ГлавноеГосорганы

Болат Назарбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны расталды – БАҚ

Оның үстінен рейдерлік әрекет жасады деп шағымданған

Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны расталды деп хабарлайды ҚазТАГ.

«17 маусымда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен ҚР Қылмыстық кодексінің 249-бабының 1-тармағымен («рейдерлік») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген прокуратураның ҚазТАГ тілшісінің сауалына берген жауабында.

Бұған дейін журналист Михаил Козачков Болат Назарбаев пен Майра Құрманғалиеваның үстінен қозғалған қылмыстық іс туралы өзінің Telegram-каналында жазған болатын. Оның айтуынша, Тұңғыш президенттің інісі мен экс-келініне Нұршы Кәкенова есімді кәсіпкер әйел шағымданған.

Другие новости

Back to top button