ГлавноеГосорганы

Ауыл шаруашылығы министрлігі үш мегаполиске қосымша қант жіберу туралы шешім қабылдады

Қант қат болған соң тосап қайнатып жатқандар биыл аз. Сондықтан жеміс-жидектің де саудасы қызбай тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қанттың құны биыл екі есе өсті. Қазір оның бір келісі 740 теңгеден сатылуда. Ал халық тәулігіне орташа есеппен 650 тонна құмшекер тұтынады, деп жазады Астана телеарнасы.

Қоғамдық тамақтандыру қауымдастығының мәліметінше, қазір барлық күш шағын бизнеске көмектесуге бағытталған. Елімізде 10 мыңға жуық қоғамдық тамақтану орны банкрот болудың алдында тұр.

Қанттың шамамен 60-70% мәзірге қосымша консервант ретінде қосылады. Тәтті тоқаш, кондитерлік өнімдердің барлығына қажет. Қарапайым, қамыр дұрыс көтерілу үшін де қант қосамыз. Құны 30-35 процентке өсіп жатса түсінуге болады. Індетке дейін әрі кетсе 35-40 процент шамасында болады. Қазір 60 пайызға өзгеріп отыр.Вероника Нұрпейісова, ҚР қоғамдық тамақтану қауымдастығы басқарма төрағасының кеңесшісі

Ауыл шаруашылығы министрлігі республикадағы үш мегаполиске қосымша қант жіберу туралы шешім қабылдады. Осы қалалардағы шағын бизнес өкілдері қанттың қажетті көлемін ала алады. Сондай-ақ Қауымдастық басқа қалалар бойынша тізім жасап, қажеттілікті есептейді. Бұл орайда Қауымдастық пен әкімдіктер қантты беру алгоритмін әзірлемек.

 

 

Другие новости

Back to top button