Госорганы
Мыңнан астам адам алданды: Innova Gold қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Innova Gold қаржы пирамидасын ұйымдастырғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Агенттіктің хабарлауынша, салымшылардың жалпы саны 1300-ден асқан.
Қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталып жатыр. Ұйымдастырушыға қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Ведомство өкілдері «Innova Gold» қаржы пирамидасынан зардап шеккендер болса, Агенттіктің сенім телефонына немесе аумақтық департаменттерге хабарласуға шақырды