Госорганы

Бір аптада азық-түлік бағасын негізсіз көтерген 734 дүкен анықталды

Қымбатшылықты қолдан жасаған аймақтардың ішінде елорда көш бастап тұр

Бір аптада ел бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз көтерген 734 дерек тіркелді. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, бұл елдің әр аймағында 40 мың сауда орнына  жүргізілген рейдтен кейін белгілі болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қымбатшылықты қолдан жасаған аймақтардың ішінде елорда көш бастап тұр. Нұр-Сұлтанда 278 дүкен тауар құнын шектен тыс өсірген. Шығыс Қазақстан облысында — 80, Түркістан облысында — 38, Жетісу облысында — 30 дүкен тауарға үстеме төлем қосқан.

«Әрбір өңірде мобильдік топтар дүкендерді аралаған болатын. Оның ішінде 700-ден аса құқық бұзушылық тіркелді. Негізінен құқық бұзушылықтар көкөністерге, күнбағыс майына және қарақұмық жармасына бағасына қатысты тіркелген болатын. Қазіргі таңда моблиьді топтар тексеріс барысында кәсіпкерлерге түсіндірме жұмысын жүргізеді. Кейін оны қайталаса айыппұл қарастырылған», – деді  ҚР Сауда және интеграция министрлігі бақылау басқармасының сарапшысы Нұрәлислам Ғалымжанұлы .

Өңірлердегі мониторинг нәтижесінде, соңғы аптада 40,3 мың дүкенге рейд жүргізілген. Соның негізінде азық-түлік бағасын себепсіз көтерген 734 дүкеннен анықталыпты. Құзырлы органдар ішкі сауда субъектілеріне қатысты ескерту түрінде 126 әкімшілік хаттама толтырды.

«Мобильді топтар әр апта сайын шығып отырады. Олар үлкен қалаларда аудан — аудандарға бөлінген. Айта кету керек, Ұлытау облысында 1 апта ішіндегі қорытынды бойынша бағаны негізсіз көтерген фактілер ең аз анықталғаны. Онда 6 жағдай тіркелді», – деді ҚР Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің бақылау басқармасының басшысы Олжас Әділбеков.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, мониториг жұмысы әлі де жалғасады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына қосылған үстеме тиісті пайыздан асса, онда 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынбақ.

 

Другие новости

Back to top button