22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қаржы алаяқтарынан қарт адамдарды қалайша қорғауға болады

04 февраль 2022, 12:35
Қаржы алаяқтарынан қарт адамдарды қалайша қорғауға болады
Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар алаяқтар да қалыспай, алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда, олардың тұзағына әсіресе қарт кісілер жиі түсіп жатады. Қарт адамдарды алаяқтардың арбауынан қалайша қорғауға болады? Мұны бүгінгі материалдан білесіздер.

Алаяқтар телефон нөмірлерін ауыстыру сервистерін белсенді пайдаланады, сондықтан олар үшін кез келген банк колл-орталығының 4 таңбалы нөмірін басқа нөмірге ауыстыру түкке тұрмайды. Қарт адамдардың тап болулары мүмкін түрлі оқиғаларды қарастырайық.

«Қауіпсіз» шот

Алаяқтар зейнеткерлерге телефон соғып, өздерін банк қызметкерлеріміз деп таныстырып, олардың карточкаларынан бейтаныс біреулердің ақшаны шешіп алуға әрекет жасағандары жөнінде айтады. Ол үшін клиент өз қаражатын дереу қауіпсіз шотқа ауыстыруы қажет деп, ізінше қарияның интернет немесе мобильді банкингті қолдана алу, алмауын нақтылайды. Содан кейін өзінің зейнетақылық ақшасын қашықтан қалайша аудару болатыны жөнінде нұсқау береді, телефонына қосымшаны жүктеуді ұсынады немесе ақшаны дереу банкомат арқылы аударуға кеңес береді.

Кеңес 

Телефон алаяқтары қарт адамдардың сеніміне кіру үшін барлық айла-шарғыларды қолданады. Мұндай жағдайда ең бірінші – мұндай әңгімені тоқтатып, сізге қызмет көрсететін банкке телефон соғу қажет. Банктің байланыс нөмірі карточканың артқы бетінде жазылып тұрады.

Ешқашан қоңырау шалушылардың қандай да бір нұсқауларын орындамаңыз: ақша аудармаңыз, күмәнді қосымшалар орнатпаңыз және қаржы ұйымдарының жалған қызметкерлерінің талаптары бойынша SMS-хабарламалардан сілтемелер бойынша өтпеңіз.

Өзіңіздің дербес деректеріңізді, карточканың деректемелерін ешкімге хабарламаңыз: CVC/CVV-код (картаның сыртқы жағында көрсетілген үш таңбалы код), растау кодтары, ПИН-кодтар. Есіңізде болсын, банк қызметкерлері, банктердің колл-орталықтарының операторлары бұл ақпаратты ешқашан телефон арқылы сұрамайды.


Жалған кредит рәсімдеу

Сізге банктің атынан хабарласып тұрмыз деп қоңырау шалып, белгілі сомаға кредит ресімдеуге өтінім берген-бермегеніңізді нақтылайды. Егер сіз шын мәнінде өтінім бермеген болсаңыз, онда алаяқтардың сіздің атыңыздан кредит алмақ ойлары бар. Алаяқтар келесі схемамен жұмыс істейді: сізге шұғыл шаралар қабылдау және олардың нұсқауларын орындау қажеттігін айтады. Бұл үшін олар сізге ұялы телефоныңызға орнататын және деректеріңіз қорғалатын қосымшаға сілтеме жібереді. Бағдарламаны жүктегеннен кейін сіздің телефоныңызға SMS-хабарлама немесе электрондық пошта арқылы хабарлама келеді, содан кейін банктің жалған қызметкері кодты атауды сұрайды және өкінішке орай, кредитті беріп үлгергенін, бірақ алаяқтар ақшаға қол жеткізе алмағанын хабарлайды. Содан кейін алаяқ өзі айтқан басқа шотқа осы ақшаны аудару арқылы ақшаның өзіңізде қалатындығына сендіреді.

Кеңес 

Кредит «рәсімделді» деген банктің филиалына қоңырау шалыңыз немесе барыңыз және жағдайды шешу үшін мүмкіндігінше жедел түрде ресми өтініш жазыңыз. Өтініштің кіріс нөмірі бар көшірмесін міндетті түрде алыңыз.

Сізге қоңырау шалынған нөмірді банктің қауіпсіздік қызметіне хабарлауды, сондай-ақ құқық қорғау органдарына өтініш жазуды қоса ұсынамыз.

«Фейк» аударма

Сізге банк картаңызға белгілі бір ақша сомасының аударылғаны туралы SMS келді. Ізінше олар сізге белгісіз нөмірден қоңырау шалып, ақшаның қате аударылғанын айтып, сізден кері аударуды сұрайды. Алаяқтар сіздің көңіліңізді «жібітіп», өздері туралы көптеген мәліметтерді, яғни бұл олардың соңғы ақшасы екендігін, олар жұмысынан айрылғандықтары, қаражат емделуге қажет екендігі сияқты бір сарынды ақпарат. Бұл сізді алдау тәсілі. Кейде қоңырау шалушылар сізге «мазалағандары үшін» бонус деп қаражаттың аз бөлігін өзіңізге қалдыруды ұсынады.

Кеңес 

Мүмкін алаяқтар сауда алаңында тауарды сатқаны үшін ақы алу үшін сіздің шотыңызды көрсетуі мүмкін. Егер сіз оларға сеніп, аударым жасасаңыз, онда сіз ақшасыз ғана емес, сонымен қатар өзіңізге қосымша қиындықтар туғызасыз. Өйткені, әлеуетті сатып алушы тауарды алмай, құқық қорғау органдарына жүгінуі мүмкін. Сіз ақша алушы ретінде алғашқы күдікті боласыз.

Сондықтан, егер белгісіз біреулер Сіздің шотыңызға белгілі бір соманы аударса, онда ешқандай жағдайда оны қайта аудармаңыз және шешіп алмаңыз. Өз банкіңізге хабарласыңыз, онда Сізге осы қате аударыммен не істеуге болатынын түсіндіреді.

Құқық қорғау органдарынан түсетін «қоңыраулар» 

Алаяқтар өздерін құқық қорғау қызметкерлері ретінде таныстырып, Сіздің танысыңыз, досыңыз немесе туысыңыздың келеңсіз жағдайға тап болғанын хабарлауы мүмкін. Мысалы, адамды қағып кеткені, ауруханада жатқаны немесе терактіге қатысқаны. Кез келген жағдайда қылмыс қорқынышты, ал салдары қайтымсыз көрінуі керек. Мәселені қандай да бір сома шеше алады. Бір жағынан, айтқандары айтарлықтай әсер қалдырды, екінші жағынан – сұрап отырған сома тез төлей алмайтындай көп те емес. Негізінен, мұндай алдаудың құрбандары – жақын адамыңызға көмектесу үшін соңғы ақшасын беруге дайын қарт адамдар. Қосымша стресс факторы, әдетте, абоненттің қоңырауларға қол жетімсіздігі болып табылады – алаяқтар мұны да біліп алады.

Кеңес

Ең дұрысы, мұндай сәтте сұрақ қоя бастау. Күдікті қай полиция бөлімшесінде? Ол қандай баппен айыпталып отыр? Әрекет қашан орын алған? Адвокаттың көмегі ұсынылды ма, адвокаттың аты-жөні кім? Сонымен қатар, ҚР ІІМ жедел желісіне және аудандық полиция бөлімшесіне қоңырау шалу керек. Ешбір жағдайда үрейге бой алдырмаңыз, бейтаныс адамдарға ақша беріп, шотына ақша аудармаңыз.

Қарт адамдарды алаяқтардан қалай қорғауға болады?

Қарт адамдарға бейтаныс адамдарға сөзсіз сенудің қажеті жоқ екенін түсіндіріңіз, тіпті олар өздерін банк, құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып таныстырса да;

Егер қоңырау шалушылар сізге аты - жөніңіз бойынша жүгінсе және сіздің мекенжайыңызды білсе, бұл адамдар ресми адамдар дегенді білдірмейді. Бұл деректерді көптеген жолдармен алуға болады, олар тіпті интернетте жалпыға қол жетімді;

Қызметкердің аты-жөні мен лауазымын міндетті түрде сұраңыз және олар өкілі болып қоңырау шалып отырған ұйымның жедел желісіне немесе колл-орталығына қоңырау шалу арқылы қайта тексеріңіз;

Егер жақын адам бейтаныс нөмірден қоңырау шалып, қиыншылыққа тап болғанын айтса, оған ақша аударуды сұраса, сөйлесуді аяқтап, оған қайта қоңырау шалыңыз;

Өзіңіздің жеке деректеріңізді, банктік картаңыздың деректемелерін, картаның жарамдылық мерзімін, CVC/CVV-кодты, құпия сөзін және ақша қалдығын ешқашан және ешкімге айтпаңыз;

Банк қызметкерлері, банктердің колл-орталықтарының операторлары ешқашан телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды. Бұл конфиденциалды мәліметтер тек алаяқтарға қажет.

Дереккөз: fingramota.kz
Просмотров материала: 621

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 169 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 001 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 642 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 667 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 974 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 469 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 648 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 715 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 901 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 048 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 427 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930