көліктердің ай сайын бағасы өсіп, тапшы болатыны да қосылады", - дейді ол.

Маман қазіргі факторларға Қазақстанмен көршілес орналасқан елдердегі геосаяси жағдай да қосылғанын атап өтті.

"Қазақстан сатып алатын көліктердің жартысы Ресейден немесе Ресей арқылы келетін. Кейінгі оқиғалар көрші елде автокөлік өндірісінің тоқтауына себеп болды. Одан бөлек, Украинада көлікке арналған заттар шығаратын зауыттар тоқтады", - дейді сарапшы.

Эдоков ресейлік нарыққа сұраныстың көбі Қазақстанға өтетінін, ал бұл республикадағы жағдайға әсер ететініне сенімді.

"Еске салайын, Ресейде көліктерге сұраныс өте аз. Мәселен, былтыр Ресей Федерациясында бір жарым миллион жаңа автокөлік сатылды. Ресейліктер қазақстандық автокөлік нарығын "тазалай бастағаны" айдан анық. Бұл Қазақстан дүкендеріндегі автокөлік тапшылығына, кезектерге және бағаларға қатысты шиеленіскен жағдайды одан әрі ушықтыра түседі. Қазіргі жағдайда дүкендердегі көліктерге айына миллион теңге қосылуы мүмкін", - деді ол.

Сарапшының пікірінше, мемлекет жағдайға ықпал ете алмайды.

Бұл ретте Тәуелсіз автокөлік одағының басшысы бұған дейін жарияланған бағдарлама шарттары - 4 пайыздық мөлшерлеме, 7 жылға бастапқы жарнасыз – шынымен де "ғажап" деп келісті.

"Бағдарлама шын мәнінде бірегей - инфляция 15-20 пайыз болғанда 4 пайыздық несие алу. Оның үстіне жақында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы да арттырды, енді коммерциялық несиелер жылдық 20 пайыздан басталады. Ғажайып, басқа ештеңе айта алмайсың", - дейді Эдуард Эдоков.

Қарапайым қазақстандықтың мүмкіндігі қандай?

"Қорытындылай келе, күрт тапшылық жағдайында жүз мыңдаған өтініш беруші арасында 10 000 автокөлік "ұтыс тізбегінен" өтуі керек деп айта аламыз. Бұл бағдарлама бойынша автокөліктердің сатылуын болжау мүмкін емес, мұндай жағдайда екінші деңгейдегі банктер бұл кезекте тұрған адамдарды алғашқы он мыңға жақындата бастайды. Қайталап айтамын, 10 мың Алматы үшін өте аз, ал бұл несиелерді бүкіл елге тарату керек. Қандай мүмкіндіктер бар?... Менің ойымша, мүмкіндік өте төмен", - деді Автомобиль одағының төрағасы.

Ал, кейбір мәліметтерге қарағанда, бағдарламаның өткен тұсаукесерлеріне қатысуға тырысқан және 7 пайыздық несиеге кезекте тұрған он мыңдаған қазақстандық жеңілдетілген автонесие алу үшін кезекте тұр.

"Бұған дейінгі жеңілдетілген автонесиелеу кезінде мемлекет бюджеттен ақша бөлді, бұл жолы жеке компания шотынан қаражат бөлінді. Содан бері екінші деңгейлі банктер тізімі бар шығар. Олар бұрынғы тізім бойынша несие беруді жалғастыра ма, әлде жоқ па - бұл ашық мәселе. Күту керек", - деді ол.

Кезекке қашан тұру керек?

Бақ сынап көру үшін жеңілдетілген авонесиелеумен айналысатын банкке бару керек, деді сарапшы.

"Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейлі банктер белгілі болғаннан кейін, бірден жеңілдетілген несие алуға өтініш жазуыңыз керек. Бұл жылдам бітетін рәсім емес: банк сіздің төлем қабілеттіңіз, несие тарихыңызды зерттейді, ай сайынғы табыс және т.б. Ықтималдық төмен, бірақ мүмкіндік бар", - деп қорытындылады Эдуард Эдоков.
Просмотров материала: 641

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 273 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 777 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 366 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 418 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 718 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 469 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 603 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 834 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 996 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 147 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 768 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 056 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 439 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 268 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 094 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 356 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 036 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 431 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 150 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 985 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 825 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 089 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 058 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 859 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 128 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 490 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 873 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 825 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 877 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 840 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 068 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 212 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031