Госорганы

Ерлан Қарин Президенттің былтырғы Жолдауындағы бастамалар қалай жүзеге асып жатқанын айтты

Мемлекеттік кеңесші ертеңгі Жолдауда қандай мәселелер қамтылатынына тоқталды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мемлекет басшысының ертеңгі Қазақстан халқына арнап жариялайтын кезекті Жолдауында еліміздің алдағы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары айқындалатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мемлекеттік кеңесші Telegram-арнасында Президенттің «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел игілігінің берік іргетасы» 2021 жылғы Жолдауын жүзеге асырудың аралық қорытындыларына тоқталды.

«Барлық жұмыстар іс жүзінде, Жалпыұлттық жоспар аясында жүргізіліп жатыр. Ол 103 бөлімнен тұрады, олардың басым бөлігі орындалды, қалғанының орындалуы Президент Әкімшілігінің бақылауына алынған.

Маңызды әлеуметтік бастамалардың ішінде 2025 жылға дейінгі мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының (мәдениет ұйымдары, мұрай ғаттар, оның ішінде техникалық қызметкерлер және т.б. қызметкерлері) жалақысын орташа есеппен 20%-ға кезең-кезеңімен арттыру екенін атап өту қажет», — деп жазды Ерлан Қарин.

Ол сондай-ақ, заңнамаға ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге деп бекіту және оны салық, әлеуметтік және басқа салалардағы есептік көрсеткіш ретінде алып тастау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін еске салды.

«2025 жылдың соңына дейін кемінде 1000 мектеп салу жөніндегі Жол картасы бекітілді. Тұрғын үй мәселесін шешу үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Отбасы банкі» арқылы жалпы сомасы 230 миллиард теңгеге жуық 20 мыңнан астам жеңілдетілген несие берілді», — деді Е. Қарин.

Мемлекеттік кеңесші ұлт денсаулығын жақсарту бағытында нақты қадамдар жасалғанын да алға тартты. Атап айтқанда, «Биологиялық қауіпсіздік туралы» Заң күшіне еніп, тұрғындарға ДДҰ-да тіркелген коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

«Саяси жаңғырту мен адам құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстары толығымен дерлік жүзеге асырылды. Адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайту және заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін прокурорлардың аса ауыр санаттағы қылмыстық істер бойынша айыптау қорытындысын дайындау бөлігінде құзыреті кеңейтілді. Өкілетті органдар алаяқтықпен және пирамидалық әрекеттермен күресу бойынша 2022 жылға арналған бірлескен шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр.

Заң шығару жұмыстарының шеңберінде білім беру саласында, стрестік активтер нарығын дамыту туралы және т.б. заңдар қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспары, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілді. Бұл Президенттің 2021 жылғы Жолдауы аясында жариялаған жүзеге асырылған елеулі бастамаларының аз ғана бөлігі. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», — деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңсшінің айтуынша, жалпы, Мемлекет басшысы алға қойған барлық бастамалар дәйекті түрде жүзеге асып, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және еліміздің тұрақты дамуына тікелей әсер ететінін атап өткен жөн. Осылайша, жүзеге асырылған бастамалар одан әрі реформаларға негіз болады.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Тікелей эфир сағат 11:00-де басталады.

 

Другие новости

Back to top button