21 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Киберқауіпсіздік жайлы не білу қажет?

17 июнь 2021, 10:59
Киберқауіпсіздік жайлы не білу қажет?
Интернет-банкингті пайдалана отырып, әр түрлі интернет-транзакциялар жасап, желіде шопингтен ләззат алып, киберкеңістікте өзіңізді қауіпсіз сезінуге болады ма?

Бүгін сіздің шоттарыңыз бен құрылғыларыңызды қорғаудың негізгі ережелерді еске саламыз.

Көптеген жағдайларда (70 – 90%) пайдаланушылар кейде өздері түсінбестен өздерінің дербес деректерінің мен ақшаның жылыстап кетуіне жол беріп қалады.

Көптеген адамдар құрылғыны қорғау қажеттілігін елемейді, өйткені олар лицензияланған бағдарламалық қамтылымды сатып алуға қаражат жұмсағысы келмейді. Бірақ антивирусты пайдалану барлық құрылғылар үшін міндетті. Вирусқа қарсы бағдарламалар желілік қауіптерді уақытында анықтауға және алаяқтық шабуылдардың алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ, антивирусты смартфонға немесе планшетке орнатуды ұмытпаңыз, бұл әсіресе онлайн төлемдерге қатысты. Сонымен қатар, Apple, Google және Microsoft операциялық жүйелерді үнемі жаңартып отырады, белгілі осалдықтарды түзетеді. Егер гаджеттің өзі жаңартуды бастауды ұсынса, оны кейінге қалдырмаңыз. Хакерлер қарапайым және тиімді табыс табу үшін ескірген операциялық жүйелердің қауіпсіздігіндегі осалдылықтарды пайдаланады.

Сонымен қатар вирус көбінесе құрылғыға электрондық поштаға салынған файл немесе фишингтік сайтқа сілтеме арқылы енеді. Электрондық пошта мекенжайы ресми немесе мемлекеттік мекемелерге еліктей алады, ал сайт сілтемеде тек бір немесе бірнеше таңбаны алмастыра отырып, банктер мен интернет-дүкендердің интерфейстерін өзгерте алады. Сондықтан URL мекенжайының жазылуына міндетті түрде назар аударыңыз. Сонымен қатар, зиянды домендерде көбінесе күрделі таңбалар комбинациясы немесе емле қателері болады.

Сіз қорғаныс деңгейлерін неғұрлым көп қолдансаңыз, сіздің құрылғыларыңыз бен деректеріңізге ештеңе болмайтынына сенімді бола аласыз. Барлық аккаунттарда, әсіресе банктік қосымшаларда екі факторлы аутентификацияны қосыңыз.

Деректердің бұғатталмауы үшін олардың резервтік көшірмесін үнемі жасау керек. Бұл құрылғы бұзылған жағдайда да ақпаратты сақтауға көмектеседі.

Ешқашан құрылғыларды қараусыз қалдырмаңыз. Егер қандай да бір уақытқа компьютеріңізді, телефоныңызды немесе планшетіңізді қайтып келу уақытына қарамастан қалдыру қажет болса, оны қаскүнемдер пайдаланып кетпеу үшін бұғаттаңыз. Сонымен қатар, бейтаныс адамдарға құрылғыңызбен хабарламалар жіберуге және қабылдауға жол бермеңіз. Сіздің аккаунтыңызға деректер алу үшін 10 секунд жеткілікті. Ондағы ақшаны алу үшін одан да аз уақыт қажет. Сондықтан, егер бейтаныс адам біреумен байланысу үшін сізден телефон сұраса, өтінішін қабыл алмаңыз немесе нөмірді өзіңіз теріп, динамикті қосыңыз.

Бұл ереже кері жағдайда да жұмыс істейді: басқа адамдардың құрылғыларынан онлайн-банкингке кірмеңіз, интернетте сауда жасамаңыз және бұл мақсаттар үшін қоғамдық Wi-fi қолданбаңыз.

Есіңізде болсын: смартфонға келетін барлық ақпарат – бұл тек сізге арналған ақпарат, ал бұл ақпаратты білгісі келетіндердің бәрі – әлеуетті алаяқтар. Сонымен қатар, төлем тарихын үнемі тексеріп отырыңыз. Бұған сізге онлайн-банкинг, push - және SMS-хабарламалардың көмегі тиеді. Күдікті белсенділікті байқап отырыңыз және қажет болған жағдайда ықтимал шабуылдар туралы банкке дереу хабарлаңыз, құпиясөзді өзгертіңіз және барлық қолжетімді қауіпсіздік шараларын қолданғаныңызға көз жеткізіңіз.

Қарапайым, бірақ өте құнды кеңес: құпиясөздеріңіз бен SMS-хабарламалар арқылы келетін мобильді банкингтің кодтарын ешкімге және ешқашан, тіпті банк қызметкерлеріне айтпаңыз. Банк өкілдері сізден шот және банктік карта деректемелерін, ПИН-кодты, СVV-кодты және өзге құпия ақпаратты ешқашан сұрамайды. Сізден осындай ақпаратты сұраған жағдайда, бұл дерек туралы сізге қызмет көрсететін банктің жедел желісі бойынша хабарлап айтыңыз. Телефон алаяқтары өздерін банк қызметкерлері немесе түрлі қаржы ұйымдарының қауіпсіздік қызметі ретінде таныстырғанды ұнатады. Абай болыңыздар!

Әрбір пайдаланушы жібере алатын ең негізгі қателік – барлық аккаунтқа қарапайым және/немесе жеңіл құпиясөз. Киберқауіпсіздік мамандары құпиясөздің кем дегенде 8 таңбадан тұрып, туған күнді, сондай-ақ басқа да жеңіл табылатын ақпаратты қамтымауын талап етеді. Олар таңбалар регистрін кезекпен қолданып, әріптерді, сандарды және арнайы таңбаларды пайдалануды ұсынады.

Бір құпиясөзді бірнеше сайтқа және сервиске қолданудың, әсіресе оны бейтаныс және тексерілмеген ресурстарға енгізудің қажеті жоқ, өйткені ақпарат жария болып қалған жағдайда, сіз алаяққа өзіңіздің барлық аккаунттарыңызға және әмияндарыңызға қолжетімділікті ашып бересіз. Сондай-ақ, құписөздерді компьютердің бір файлында немесе телефонның жазба кітапшасында сақтаудың қажеті жоқ.

Дербес деректеріңізге ие болыңыз, олардың жоғалғаны анықталған жағдайда бірден шоттарды, оларға байланыстырылған телефон нөмірлерін бұғаттап, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Дереккөз: fingramota.kz
Просмотров материала: 1 396

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 497 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 196 098 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 606 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 656 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 196 018 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 439 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 530 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 825 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 320 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 416 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 708 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 504 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 604 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 402 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 251 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 745 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 488 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 183 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 580 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 363 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 281 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 113 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 964 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 268 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 178 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 681 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 522 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 017 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 268 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 644 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 021 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 964 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 058 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 019 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 218 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 376 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930