Жетысуская область

Жетісу облысында білім бөлімі оқушыға мектеп формасы ретінде үлкен кісінің киімі берген

Білім бөлімі аталған мәселеге қатысты ресми жауаптың бүгін жарияланатынын айтты

Әлеуметтік желіде Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Нұрым ауылының оқушысына берілген мектеп формасының видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кадрда оқушының анасы білім бөлімінің балаға берген мектеп формасын көрсеткен. Оқушының үстіндегі киімі үлкен кісіге арналғаны анық байқалады.

«Бөлімнің берген киімі осы. Өлшемін 34-36 деп өзіміз бергенбіз. Құрметті министр мырза, сіздердің 38 мың теңгеге берген киім осы. Оқушы мына киіммен мектепке қалай барады? Бұл киімді Кербұлақ ауданының білім бөлімі берді», — дейді әйел.

Өз кезегінде Жетісу облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімі аталған мәселеге қатысты ресми жауаптың бүгін жарияланатынын айтты.

Еске сала кетейік, жуырда ғана Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бұдан былай осал отбасы балаларына берілетін материалдық көмек ата-ананың есепшотына түсетінін мәлімдеді. Сондай-ақ егер бұрын бір балаға бөлінетін қаржы әр өңірде әрқалай, 17 мыңнан 40 мыңға дейін болса, биыл оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни 37 389 теңгеден аз болмауы керек.

Другие новости

Back to top button