2 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бірнеше көлік алуға бола ма? Жеңілдетілген автонесиеге қатысты маңызды 10 сұраққа жауап

13 апрель 2022, 12:55
Бірнеше көлік алуға бола ма? Жеңілдетілген автонесиеге қатысты маңызды 10 сұраққа жауап

Фото: elements.envato.com
Отандық автомобильдерді халыққа қолжетімді ету үшін мемлекет жеңілдікпен несие беру бағдар­ла­ма­сы­на 100 миллиард теңге бөліп, оның шарттарына өзгеріс енгізді. Tengrinews.kz тілшісі жаңа бағдарламаға қатысты басты 10 сұраққа жауап іздеді.

#1. Қазақстандағы жеңілдетілген автонесие шарттары қандай?

Жеңіл автокөлікті сатып алуға несие беру мына шарттар бойынша жүргізіледі:

сыйақы мөлшерлемесі: 4 пайыз;
несиелендіру сомасы: 10 миллион теңгеден артық емес;
қаржыландыру мерзімі: 7 жылдан артық емес;
бастапқы жарна: 0 пайыздан басталады.

#2. Автонесие беру қашан басталады?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасы сәуірдің аяғына дейін іске қосылатынын айтты.

"Осы айдың аяғында жұмысты бастаймыз. Шешім ресми түрде қабылданды. Енді әріптестеріміз жұмысқа кіріседі", - деді Өскенбаев.

#3. Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қанша ақша бөлінеді?

2027 жылға дейін жеңілдетілген автонесиеге 250 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Мемлекет бюджетінен 150 миллиард, ал "ӨКМ Операторы" кәдеге жарату төлемінен 100 миллиард жұмсалады.

"2022 жылы мемлекет бюджеті тарапынан бастапқыда 30 миллион теңге бөлу көзделіп отыр. Келесі жылы 45 миллиард, 2024 жылы 50 миллиард беріледі", - делінген ИИДМ хабарламасында.

#4. Мұндай көлік несиесі не үшін керек?

Қаржыгер Нұрмұхамед Маманов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында несиенің бұл түрі ескірген көлік үлесін азайту үшін қажет екенін айтты.

"Жеңілдетілген автонесие Қазақстан нарығына керек басты механизмдердің бірі екені белгілі. Неге десеңіз, оның арқасында еліміздің көлік нарығындағы бірнеше мәселені оңай шешуге болады. Мысалы, Қазақстандағы 100 көліктің 64-і ескірген, яғни бұл өз кезегінде экологияның нашарлауына және жол апатының көбеюіне әкеліп соғады. Енді осы ескі көліктердің нарықтағы үлесін азайту үшін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы таптырмас мүмкіндік болып тұр", - дейді ол.

#5. 10 миллион теңгеден қымбат көлік таңдауға бола ма?
Бағдарлама бойынша 10 миллион теңгеге дейін несие қарастырылған. Ал көлік 10 миллионнан қымбат болса, 1-2 миллионды өз қалтаңыздан төлеп, несие рәсімдеуге болады. Өте қымбат көліктерге жеңілдетілген автонесие берілмейді. Көлік құралының құны 15 миллион теңгеден аспауы тиіс. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев айтқан.

#6. Несие кімге беріледі?
Жеңілдетілген автонесиені рәсімдеу үшін Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Клиенттің жасы 21-ден асуы қажет. Тұрақты айлық табысты ресми дәлелдену міндетті. Әрбір екінші деңгейлі банк өз клиентін жеке зерттейтінін білген дұрыс. Оның ішінде тұтынушының несие тарихы, табыс көзі және тағы да басқа шарттар міндетті түрде қаралады.

#7. Жаңа бағдарлама бойынша қандай көлік маркалары бар?

Негізі жеңілдетілген автонесие бойынша мына көліктер түседі: Chevrolet, Hyundai, Škoda, JAC, KIA, Lada және Renault. Дегенмен, бұл көліктердің барлық маркасы қолжетімді емес, осының ішінде 10 миллионнан асып кетпейтіні ғана саудада болады. Қазір әлемдік экономикалық ахуалға байланысты көптеген көлік бағдарламадан шығып қалуы мүмкін.

Әзірге 10 миллион теңгеге дейінгі жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламасы бойынша сатып алуға болатын автокөліктер тізімі мынадай:

Бірнеше көлік алуға бола ма? Жеңілдетілген автонесиеге қатысты маңызды 10 сұраққа жауап



#8. Бағдарлама бойынша несиеге бірнеше көлік алуға бола ма?

Соңғы деректерге сәйкес, бір қарыз алушыны екі жыл ішінде бір реттен артық қаржыландыруға тыйым салатын шектеу енгізілген.

#9. Қанша қазақстандық несие алуға кезекте тұр?

Ақпандағы мәлімет бойынша, бүгінде 15 мыңнан аса қазақстандық жеңілдетілген автонесиеге кезекте тұр.

#10. Көлік бағасы күрт өсіп кетпей ме?

"Әзірге қазақстандық көліктер бағасын көтеруді жоспарлап отырған жоқ. Бірақ баға күн сайын көтеріліп жатыр, сондықтан ертең баға қандай болатынын айту қиын. Бірақ көп тауар бойынша тіпті төмендеу үрдісі байқалады", - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Ол Қазақстандағы автомобильдердің жетіспеушілігі туралы мәселені көтерген де дұрыс екенін айтты.

"Қазір шынымен де, үш-төрт ай кезекте тұратындар бар. Бұл мәселе шын мәнінде, қиын болса тапсырма беремін. Жақында қазақстандықтар отандық машиналарды алуы үшін тиісті шаралар қабылдайтын боламыз", - деді ол.

Просмотров материала: 804

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 159 727 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 159 547 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 159 186 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 159 222 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 159 516 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 388 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 533 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 728 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 529 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 704 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 526 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 410 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 096 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 959 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 789 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 947 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 074 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 736 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 110 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 839 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 848 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 688 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 529 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 789 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 734 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 242 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 680 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 564 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 824 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 157 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 564 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 543 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 584 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 529 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 764 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 908 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031