27 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Регион - Кызылординская область

Кызылординская область (Кзыл-Ординская область) (каз. Қызылорда облысы) — область в составе Казахстана. Образована 15 января 1938 года. Расположена в южной части республики. Административный центр — город Кызылорда.

Область образована в 1938 году из части Южно-Казахстанской области. 17 июня 1997 года Указом Президента Казахстанатранскрипция названия области на русском языке изменена с Кзыл-Ординская на Кызылординская.

Кызылординская область награждена орденом Ленина (21 августа 1967).

Все материалы региона Материалы других регионов

Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры халықаралық «Фриндж» фестивалінде өнер көрсетеді

Облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры 2018 жылдың тамыз айында Эдинбург қаласында өтетін «Фриндж» халықаралық өнер фестиваліне қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» лиро-эпостық драмасының желісі бойынша сахналанған «Ақбаян» спектаклімен қатысады.



Халықаралық «Фриндж» («Fringe») фестивалі 1947 жылдан бастап жыл сайын тамыз айында Шотландия елінде өткізіліп келеді. Әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін өнер фестивальдерінің бірі. Фестивальге әлемнің 50 мемлекетінен 50000 өнерпаздар қатысады және 3000-ға жуық қойылымдар көрсетіледі.



Сыр театры ұсынғалы отырған «Ақбаян» спектаклін қойған режиссер театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір-Темір Хұсейн Жүсіпұлы. Көркемдеген суретші Нұркен Қалымбетов. Спектакльде өнер көрсететін артистердің басым көпшілігі жастар. Атап айтсақ, Ақбаян ролінде – Зарина Кенжеәлі, Айым Бегмат, Қозы ролінде – Санат Жүзбай, Қодар – Қанат Архабаев және Қарабай ролінде – Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Бақытбек Темірбеков, Сарыбай – Сырым Әбдразақов, Мақпал – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет қайраткері төсбелгісінің иегері Залипа Төлепова және Күнекей ролінде – Ақтолқын Төлеуова.

Махаббат хикаясына толы елу минуттық қойылымда – бесікте атастырылып, бірақ жолдары екіге айырылған, он жеті жылдан соң қайта жүздескен қос ғашықтың тағдыры суреттеледі. Бір-бірін көруге ынтық жүректер қайта табысады. Алайда, олардың қосылуына кедергі бар. Бірі – қалайда дүниесін толтыруды көздеген қыз әкесі Қарабай. Екіншісі – Баянға ғашық, тек күшіне сенген Қодар. Спектакльде қазақтың салт-дәстүрлері - ұлттық биі орындалып, асық, арқан-тартыс секілді ұлттық ойындар ойналып, қойылымның өне бойынан қазақтың ұлттық нақыштағы киімдері көрініс табады.



"Қазақтың ұлттық мәйегі мен мәдени құндылығы тоғысқан «Ақбаян» спектаклімен әлем сахнасына жол тартып, барша қазақ өнерінің жүгін арқалаған Нартай Бекежанов атындағы қазақ драма театры үшін бұл - үлкен тарихи құбылыс және мәртебелі міндет болып табылады", - деді театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір-Темір Хұсейн Жүсіпұлы.

Жарты ғасырдан астам тарих қойнауындағы Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының репертуарында түрлі жанрдағы көрермен талғамына сай сапалы қойылымдар қатары бар.
Сонымен қатар, театрдың шығармашылық құрамында жастар труппасы, қуыршақ тобы және драмалық ұжымды қосқанда барлығы 50-ге жуық артистер қызмет етеді.
Театр 63 жылдық маусымында бес мемлекетке үлкен гастрольдік сапармен барып, қазақ өнерінің мәртебесін көтеріп, мерейін асқақтатты. Оның ішінде, Татарстан, Түркия, Әзербайжан және Ұлыбритания еліндерінде өткен өнер додаларына қатысып, үлкен жетістіктермен оралды.

Қосымша ақпарат: Халықаралық «Фриндж» фестивалі - әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін үлкен өнер фестивальдерінің бірі. Аталмыш фестивальге музыкалық, этникалық, кино және ең басты екі сала – опералық және экспериментальды театрлар қатысады.

Фестиваль тарихы сонау 1947 жылдан бастау алады. Алғашқы Халықаралық Эдинбург фестиваліне қатыса алмаған, яғни фестиваль бағдарламасына енбей қалған бірнеше театр труппалары еркін түрде қойылымдар ұйымдастырып, барлық қала алаңдарында көрермендерге ұсынды. Осындай тың құбылыстардан соң сыншылар тарапынан оң нәтижелі пікірлер айтылып, сол уақыттан бері «Фриндж» және Халықаралық Эдинбург фестивалі қатар өткізіліп келеді.

«Фриндж» әлем бойынша ең үлкен және өнер ұжымдары үшін өте қолайлы ұйымдастырылған фестиваль. Фестиваль дәстүрі бойынша ақылы қойылымдар арнайы 4 үлкен ашық алаңдарда өтеді. Олар: Pleasance, Assembly Rooms, Gilded Balloon және Underbelly. Ал, ақысыз қойылымдардың басым көпшілігі атақты туристік көшеде және Маунд белесінде өтеді.
Просмотров материала: 2 084

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 172 453 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 172 283 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 171 906 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 171 954 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 172 243 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 152 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 289 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 517 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 553 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 717 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 425 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 897 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 371 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 218 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 038 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 238 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 311 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 981 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 370 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 094 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 107 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 938 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 773 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 035 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 976 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 491 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 958 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 809 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 087 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 417 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 825 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 784 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 831 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 787 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 013 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 156 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031