Госорганы

Жыл басынан бері 12 мыңға жуық жұмыскердің құқығы қорғалды – Еңбекмин

Қабылданған шаралар нәтижесінде оларға ала алмай жүрген 2 млрд 850 млн теңге жалақысы төленген

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 568 кәсіпорнында 14,2 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 223,9 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 505 нұсқама беріліп, 85,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 2 млрд 850 млн теңге төленді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі жалақы

 

Другие новости

Back to top button