Госорганы

Биыл мал азығын дайындау жұмыстары үшін ауа райы қолайлы болып тұр – министр

2022 жылы мал азығы дақылдарының егіс көлемі 448,1 мың га немесе 3,7 млн га ұлғайтылды

Бүгінгі Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биылғы мал азығын дайындау науқанына қатысты болжамын айтты.

«Өткен жылдан бері азық-түлікпен қамтамасыз ету және жедел әрекет ету мәселелерін шешуді үйлестіру үшін Республикалық жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін Үкімет бірқатар жедел және жүйелі шара қабылдады. Атап айтқанда, 2022 жылғы 31 қаңтарда ҚР Үкіметінің Маңғыстау облысына резервінен ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын ұстауға жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге 663,9 млн теңге бөлінді. 2022 жылға облыс әкімдіктері жем сатып алу құнын төмендетуді субсидиялауға 11,5 млрд теңге бөлді», — деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

Министр 2022 жылғы сәуірде Республикалық бюджет комиссиясының отырысында Азық-түлік корпорациясының жарғылық капиталын 200 мың тоннаға азықтық астық сатып алуға ұлғайтуға 20 млрд теңге бөлу мақұлданғанына тоқталды. Осыған орай мал шаруашылығын жем-шөппен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы мал азығы дақылдарының егіс көлемі 448,1 мың га немесе 3,7 млн га ұлғайтылды.

«Жалпы, 2022 жылы облыстардың басым бөлігінде қолайлы ауа райы сақталады, бұл мал азығын дайындау науқанының сәтті өтуіне ықпал етеді», — деді Е. Қарашөкеев.

Биыл мал азығын дайындау жұмыстары үшін ауа райы қолайлы дегенмен, Маңғыстау және Атырау облыстары графиктен кешігіп келеді. Осы орайда Үкімет басшысы бұл өңірлер Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, жұмыс қарқынын күшейтуі керек екенін ескертті.

«Егін орағына дайындық мәселесіне келсек, Үкімет қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараны қабылдады. Енді тек жұмыс істеу ғана қалып тұр. Биылғы жылы болжам бойынша астықтың түсімі орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болуы керек», — деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.

 

Другие новости

Back to top button