Госорганы

Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдан Баянауылға чартерлік рейстер ашу жоспарлануда

Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдан Баянауылға чартерлік рейстер жоспарлануда Pavlodarnews.kz.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, демалыс үйлерінің иелеріне сыйымдылығы 9 адамдық Ан-2 ұшағымен Нұр-Сұлтан – Баянауыл және Қарағанды – Баянауыл бағыттарында чартерлік рейстерді орындау мүмкіндігі ұсынылды.

«Демалыс үйлерінің иелері бұл мәселеге үлкен қызығушылық танытты. Алдағы уақытта Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдан Баянауылға аптасына үш рет, қыста аптасына бір рет тұрақты рейстер жоспарланып отыр», — дейді басқармада.

Қалааралық рейстерден басқа, бүгінгі таңда Баянауылдың үстімен екі-тоғыз орындық ұшақтармен немесе тікұшақпен ұзақтығы 15-20 минуттық экскурсиялар ұйымдастыруға болады.

Бұл экскурсиялардың құны бір адамға шамамен 30-40 мың теңгені құрайды.

Другие новости

Back to top button