Социум

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда бұршақ жаууы ықтимал

Синоптиктер 22 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Ауқымды солтүстік-батыс антициклонмен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында фронталды аймақ әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда бұршақ жаууы ықтимал», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте, солтүстік-батыста тұман, түнде шығыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік сақталады. Күндіз оңтүстік – батыста шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Түркістан облыстарының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Другие новости

Back to top button