Госорганы

Жақын арада аудан әкімдерінің сайлауы өткізіледі – Ерлан Қарин

Бір жыл бұрын Қазақстанда ауыл әкімдерін тікелей сайлау тетігі жұмыс істей бастады

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин елімізде әкімдерді сайлауға байланысты реформалардың қалай жүзеге асып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бір жыл бұрын Қазақстанда ауыл әкімдерін тікелей сайлау тетігі жұмыс істей бастады. Өткен жылдың шілде айынан бастап 1093 ауылдық елдімекеннің басшылары сайланды. Олардың 215-і — өзін-өзі ұсынса, 116-сы қайта сайланған бұрынғы басшы әйелдер», — деп атап өтті Ерлан Қарин өзінің Telegram-каналында.

Айта кету керек, ауыл әкімдерінің корпусы 55,6%-ға жаңартылды, яғни олар —  608 ауылдың жаңа басшылары.

«Олардың басым бөлігі бұрын-соңды мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Ауыл тұрғындарының қолдауына мұғалімдер, дәрігерлер, бизнесмендер, жергілікті кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшылары ие болды. Жаңа әкімдердің басым бөлігі Маңғыстау – 77,8% (18-ден 14), Қарағанды – 77,2% (79-дан 61) және Жамбыл-71% (72-ден 51) облыстарынан сайланды», — деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесші осы жексенбі, 31 шілдеде 27 ауылдық округте сайлау өтетінін, ал жыл соңына дейін тағы 214 ауыл басшысы сайланатынын мәлім етті.

«2023 және 2024 жылдарға 1037 ауылдық округтерде сайлау жоспарланған. Жақын арада аудан әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, жаңа конституциялық реформаға сәйкес, облыс әкімдері бүгін өңірлік мәслихаттар депутаттарының дауыс беру нәтижелері бойынша тағайындалады. Осылайша, елдің саяси жүйесі дәйекті түрде өзгеруде, демократияның жаңа құралдары мемлекеттік басқаруға енгізіліп жатыр», — деді Е. Қарин.

 

Другие новости

Back to top button