27 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы тиісті түрде жұмыс істемейді - Ақылбек Күрішбаев

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы тиісті түрде жұмыс істемейді - Ақылбек Күрішбаев
Құрметті журналистер, ауыл мәселелерін көтеруге көмектесулеріңізді сұраймын.

ҚР Премьер-Министрі
Ә.А. Смайыловқа

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің жуырдағы Жолдауында елімізде орын алған қайғылы оқиғалардың қоғамдағы күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелер салдарынан туындағанын атап өтті.

Осы орайда ауыл тұрғындарының өте төмен әлеуметтік жағдайдайын айту керек. Ауылдағы отбасылардың кейбірлері «шықпа, жаным, шықпа» деп күн көруде. Үлкен қалалардан шалғай жерде отырып, олар өз мәселелерін билікке қалай жеткізуін де білмейді.

Мәселе – жалған статистиканың ауылдағы нақты жағдайды жасыратындығында. Біз, бір топ сенаторлар, Үкімет басшысына ресми органдар ұсынған бояма сандардың ауыл өмірінің шындығына сәйкес келмейтіндігін қанша айтып келдік. Статистика деректері бойынша ауылдағы жұмыссыздар саны 181 мың адам немесе 4,7%. Бірақ, іс жүзінде жұмыссыздық халықтың бағын ашпас соры болды. Біз еліміздің барлық аудандарында ауыл тұрғындары арасында арнайы әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Олардың басым көпшілігі жұмыстың жоқтығын «басты мәселе» деп атады. Осы сауалнамада көрсеткендей, ауыл тұрғындарының нақты табысы айына 35 мың теңгені құрайды. Мұндай ақшаға қалай күн көруге болады?

Бәріміз «Ауыл - Ел бесігі» деп айтуды жақсы көреміз. Қазақстанда қашан да бала туу көрсеткіші қалалық жерлерге қарағанда ауылда әрдайым жоғары болатын. Бірақ соңғы 7 жылда бұл көрсеткіш күрт төмендеп кетті. Жылдан жылға ауыл халқының қалаларға көшуі ұлғаюда. Тек 2019-2020 жылдары ауылдан қалаға 880 мың адам қоныс аударған. Біз жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижелері көрсеткендей, еңбекке қабілетті халықтың 41 пайызы ауылдардан қалаға көшуді қалайды.

Әрине, урбанизацияның әлемдік үрдіс екені түсінікті, бірақ оны басқару керек қой. Жақын маңдағы ауылдардан бір сәтте халықтың жаппай көші-қоны басталса, біздің қалаларымызда не болмақ? Егер ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін ешкім қалмаса, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз? Шекаралас аудандар қалай қорғалмақ?

Ауылдық аймақтардың ахуалын реттеу-экономикалық қана емес, ел үшін саяси, стратегиялық маңызды, мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатысты күрделі мәселе.

Осыдан бір жыл бұрын Сенатта ауылдарды дамыту бойынша парламенттік тыңдау өткізіліп, оның қорытындысына сәйкес Үкіметке нақты ұсыныстар берілді. Бірақ, өкінішке орай, бұл ұсыныстардың негізгі тармақтарының ешқайсысы орындалған жоқ. Ықпалды Парламентті Үкімет осылай тыңдау керек пе?! Неге Үкімет Сенатқа құлақ аспайды?

Біріншіден, ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасына, яғни «Ауыл - Ел бесігі» жобасына жеке ұлттық жоба мәртебесі берілмеген. Егер бізде осы стратегиялық маңызды мәселе бойынша дербес бағдарламалық құжат болмаса, ауылды басымдықпен қалай дамытамыз?
Екіншіден, ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін Ұлттық экономика министрлігінің қарамағынан Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру ұсынылды, өйткені өндірісті дамыту және ауылда жұмыс істейтіндер үшін қолайлы жағдай жасау таразының екі жағындай ішкі байланыстағы мәселелер болып табылады, нақтырақ айтсақ, кез келген ауылды дамытудың негізінде ауыл шаруашылығы өндірісі жатыр. Ауылда болып жатқан жағдайдың мәнін түсінбегендіктен, Ұлттық экономика министрлігінің ауылдық елді-мекендерді дамыту әлеуетін айқындау кезінде экономиканы емес, халықты жұмыспен қамтуды мәселесін емес, демографияны бірінші орынға қоюына алып келді.
Үшіншіден, ауылдық жердегі және ауыл шаруашылығындағы басты проблемалардың бірі – кадрлардың тапшылығы. Ашығын айту керек, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы тиісті түрде жұмыс істемейді және онда көзделген мемлекеттік қолдау шаралары қайта қарауды талап етеді.

Сенаторлар ауыл жастары үшін жоғары білімнің қол жетімсіздігін Үкіметтің назарына бірнеше рет жеткізді. Жақында бейбіт митингтерге шыққандардың көпшілігі - ауылдан келіп, лайықты білім мен жұмыс таба алмаған жастар болған жоқ па? Біз мемлекеттік білім беру гранттарын және степендияларды тағайындау тетіктерін өзгертуді, оларды тек ҰБТ нәтижелерінің негізінде ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік қолдаусыз оқи алмайтындарға әлеуметтік қолдау ретінде бөлуді ұсындық. Бірақ, өкінішке орай, бұл депутаттық сауалымызға кеңсе әдеті бойынша сырғытпа жауап алдық.

Сондай-ақ, екі Парламенттік тыңдаудың ұсынымдары мен депутаттық сауалымызда ҚР Білім және ғылым министрлігіне аграрлық мамандықтарға түсушілер үшін ауылдық квотаны 30%-дан 50%-ға дейін ұлғайту ұсынылды. Негіздеме айқын, бұл ауыл мектептерінің түлектеріне жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін көтеріп қана қоймай, диплом алғаннан кейін оларды ауылда жұмысқа орналастыру мүмкіндігін де арттырады. Бірақ бұл депутаттық сауалымызға «соңғы 3 жылда аграрлық мамандықтар бойынша игерілмеген білім беру гранттарының саны 3778 бірлікті құрады» деген жауап келіп түсті. Бірақ талдау көрсеткендей, бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Сізден ҚР Парламенті Сенатына осындай жауап жібере салатын орындаушыларды анықтап, жазалауды сұраймын.

Қорытындылай келе, еліміздегі ауылдарды дамытуға ірі ауыл шаруашылығы компаниялары қомақты үлес қоса алар еді. Қазір бірқатар ауылдық елді-мекендерді онда шоғырланған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарының өтеусіз көмегі есебінен ұстап тұрмыз. Сонымен қатар елімізде әкімдердің шешімдерінің арқасында ірі жер пайдаланушыларына (латифундистерге) айналған бірқатар үлкен компаниялар бар, олар ауыл тұрғындары айтқандай «ауылдың ішкі жағдайына бас ауыртпай, егін егуге және егін жинауға ғана келеді».

Біздің ойымызша, Үкімет және жергілікті атқарушы органдар ірі ауыл шаруашылығы компанияларын ауылдық аймақтарды дамытуға тарта отырып, ауылдық инфрақұрылымды салу және жөндеу,кадрларды даярлау, өзінің жалдамалы жұмысшыларының жалақысын арттыру, жер үлесі иелеріне лайықты ақы төлеуді қамтамасыз ету, ауылда кооперацияны дамыту үшін қызмет көрсететін кәсіпорындар (якорлік өндірістер) құру, ауылдық елді-мекендердің жайылымдарын олардың тұрғындарына қайтару жөнінде қажетті шаралар қабылдауы қажет.

Сенатор . А.Күрішбаев

Дереккөз: Сенатор Күрішбаевтың желідегі жазбасынан
Автор: Ақылбек Күрішбаев -
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы тиісті түрде жұмыс істемейді - Ақылбек Күрішбаев
Просмотров материала: 925

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 933 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 764 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 405 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 431 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 739 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 511 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 683 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 755 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 946 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 091 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 471 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 334 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 657 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 552 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 363 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 465 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 661 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 329 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 673 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 438 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 433 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 274 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 122 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 365 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 299 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 830 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 178 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 152 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 372 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 700 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 123 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 140 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 180 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 106 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 336 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 489 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930