19 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Табысы 35 мың теңге: депутат кедейлердің көпшілігі ауылда тұрып жатқанын айтты

23 октябрь 2020, 12:50
Табысы 35 мың теңге: депутат кедейлердің көпшілігі ауылда тұрып жатқанын айтты
Ауылдардағы тұрмысы нашар отбасылардың саны қаламен салыстырғанда екі жарым есеге көп. Бұл туралы сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бізде 2011 жылы ауыл халқының үлесі 45,4%-ті құраса, қазір бұл көрсеткіш 41,3%-ке тең. Әсіресе, оның экономикалық белсенді бөлігінің күрт төмендеуі алаңдатады. Мысалы, соңғы 10 жылда ауылдағы еңбекке қабілетті адамдар саны 4,1-ден 3,8 миллионға дейін төмендеген. Жылдан жылға халықтың ауылдық жерден көшуі өсіп келеді" - деді Күрішбаев.

Айтуынша, 2019 жылы жарты миллионға жуық адам ауылдан қалаға қоныс аударған.

"Бұрын ауылда бала туу деңгейі қалаға қарағанда көп болатын. Ал соңғы алты жылда бұл көрсеткіш ауылдық жерде төмендеп кетті. Статистикаға сәйкес, 2019 жылы ауылдағы жан басына шаққандағы табыс айына 45 829 теңгені құраған, қалада – 66 207 теңге. Жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша ауылдық жердегі табыс одан да аз, айына – 35 349 теңге", - дейді депутат.

Сонымен қатар дептутат біржолғы төлемді алушы 3,6 миллион адамның 2 миллионы ауылда тұратынына тоқталды.

"Табысы күнкөріс деңгейінен төмен әлжуаз отбасылар саны ауылдық жерлерде – 6,6%, бұл қалаға қарағанда екі жарым есе көп. Еліміздің кедей және күнкөрісі төмен отбасылардың негізгі бөлігі ауылдық елді мекендерде тұрады", - деді ол.

Айтуынша, ауылдағы еңбекке жарамды азаматтардың 40%-і қалаға көшуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар Күрішбаев ауылдық жерде алғашқы медициналық көмектің өзіне қол жеткізу мүмкін емес екенін атап өтті. Айтуынша, алдағы уақытта ауылдарда жаңадан 150 денсаулық сақтау нысанын ашу қажет.

"Ауылдық жерлерде 900-ге жуық дәрігер қажет. Қалада он мың адамға 56 дәрігерден келсе, ауылда 16 дәрігерден келеді. Сондай-ақ, 312 білім беру нысаны қажет, 150 кітапхана жетіспейді, 550 мәдениет нысаны керек. Сонымен қатар 32 мектеп апаттық жағдайда тұр. Мұнда 2 200 педагог жетіспейді. Бұл еліміздегі жалпы қажеттіліктің 75%-ін құрайды", - дейді ол.

Депутатттың айтуынша, ауылдық жердегі тұрғындардың 20%-і ғана газбен қамтылған.

"Статистикаға сәйкес, ауылдардың 69%-і интернет желісіне қосылған. Алайда ауыл тұрғындары арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама қортыныдысы интернет сапасының төмен екенін көрсетіп отыр", - деді депутат.

Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, ауылдық аймақтарды дамыту мәселелерінде жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары нақты үлестірілмеген.

"Ауылдық аймақтарды дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу үшін ең алдымен үкімет ауылды дамыту бағдарламасын түбегейлі қайта қарауы қажет. Осы орайда ең алдымен ауылдық аймақтарды дамыту бағытын жеке құжатпен ұлттық жоба ретінде қабылдау жөн болар еді. Екіншіден, ауылдық аймақты дамыту мәселелерін басқаруды ұлттық экономика министрлігінен алып, ауыл шаруашылығы министрілігіне беру керек", - деп түйіндеді депутат.

Осы орайда Ақылбек Күрішбаев Канада, Австралия, Ресей, Беларусь елдерінде ауылды дамытумен ауыл шаруашылығы министрлігі айналысатынын айтып өтті.
Просмотров материала: 1 438

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 171 315 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 171 143 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 770 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 818 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 171 103 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 092 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 230 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 451 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 463 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 631 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 352 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 859 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 352 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 203 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 021 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 219 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 298 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 967 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 352 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 074 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 088 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 925 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 756 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 022 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 960 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 476 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 946 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 796 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 069 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 394 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 809 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 767 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 819 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 770 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 995 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 141 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031