Госорганы

Биыл 240 МВт қосымша электр қуаты іске қосылады — министр

Биыл 240 МВт қосымша электр қуаты іске қосылады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.

«Электр энергиясы қуаттарын іске қосуды және Біртұтас электр энергетикасы жүйесінің Оңтүстік және Батыс аймақтарындағы электр желілерін күшейту жөніндегі жобаларды уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Бүгінгі таңда 340 МВт электр қуаты іске қосылды. Осы жылдың соңына дейін қосымша 240 МВт электр қуатын енгізу жоспарлануда», — деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Болат Ақшолақтың айтуынша, ұлттық электр желісін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде Батыс энергия аймағының электр желілерін күшейту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынған. Жұмыстар келер жылы аяқталады.

«Сонымен қатар Оңтүстік энергия аймағының электр желілерін күшейту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірленгеннен кейін жобаны іске асырудың параметрлері мен мерзімдері айқындалатын болады», — деді ол.

Другие новости

Back to top button