ГлавноеКультура

Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды – фото

Ғимараттың ашық алаңында шамамен 200 000 адам жайғаса алады

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордада еліміздің бас мешітін ашты.

Бұл нысан Орталық Азиядағы ең ірі мешіт атанды және әлемдегі ең үлкен мешіттердің ондығына енді.

Мешіттің салтанатты ашылуы 12 тамыз, жұма күні, яғни құрылысы басталғаннан кейін үш жылдан соң өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау барысында жаңа мешіттің ашылуы еліміздегі барша мұсылмандар үшін маңызды оқиға екенін айтты.

«Мен бұл мешіттің тасын президенттік өкілеттігімнен бас тартудан бір күн бұрын қойдым. Мұсылман ретінде мен мешіт салуға бастамашылық етуді қасиетті борышым деп санадым. Бұл мешіт әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі. Мешіт жеке инвесторлардың қолдауымен бой көтерді. Құрылысқа ел бюджетінен қаражат алынған жоқ», — деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Назарбаев жаңа мешіт пен оған іргелес саябақ елорданың туристерді қызықтыратын жаңа орнына айналатынын атап өтті.

«Барша қазақстандықтарды осы маңызды оқиғамен – елордамызда мешіттің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын», — деді Назарбаев.

Жаңа мешіт туралы не білгілі

Жаңа мешіт әлемдегі ең үлкен мешіттердің біріне айналды. Оның құрылысына үш жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған.

Мешіт орналасқан жер телімінің ауданы 10 гектарды құрайды. Жалпы ауданы 68 ​​062 шаршы метрге жетеді. Үлкен күмбездің биіктігі 83,2 метр, диаметрі 62 метр. Мешітте төрт мұнара бар. Мұнаралардың биіктігі 130 метр.

Сонымен қатар, мешіттің жерасты қабатында 440 орынға арналған банкет залы, 405 орынға арналған жабық автотұрақ, вестибюль, дәретхана, техникалық және діни қызмет көрсететін орын, құрбандық шалатын орын және басқа да үй-жайлар бар.

Бірінші және екінші қабаттарда намаз оқитын орыннан бөлек оқу сыныптары, мәжіліс залы, неке залы, Құран оқу залы, телестудия, кеңселер, қызметтік бөлмелер, дүкендер, музей және техникалық бөлмелер бар.

Мешіттің жалпы сыйымдылығы 235 000 адамды құрайды, яғни осынша адам қатарға тұрып, бір уақытта намаз оқи алады.

Ғимараттың ашық алаңында шамамен 200 000 адам жайғаса алады. Залдарда бір мезгілде 30 000 ер адам мен 5 000 әйел намаз оқи алады.

Мешіттің сыйымдылығы бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық бас мешіт әлемдегі ең үлкен 10 мешіттің қатарына кіреді.

 

Другие новости

Back to top button