13 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



15 сәуір – "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" күні

15 апрель 2022, 9:57
15 сәуір – "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" күні

Фото: "Астана Балет"
15 сәуірде елімізде ғашықтар күні тойланады. Бұл ресми мереке болмағанымен, жастар арасында кейінгі жылдары кең танылған. Мереке қазақ лиро-эпостық жырының кейіпкері Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың құрметіне арналған. Бұл күн 2011 жылдан бері халықаралық Валентин күніне балама ретінде тойланады.

Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббаты

"Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" дастаны қазақ халқының ең көне, ел арасында көп тараған жырдың бірі саналады. "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" жыры тек қазақ арасында ғана емес, Совет одағының көптеген халқында да мол тараған. Жырдың бір нұсқасында Қарабай мен Сарыбай аңға шығады. Екеуі құда боламыз деп келіседі.

Кейіннен Қозы жетім қалып, жалқы өсіп, кейін ғана Баян атты қалыңдығының бар екенін біледі. Оны іздеп шыққан сапарында көп қиындықты жеңіп, ақыры қайын жұртына барады. Қозы Сарыбайдың еліне келген соң біраз уақыт тазша болып жүреді. Баянмен кездесіп, оған оңашада өзінің кім екенін білдіреді. Екеуі көңіл қосып табысады. Бірақ олардың сырын Қодар біліп қойып, қайтсе де Қозыдан құтылудың жолын іздейді.

Арықы қапылыста оны оққа ұшырады. Қозы Көрпештің кегін қуған Баян сұлу Қодарды айламен өлтіреді, ғашық жарының моласына келіп өзін-өзі қанжармен жарып өледі. Кейіннен қос ғашықтық махаббатына дәлел ретінде күмбез қойылған.


Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу мазары
© Sputnik / Анатолий Устиненко

Мазар Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Таңсық теміржол бекетінен 10 шақырымдай жерде, Аягөз өзенінің бойында орналасқан. Биіктігі – 12 метрге жуық. Қабырғасы гранит қалақ тас пен сабан аралас балшықтан қаланған. Есігі күншығысқа қарап тұр. Ескерткіштің тұрғызылған уақыты туралы әртүрлі пікір бар.

Бір зерттеушілер V-X ғасырда көтерілген десе, енді бірі X-XI ғасырда орнатылғандығы туралы айтады. Радловтың дерегі бойынша, Қозы Көрпеш – Баян Сұлу аңызы бойынша оны тұрғызуға Сарыбайдың інісі Тайлақ би Тобыл өзені бойынан Аягөге төрт сан қол кісі жіберіп, ас бергізіп, ат шаптырып, той жасайды.

Қозы Көрпеш – Баян Сұлудың күмбезін берік етіп тұрғызып, екеуінің кескін-келбетін тасқа түсіреді. Әсіресе Баян сұлудың өң-ажарын әдемілеп келтіреді. Ал 1856 жылы Шоқан Ыстықкөлге саяхатқа бара жатып Қозы Көрпеш кешенін әдемілеп суретке салмақшы болады.
Ол туралы өзінің күнделік дәптерінде де былай деп жазған: "Мен Аягөзді сондай сүйемін, сондай қадірлеймін, оған сұлу Баянның алтын шашты Қозы Көрпешке ғашық болған аңызы әсер ететін болу керек, олардың махаббат жолындағы әрекеті осы өзеннің бойында өткен".

Қазақы махаббат күні

15 сәуірдің ғашықтар күні аталуы да біртіндеп белең алған. Оны 14 ақпан – Әулие Валентин күнін тойлауға қарсылықтан туған дата деп атауға әбден болады. Себебі әуелі қазақтардың да "Қыз Жібек", "Еңлік – Кебек" секілді дастандарындағы кейіпкерлердің махаббатын ғашықтық символына айналуы керек екені айтылды.

Кейінгі жылдары көпшілік бұл мерекені арнайы тойлайтын болды. Жалпы алғанда бұл дата ешқандай құжатта көрсетілмегеніне қарамастан, ел арасында жақсы таралып жатыр. Ал Қозы менен Баянның махаббатын дәл 15 сәуірге "бекіту" де ешқандай тарихи дерекке сүйенбеген.
Ал шынтуайтына келгенде махаббат та, ғашықтық та бір күнмен шектелмейді, сезім шексіздіктен тұрады. Ал шексіздік есептелмейді.
Просмотров материала: 3 174

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 322 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 154 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 169 781 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 169 829 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 112 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 038 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 178 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 401 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 398 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 563 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 294 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 828 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 338 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 194 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 013 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 203 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 290 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 958 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 346 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 065 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 081 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 914 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 748 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 013 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 952 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 467 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 931 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 788 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 057 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 387 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 801 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 758 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 809 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 759 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 987 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 132 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031