Госорганы

Екі қала сумен 100% қамтамасыз етілді — Қайырбек Өскенбаев

Өткен жылы 18,4 млн адам сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында айтты.

Оның айтуынша, министрлік «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының шеңберінде 4 негізгі міндет бойынша 14 көрсеткішке, 88 іс-шараны іске асыруға жауапты.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша, сумен жабдықтау қызметтерімен 18,4 млн адам қамтамысыз етілді. Бұл межеленген саннан артық. Атырау және Қызылорда қалалары сумен 100% қамтамасыз етілді. Қалаларда сарқынды суларды тазарту деңгейі жоспарланған 74,9%-дан 75,7%-ды құрады», — деді Қ. Өскенбаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Үйге ортақ жылу және су есептегіш құралдарымен қамтамасыз ету деңгейі, сондай-ақ тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоспарлы көрсеткіштер де толық орындалған.

«Республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының нормативті жай-күйдегі үлесі тиісінше 90% және 80%-ды құрады. Бұл ретте Маңғыстау және Жамбыл облыстарында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі оң нәтижеге жетіп, 95%-ды құрайтынын атап өту қажет. Алайда пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан жолаушылар вагондарының үлесі жоспарлы 42,7%-дан 40,9%-ға дейін, техникалық флоттың тозуы 68%-ға дейін төмендеді», — деді Индустрия министрі.

Другие новости

Back to top button