2 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



СМС-кодты ешкімге айтушы болма, ешкімге!

30 декабрь 2021, 16:18
СМС-кодты ешкімге айтушы болма, ешкімге!
Картаңыздан ақша ұрлау үшін алаяқтар үнемі жаңа айла-тәсіл ойлап табуға тырысады. Өзіңізді қорғаудың керемет тәсілі бар. Ол өте қарапайым және сенімді: SMS-ХАБАРЛАМА АРҚЫЛЫ КЕЛЕТІН ҚҰПИЯ СӨЗДЕРДІ ЕШКІМГЕ АЙТУШЫ БОЛМАҢЫЗ!

Бұл ақпарат өз ақшаңызды сақтау үшін жеткілікті. Ол қалай жұмыс істейді? Нақтырақ тоқталып өтейік.

Алаяқтар әлемнің кез келген елінде отыруы мүмкін. Олар сіздің нөміріңізді әдетте интернеттен тауып жатады. Мәселен, тегін хабарландыру шығатын сайттардан алып жатады. Ал сіздің аты-жөніңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды білетін бірнеше тәсілі бар – негізінен әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлер, сол сияқты қызметтер.

Сондағы зардап шегушінің сауалы мынадай болады: Алаяқтар менің аты-жөнім мен телефон нөмірімді қайдан біледі? Банктер өз клиенттерінің жеке мәліметтерін тарата ма?

Алаяқтар мәліметтер базасымен бас қатырмайды. Себебі телефон нөмірлерін хабарландыру сайттары мен әлеуметтік желілерден алуға болады. Сол сияқты көздеген адамының аты-жөнін білу де қиын емес. Өзіңіз де бір-екі тәсілді есіңізге түсіріп көрсеңіз болады.

Алаяқ интернет-банкке кіріп, сіздің телефон нөміріңізді енгізіп, құпиясөзді өзгертуге тырысады. Ал банк бұл іс-әрекетті бөтен біреу емес сіз жасап жатқаныңызға көз жеткізу үшін телефоныңызға SMS-код жібереді және «Ешкімге айтпа!» деп ескертеді.

Міне осыдан кейін алаяқтың өзі сізге хабарласады. Алаяқ өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, сеніміңізге кіру үшін сіздің атыңызды да айтады. Содан кейін: «Сіздің құпия сөзіңізді біреу өзгерткісі келіп жатыр! Шотыңыздағы ақшаны біреу ұрлап алмақшы. Біз оның алдын алу үшін телефоныңызға келген СМС-кодты бізге айтуыңыз керек», - дейді.

Мұндай күтпеген хабардан кейін адам сасқалақтап қалуы мүмкін. Қорқып тұрып, СМС-кодты айтып қояды. Мұндай келеңсіздік басыңыздан өтпес үшін балалық шағыңызға тағы бір мәрте саяхаттап қайтыңызшы. Анаңыз сізді үйге жалғыз қалдырып бара жатқанда «Есікті ешкімге ашушы болма!» дегені есіңізде ме? Бұл да тұп-тура сол жағдай. «СМС-кодты ешкімге айтушы болма! Ешкімге!»

ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ: ЕГЕР «БАНК ҚЫЗМЕТКЕРІ» ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СМС-КОДТЫ СҰРАЙТЫН БОЛСА, ОЛ – БАНК ҚЫЗМЕТКЕРІ ЕМЕС!

Зардап шегушінің сауалы: Егер ол алаяқ болса, СМС-код неліктен банктен келді?

Себебі банк сіздің құпия сөзіңізді бөтен біреу өзгертпек болып тұрғанын байқап қойды! Бөтен адам сіздің құпия сөзіңізді ауыстырып, жеке кабинетіңізге кірмес үшін банк тек сіздің нөміріңізге СМС-код жіберді. Ал, алаяқ ол кодсыз арам пиғылын жүзеге асыра алмайды. Сол себепті ол сізге хабарласып, қулық жолмен СМС-кодты біліп алуға тырысады.

Егер кодты айтып қойған болсаңыз, алаяқ осы арқылы құпия сөзіңізді ауыстырып, банк сайтындағы жеке кабинетіңізге емін-еркін кіреді.

Банктерге өз клиентін алаяқтар тонап жатқаны ұнамайды. Сол себепті олар СМС-код жіберіп қана қоймай, күмәнді іс-әрекетті бақылап отырады. Банк стандартты емес транзакцияны бұғаттап, іс-әрекетті кім жасап жатқанын нақтылау үшін өзіңізге тікелей хабарласады.

Банктің жаңа қызмет түрі пайда болғаннан кейін қылмыскерлер де ұрлықтың жаңа түрін ойлап шығарады. Соңғы үрдіс – алаяқтар жеке кабинетіңізге кіргеннен кейін сіздің атыңыздан онлайн несие рәсімдейді. Ал ол ақшаны банкоматтан ғана алу мүмкін болғандықтан алаяқтар өзіңізге хабарласып, банкоматтан шығарып алуыңызды сұрайды.

Оның айтқанын сіз неліктен күмәнданбай орындайсыз? Себебі алаяқ әдеттегідей өзін банк қызметкерімін деп таныстырады. Ол сіздің соңғы уақыттағы шығындарыңыздан (шотыңыздағы ақшаңызды қайда жұмсағаныңыз жөнінде) хабардар болып отырады. Алаяқ сізге хабарласып, қылмыскерлер алдыңызды орап кетпес үшін несиені жылдам арада банкоматтан шығарып алу керектігін айтады.

Зардап шегушінің сауалы: Егер ол банк қызметкері болмаса менің соңғы уақыттағы шығындарым жайлы қайдан біледі?

Сіз оған СМС-кодыңызды айтып қойғаннан кейін ол жеке кабинетіңізге оп-оңай кіріп, қаражатыңыз қайда жұмсалғанынан хабардар болып отырады. Жеке кабинетіңіздегі мәліметтер арқылы алаяқ сіздің кеше екі келі шұжық, екі литр сүт алғаныңызды, ал алдыңғы күні коммуналдық қызмет пен балабақшаның ақшасын төлегеніңізді біледі.

Сіз осыдан кейін дереу банкоматқа жүгіріп, несиені қолма-қол ақша етіп шығарып аласыз. Бірақ ол несие сізге қажет емес еді. «Еш қаймықпаңыз, - дейді өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқ, - осы ақшаны картаңызға қайта салыңыз. Оны банкомат немесе терминал арқылы жасауға болады. Сонда несиеңіз төленген болып есептеледі».

Оның айтқанын орындауға сіз үйреніп қаласыз. Терминалға барып, қолыңыздағы ақшаны өз картаңызға саласыз. Бұл ақшаны сіз бен банк қызметкерінен басқа ешкім көрмейді деп ойлайсыз. Ал, сіз алаяққа құпия кодты айтып қойғаннан кейін ол жеке кабинетіңіз арқылы бәрінен хабардар болып отырады. Сонымен онлайн несиенің ақшасын өз картаңызға салып болғаннан кейін алаяқ оның бәрін өзіне аударып алады. Осылайша сіз ақшадан да айырыласыз, оның үстіне несие де мойныңызға ілінеді.

Зардап шегушінің сауалы: Егер мен ақшаны өзімнің жеке шотыма салған болсам ол ақша қалай жоғалып кетеді? Бұл банк қызметкерінсіз болуы мүмкін бе?

Алаяққа біреумен қылмыстық сөз байласудың еш қажеті жоқ. Сіз СМС-кодты жіберу арқылы жеке кабинетіңізге кіретін жолды оп-оңай ашып бердіңіз. Міне, осыдан кейін ол сіздің шотыңыздағы ақшаны өзінің Зимбабве еліндегі шотына еш қиындықсыз аудара салады.

Бұл әлеуметтік инженерия деп аталады. Яғни алаяқтар адамның сеніміне кіріп, ойына келгеннің бәрін жасайды. Ал қазір оның бәрін дүниенің екінші шетінде отырып, цифрлы технологияны қолдана отырып жасауға мүмкіндік мол.

Банктер өз кезегінде қорғаныстың жаңа тәсілдерін ойластырады. Бірақ әлі ешкім өзіңіздің қатысуыңызсыз сенімді қорғаудың жолын ойлап тапқан жоқ.
Просмотров материала: 1 169

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 150 904 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 150 712 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 150 369 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 150 396 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 150 696 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 891 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 040 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 206 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 847 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 044 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 979 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 097 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 942 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 814 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 639 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 783 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 927 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 593 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 962 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 691 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 697 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 540 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 382 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 638 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 580 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 091 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 516 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 421 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 663 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 009 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 421 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 400 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 440 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 382 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 617 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 760 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30