8 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қандай көліктерді жаңа жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен алуға болады?

25 март 2022, 15:40
Қандай көліктерді жаңа жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен алуға болады?
Отандық автомобильдерді халыққа қолжетімді ету үшін мемлекет жеңілдікпен несие беру бағдар­ла­ма­сы­на 100 миллиард теңге бөліп, оның шарттарына өзгеріс енгізді. Бұрынғы мен қазіргі бағдарламаның айырмасы не? Енді қандай көліктерді жеңілдетілген несиемен рәсімдеуге болады?

Қаржыгер Нұрмұхамед Маманов жеңілдетілген көлік несиесінің маңызын түсіндірді.

"Жеңілдетілген автонесие Қазақстан нарығына керек басты механизмдердің бірі екені белгілі. Неге десеңіз, оның арқасында еліміздің көлік нарығындағы бірнеше мәселені оңай шешуге болады. Мысалы, Қазақстандағы 100 көліктің 64-і ескірген, яғни бұл өз кезегінде экологияның нашарлауына және жол апатының көбеюіне әкеліп соғады. Енді осы ескі көліктердің нарықтағы үлесін азайту үшін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы таптырмас мүмкіндік болып тұр", - дейді ол.

Сонымен қатар, ол жаңартылған автонесиеге тоқталып, ескі бағдарламаның ең осал тұсын атады.

"Қазіргі мен бұрынғы бағдарламаның басты айырмашылығы - бастапқы жарнаның болмауы. Яғни 2015 жылдан бері қолданыста болған бағдарламаны алып қарасақ, онда 20 пайыз бастапқы жарна төленуі қажет деп көрсетілген. Егер 10 миллион теңгенің көлігін несиеге рәсімдегіңіз келсе, оның бастапқы жарнасы 2 миллион теңгеге шығады. Қарапайым халыққа 2 миллион теңгені тауып, одан кейінгі соманы несие бойынша өтеу оңай болмағаны анық еді. Бұрынғы бағдарламаның ең осал тұсы осы еді", - дейді Маманов.

Оның сөзінше, кейінгі 3 ай ішінде 15 мыңнан аса қазақстандық жаңа бағдарлама бойынша өтінім жасаған.

"Жыл басынан жаңартылған жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қызығушылық танытып, өтінім білдірген қазақстандықтардың саны 15 мыңнан асып кетті. Бұл бағдарламаға деген сұраныстың деңгейін көрсетеді", - деді қаржыгер.

Нұрмұхаммед Маманов көлік сатып алу үшін жеңілдетілген автонесиенің шарттарын айтты.

"Несие 4 пайызбен беріледі және бастапқы жарна қажет емес. Несие мерзімі - 7 жыл. Ең бастысы, несие 10 миллион теңгеден асып кетпеуі керек. Егер 10 миллионнан асатын несие болса, тұтынушы артық соманы өз қалтасынан төлеп, қалаған көлігін алуға мүмкіндігі бар", - деді ол.

Автонесиелеу маманы, DKA қоғамдық қорының басшысы Нұрсұлтан Нұрсипат 10 миллионға дейінгі шектеудің қайдан шыққанын айтып берді.

"Неге 10 миллионға дейін шектеу қойылды деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл жерде 20 пайыздық бастапқы жарнаның қажеттілігі жойылғанын ескеруіміз керек. Ескі бағдарламада 15 миллионға дейінгі көлікті рәсімдеуге болды, бірақ оны алу үшін 3 миллион бастапқы жарна төленуі қажет етілді. Қарапайым тілмен айтқанда, қаржылық қауіп-қатердің алдын алу шарасы қолданылып отыр. Оның үстіне, халыққа көлікті рәсімдеу үшін бастапқы жарнаны табу қиын болды. Демек, алдағы уақытта көптеген адам көлікті несиеге оңай алатын болады", - дейді ол.

Десе де, Нұрсұлтан кез келген адамға несие рәсімделе бермейтінін басып айтты.

"Иә, бұрынғымен салыстырсақ, несие өсімі артады, бірақ бұл бағдарлама барлығына бірдей қолжетімді деп айтуға келмейді. Ең алдымен, жеңілдетілген автонесиені рәсімдеу үшін Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Одан кейін клиенттің жасы 21-ден асуы қажет. Сонымен қатар, олардың тұрақты айлық табысы болуы керек және ол ресми дәлелденуі міндетті. Әрбір екінші деңгейлі банк өз клиентін жеке зерттейтінін білген дұрыс. Оның ішінде тұтынушының несие тарихы, табыс көзі және тағы да басқа шарттар міндетті түрде қаралады", - деп түсіндірді сарапшы.

Сондай-ақ, ол жаңа бағдарлама бойынша қандай көлік маркалары бар екенін тізіп шықты.

"Негізі жеңілдетілген автонесие бойынша мына көліктер түседі: Chevrolet, Hyundai, Škoda, JAC, KIA, Lada және Renault. Дегенмен, бұл көліктердің барлық маркасы қолжетімді емес, осының ішінде 10 миллионнан асып кетпейтіні ғана саудада болады. Қазір әлемдік экономикалық ахуалға байланысты көптеген көлік бағдарламадан шығып қалуы мүмкін. Мәселен, қазір Patriot жол талғамайтын көлігі 8,4 миллионнан басталып тұрса, алдағы уақытта ол 10 миллионнан асып кетуі ғажап емес", - дейді автонесие маманы.

Нұрсұлтан Нұрсипат келтірген дерек бойынша, Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бойынша 30-ға жуық көлік қарастырылған. Ең арзаны - Lada Granta седаны, бағасы 3.7 миллион теңгеден басталады. Ал ең қымбаты - Hyundai Elantra, бағасы 8.4 миллионнан жоғары тұр.

Дереккөз: Tengrinews.kz
Просмотров материала: 639

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 151 713 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 151 523 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 151 178 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 151 207 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 151 505 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 935 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 082 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 253 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 900 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 095 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 026 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 120 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 954 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 826 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 652 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 797 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 937 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 603 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 974 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 702 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 708 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 552 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 392 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 648 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 592 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 103 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 529 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 430 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 675 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 019 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 431 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 409 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 450 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 393 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 627 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 769 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30