Госорганы

Киікті атудан басқа амал қалмады ма? — Экология министрінің жауабы

Киік санын реттеу тәсілін әлі таңдалған жоқ. Үкімет кулуарында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев осылай деп мәлім етті , деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік бұған дейін біз министрліктің бірнеше тәсілді қарастарып жатқанын айтқан едік.

Ведомство басшысы:

Мәселе бойынша нақты шешім қабылданған жоқ. Біраз ұсыныста киіктерді атпай-ақ басқа жерлерге көшіру ұсынылған. Алайда бұл әдісті ғылыми қауымдастық тиімсіз де санады. Өйткені оларды жаппай көшіргенде өлу қаупі жоғары болады. Сол себепті бұл әдіс қабылданбады, — деп түсіндірген еді.

Сонымен қатар Брекешев оларды көшіру мәселесінде де қиындықтар туындайтыныны атап өтті.

Сондай-ақ Экология министрі қасқыр санын көбейту тәсілі неге тиімсіз екенін айтты.

Қасқырды «орман санитары» деуге болады. Ол әлсіз, ауру жануарларды тартып жеп, популяция құрамын жақсартып, киік санын керісінше көбейтіп жіберуі мүмкін, — деді Брекешев.

Оның айтуынша, нақты шешім қазан айының соңына қарай қабылданады.

Ақылы аң аулау тәсілі. 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін аң аулауға тыйым салынғаны белгілі. Біз осы сұрақты қазір қарап жатырмыз, шешімін қазанның соңына дейін айтамыз, — деді министр.

Другие новости

Back to top button