Атырауская область

Атырауда ер адам көпірден секірмек болды

Жедел басқару орталығының қызметкерлері жақын маңдағы полиция бригадаларына дереу оқиға орнына жетіп, қайғылы жағдайдың алдын алуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды.

21 тамыз күні сағат 02:45 шамасында 102 операторына «Жұмыскер – Балықшы» көпірінен белгісіз біреудің суға секірмек болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жақын жерде болған «Батыс-24» экипажының мүшелері, полиция аға лейтенанты Темірлан Сахиполлаев пен полиция капитаны Дамир Аманов келіп, көпірден секірмек болған 1989 жылы туған жергілікті тұрғынды анықтады.

Төрт минуттың ішінде полицейлер ер адамды секірмеуге көндірді. Кейіннен ер адамның жеңіл дәрежелі алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды.

 

Другие новости

Back to top button