Госорганы

Екібастұзда қабірлерді тонаған жас жігіт ұсталды

Екібастұз қаласында қабірлердің тонаумен айналысқан жас жігіт ұсталды.

Ол темір қоршауларды металл қабылдау бекетіне тапсырып, пайда тауып жүрген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Павлодар облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицейлер қала сыртындағы жолдарды патрульдеу кезінде «ВАЗ» маркалы көлікті тоқтатқан. Рөлде 23 жастағы қала тұрғыны болған. Көліктің жүксалғышынан металл қоршаулар тәркіленді.

Көлік жүргізуші темір қоршауды зираттан ұрлағанын мойындады. Оны металл қабылдау пунктіне тапсырып, ақша тапқысы келген.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Другие новости

Back to top button